Қолдарында жалаушалары бар оқушылар «Атамекен» әнінің әуенімен ортаға шығады.
1-оқушы
Біз, жалындағын, арындаған жастармыз,
Тілді үгіттеу жұмыстарын бастармыз.
2-оқушы
Жаңалыққа жаны құмар жастармыз
Елбасының салиқалы саясатын қостаймыз.
3-оқушы
Көк бөрідей жүректі қайраттымыз,
Жігерлі де білімді айбаттымыз.
4-оқушы
Мақсатымыз – үгіт жұмысын ел ішіне тарату,
Тілді сақтап, келешектің керегіне жарату.
Бәрі (хормен)
Армысыздар! Біз ана тілімізді насихаттауға келген тіл жанашырларымыз!
5-оқушы
Сұңқардай біз қалықтаймыз,
Үгіт жүргізуден еш жалықпаймыз.
6-оқушы
Асау тұлпар желдей ескен арынды
Тілімізді дәріптеуге аянбай сал барыңды.
7-оқушы
Сақтар болсаң халайық тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа.
8-оқушы
Қазақ тілі – жүректегі қанымыз,
Қазақ тілі – ауыздағы нәріміз.
9-оқушы
Дұрыс сөйле шала қазақ атанба,
Өз тіліңде сөйлеп өткен атаң да.
10-оқушы
Бабалардан қалған асыл сөз,
Есіңде мәңгі жүрсін кез.
11-оқушы
Кісілерге мирас баба сөзі ғой,
Баба сөзі – ұқсаң құттың көзі ғой.
Асан қайғы «Таза мінсіз асыл тас» әні, орындайтын 10а-сынып оқушысы Гатунок Алина
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады,
Су түбінде жатқан тас
Жел толқынса шығады.
12-оқушы
Елбасы белгілеп берген «Қазақстан-2050 стратегиясы» - ұлттың ұлы бағдары.
13-оқушы
«Мәңгілік Ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізген тұғырлы идея.
14-оқушы
«Мәңгілік Ел» ұғымы ұлтты ұйыстырып, болашаққа бет алған бағдарымыздың дұрыстығына кепіл бола алады.
15-оқушы
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы ете білген жөн», -деген Елбасы сөзі «елім», деген әрбір азаматтың көкейінде тоқылса, бірлігіміз беки түспек.
16-оқушы
Қазақ тілі – ортақ құндылығымыз.
17-оқушы
Қазақ тілі – ұлт тірегі.
18-оқушы
Қазақ тілі – мемлекетімізде өмір сүретін ұлттар мен ұлыстар ұйытқысының кепілі.
19-оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген жоқ па? Ендеше тілімізді өгейсітпейік!
20-оқушы
Қазақстан Мәңгілік Ел боп қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.
«Жаса, қазақ тілім» әні, орындайтын: 11а-сынып оқушысы Кеңесов Өркен
21-оқушы
Дәулет деген ұғыңдар!
Кеше болса, бүгін жоқ,
Тілің болса, күнің бар,
Тіл болмаса түгің жоқ!
22-оқушы
Тілсіз келген білімнің
Түбі нағыз қиғылық.
Абыройын тілімнің
Көтеремін ту қылып.
23-оқушы
Тілдің туы ешқашан қисаймасын! Өйткені қазақ тілі бүкіл Әлем бас иген, өлмейтұғын артына сөз қалдырған Абайдың тілі емес пе?
24-оқушы
Ата-бабаларымыздың аманаты тілімізді ардақтап, оның тазалығын сақтап, тілідң туын жоғары көтерейік!