kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тауда ?скен тарлан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды М??а?али Ма?атаевты? поэзиясымен таныстыру. М??а?али ?ле?деріні? ма?ынасын т?сінуге, жат?а айту?а да?дыландыру.

А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаевты? ту?ан к?ніне орай ?ткізгелі отыр?ан кешімізге ?ош келді?іздер!

«Поэзияны? атасы» атан?ан а?ынны? ?міріне ?ыс?аша то?талып ?ткеніміз ж?н болар.

А?ын 1931 жылды? 9-а?панында Алматы облысыны? Нарын?ол ауданына ?арасты ?арасаз ауылында д?ниеге келген. Азан ша?ырып ?ой?ан есімі М?хамет?али. ?жесі еркелетіп ?рі ?ыс?артып М??а?али атап кетіпті. ?кесі С?леймен ?лы Отан со?ысыны? Калининград шай?асында 29 жасында ерлікпен ?аза табады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тауда ?скен тарлан »

Тауда өскен тарлан

Мақсаты: Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың поэзиясымен таныстыру. Мұқағали өлеңдерінің мағынасын түсінуге, жатқа айтуға дағдыландыру.

Көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, малшы үйі, Аққайыңдар, Техникалық құралдар, нақыл сөздер.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум арда қазақ!

2-жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізгелі отырған кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Ақын, драматург, аудармашы, прозашы-М Мақатаевтың туылған күніне арнап шашу шашсақ деп едік. Ендеше «Шашу» биімен ортаға биші қыздымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!












1-жүргізуші: «Поэзияның атасы» атанған ақынның өміріне қысқаша тоқталып өткеніміз жөн болар.

2-жүргізуші: Иә, ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысының Нарынқол ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Мұхаметқали. Әжесі еркелетіп әрі қысқартып Мұқағали атап кетіпті. Әкесі Сүлеймен Ұлы Отан соғысының Калининград шайқасында 29 жасында ерлікпен қаза табады.

1-жүргізуші: Әкесі майданға аттанғанда Мұқағали небәрі 10 жаста болған. Балалық шағы соғыс жылдарына тап келіп қиындықты көп көрген Мұқағали ерте есейеді. 1948 жылы орта мектепті үздік бітіріп Қазақ Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, тұмыстың қиындығынан ол оқуын аяқтай алмайды.

2-жүргізуші: Мұқағали өзінің жары Лашынды (Ләсима) Шибұт ауылына қарасты мектенде ұстаздық қызмет атқарып жүрген жерінен кездестірген. 1949 жылдың көктемінде екеуі бас қосып жеке отау тігеді.

1-жүргізуші: Зер салып қарағанда кісіге әрбір өлеңі сағыныш пен сезімнен тұратын сыршыл ақынның «Құмған алған» өлеңіне ән жазған Мұратқан Егінбаев осы әнді шығарған кезде 9-сыныптың оқушысы екен.

2-жүргізуші: Сол кездегі бала Мұратқанды ән әлеміне жетелеген «Құмған алған» әнін Сыдықжан Айзағидың орындауында қабыл алыңыздар













1-жүргізуші: Иә, Нұрғазы ақынның өзі жырлағандай «Қазақ радиосында» диктор болып қызмет атқарған кезіндегі алтын қорда сақталған қоңыр үні ұрпағы үшін ескерткіш боп қалған жоқ па?

2-жүргізуші: Дәл айтып отырсың Гүлзира. Енді орайы келіп тұрған осы сәтте Мұқағали ақынның өз даусымен оқыған өлеңдеріне кезек берсек.(Алтын қордан ақын дауысы беріледі)

1-жүргізуші: Сіздер, ақын өлеңдерін өз оқуында тыңдадыңыздар. Ендігі кезекте оқушылардың орындауына құлақ түріңіздер.

«Шеше сен бақыттысың» оқитын Тұрсын Жұбаныш.

«Бақыт» оқитын Асылбек Ұлмекен.

2-жүргізуші: Кездеседі кей-кейде босаң қайғы,

Кеспек болып алдымды шошаңдайды.

Кездестірер кейде бір осал жайды,

Кезі-кезі келгенде дос алдайды,

Көңіл сонда құлазып, босаңдайды.















Көрініс «Мұқағали мен полиция қызметкері»

1-жүргізуші: Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылғам,

Айналайын Қарасаз,

Қасиетіңнен суыңнан

2-жүргізуші: Қарасазым!

Айтылмаған сезім –ең,

Мен іздеген бақыттың сен өзі ме ең?

Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,

Кім құмартса, өзі көрсін көзімен.

1-жүргізуші: Олай болса, Рахымғали Гауһар мен Омарбек Алуаның орындауында «Қарасазым» әнін тыңдаңыздар.















2-жүргізуші: Жүрегің ғашық еді азат таңға,

Азаттың жол ашады ғажаптарға.

Жыр болып дауылдаған Мұқағали,

Сөйлейсің туған елің қазақ барда!

«Жоқ, дәрігер» оқитын Рамазанова Ақмарал

«Поэзия» оқитын Махаметов Нұршат.













1-жүргізуші: Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас, рас көзімізден жас ақты,

Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар,

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты-деп қырқыншы жылдың ауыртпалығын еске алады ақын бір өлеңінде. Ақынның сол жылдардың куәгері болған қариямен кездесуі.

Көрініс «Мұқағали мен қария» тамашалаңыздар.















2-жүргізуші :Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені.

Көрмейсің ғой кереметті мендегі.

Түсінсеңші, сарсаң болған пендені.мұзбалағы

Түсінсеңші, ақыл-ойың кембе еді?

«Махаббат диалогымен» Салтанат пен Мейрамбекті қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші: «Хантәңірінің » мұзбалағы атанған ақиық ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тамашалаңыздар.









2-жүргізуші: «Мұқағали нені жырласа да, жүрегіңе жеткізе, құлақ құрышын қандыра, жанды тербете жырлайды»-деп сазгер Нұрғиса атамыз айтқандай тағы да ақынның өлеңіне кезек берейік.

«Бар екен ғой жақсы адамдар»оқитын Нұрғали Нұрғазы.

1-жүргізуші: Мектебің класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың-деп жырлаған ағаның

«Мектебім» әнімен ортаға Рамазанова Ақмаралды шақырайық.

2-жүргізуші: Ақын кетіп барады к-шеменен.

Екпінінен бір дауыл еседі ерен.

Жанарында найзағай семсер сілтеп,

Кеудесінде қара бұлт көшеді өлең.

Біреулердің бетке айтып арамдығын,

Біреулердің бетке айтып сараңдығын.

Қызуына көңілдің зарықты ма,

Қызығынан өмірдің жалықты ма?

«Мұқағали мен хатшы қыз» көрінісі.















1-жүргізуші: Мен ғашықпын жырларына ағаның,

Оқығанда жанға бақыт табамын.

Ұлы таудай ұлы ақынның өлеңін,

Болашаққа жеткізейік ағайын.

«Болашаққа» оқитын Сраждинов Ділшат.

2-жүргізуші: «Үш бақытым» оқитын Дүйсенғазы Ақжол.

1-жүргізуші: Дін ғылымның –әкесі,

Ғылым-діннің баласы.

Ғылымда бар, дінде бар,

Қоқыс та бар, гүл де бар,

Адам ата өлмесін,

Ақырзаман келмесін.

Қол қусырып құдайға,

Ғылым мен дін бірге бар!-деп жырлаған дінді насихаттаушы Мұқағалидың сөзіне жазылған «Жарығым-ай» әніне қойылған бальдық би.










2-жүргізуші: Қаз бауыр бұлттар аспанда мамырлаған,

Қарасаз, қара шалғын шабылмаған,

Қайда жүр, сылқым жеңгем, сабырлы ағам?

Қайран жұрт, қазір бәрі сағым маған

Барасың алыс болып, ауыл, маған.

Дүйсен Салтанаттың орындауында «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Мұқағали ақын «Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын» деп жазған екен. Ақынның айтқаны айдай келді, оның өміршең өлеңдерін ұрпақтары құрдасындай қабылдады. Сөз кезегі ұрпақтарында.

«Күрсінбеші» оқитын Омарбек Алуа.

«Шын ғашықпын» оқитын Әбимолда Инабат.











2-жүргізуші: Арулар-аяулылар,ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар тіршілікке күре тамыр,

Өмірдің бір-біріне жалғап тұрар-дей келе биші аруларымыздың орындауындаақынның сөзіне жазылған «Наурыз думан» әніне қойылған би.













1-жүргізуші: Тұрғызбастан тұмшалап қаралықты,

Жердің бетін ақ ұлпа қар алыпты.

Кеше біздер жылатып тастап кеткен,

Ойнатып жүр сәбилер балалықты-деп жастық шағын сағына суреттеген Мұқағали атаның өлеңдерін тұмардай етіп тағынатын бүгінгі ұрпақтарына кезек берсек.

«Жырласам ба екен» оқитын Рахымғали Гауһар.

«Бақ пен сор» оқитын Тоқтасын талшын.










Мұқағали Мақатаев туралы слайд көрсету.

2-жүргізуші: Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы

Әлі талай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның,

Өлген күні болған емес, болмайды.

Ұрпағымен мәңгі бірге жасай беретін тарлан ақын атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Тауда өскен тарлан» атты әдеби-сазды кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.











1-жүргізуші: Әрбір арайлап атқан таң, қызарып батқан күн барша қазақстандықтарға қуаныш, бақыт силасын.



Пайдаланған әдебиеттер

1. Жырлайды жүрек М. Мақатаев

2. Аққулар ұйықтағанда. М.Мақатаев

3. Мұқағали журналы әр жылдардан.

4. Видео, слайдтар





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тауда ?скен тарлан

Автор: Чорганова Куляш Нурсапановна

Дата: 21.08.2015

Номер свидетельства: 226254

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Алтай  тауы"
    ["seo_title"] => string(10) "altaitauy2"
    ["file_id"] => string(6) "315035"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459823920"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Махамбет шы?армашылы?ы"
    ["seo_title"] => string(28) "makhambiet-shyg-armashylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "312188"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459317521"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства