Просмотр содержимого документа
«Тіл кемістігінің пайда болу себептері»
Тіл кемістігінің пайда болу себептері.
Бала 4-5 жаста ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Бірақ мектеп жасындағы балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, алмастырып, шатастырып айту жиі кездеседі. Әсіресе жиі бұзылатын дыбыстар: с,з,ш,ж,р,л,н,ң дыбыстары. «Есейгесін өзі түзеледі»-деп көбіне ата-аналар ондай ақаулықтарға көңіл бөлмейді. Дыбыс айтуындағы кемістіктер баланың оқу, жазу,дағдыларының ,мінез-құлқының қалыптасуына, сабақ үлгіріміне көп әсерін тигізеді. Ондай балалар ұялшақ келеді, көп сөйлемеуге тырысады, сабақта енжарлық танытады, сөйтіп баланың мінез-құлқы өзгереді. Ондай балаларға міндетті түрде көмек көрсету қажет.
Тұқымқуалаушылықтан, әр түрлі ішкі және сыртқы себептерден болған, жылдар бойы қалыптасып, дағдыға айналған тіл кемістіктерін түзету – бұл өте күрделі, әрі ұзақ мерзімді процесс.
Тіл кемістігінің пайда болу себебі?
Баланың тіліндегі ақауға бірнеше фактор әсер етеді:
Әсіресе, анасының жүктілік кезіндегі жағдайы,
тұқымқуалаушылық аурулар,
отбасының әлеуметтік ахуалы,
ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас өте маңызды рөл атқарады.
Стрестік ситуациялар жиі қайталанған сайын жетілу процесі де кешеуілдей береді. Стресс демекші, кейбір отбасыларда бала 1-ге толар-толмастан келесі сәби дүниеге келіп жатады. Ондайларды «тете» дейміз. Әке-шешесінің бүкіл ықыласы сол бауырына ауғанын білген бүлдіршін кішігірім күйзеліске тап болады.
Нәтижесінде томаға-тұйық болып, психикалық дағдарысты бастан кешеді.
Соның кесірінен тіл мүкістігі пайда болады.
Қазіргі күні көп ата-аналар баласын алаңсыз телевизорға телміртіп қояды. Одан қалса – ноутбук пен планшет. Ертелі-кеш соған байланған бала ойыншық атаулымен де ойнамайды. Ал дұрыс сөйлеу үшін ұсақ моториканы дамыту керек. Тілдің анық шығуына қол бұлшықеттері мен саусақтардағы нүктелер ықпал жасайды. Ертеректегі «Ханталапай», «Бес асық», «Шеңбер» секілді ойындар дәл осы ұсақ моториканы жақсы жетілдіретін болған. Бүгінде оның орнына мозаика, түрлі-түсті құрастырғыштар келді. Баланың қолына сүйек ұстатып, мүжітіп қою да тілдің дұрыс дамуына оң әсерін тигізеді.
Жақ сүйектің дұрыс орналаспауы мен тістердің орналасуына да байланысты.
Тіл асты желбезегі қысқа болуы көптеген әріптерді айтуына кедергі жасайды.
Баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі сабақ үлгеріміне тигізетін әсері.
Дыбыстарды бұзып айтады.
Лексикалық сөздік қоры аз.
Грамматикалық құрылымы дұрыс емес.
Байланыстырып сөйлей алмайды,жаза алмайды.
Әріптерді шатастырады.
Дыбыстарды түзету жұмысы кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Дайындық кезеңі.
Дыбыс қою кезеңі.
Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру.
Бір дыбысты ұқсас дыбыстармен алмастырған немесе шатастырған жағдайда ажырату кезеңі.
1 . Дайындық кезеңінде жұмыс бір мезгілде бірнеше бағытта жүргізіледі.Артикуляция мүшелерінің дәл қимылдарын,қолдың ұсақ моторикасы, фонематикалық естуін дамыту, тірек дыбыстар бойынша жұмыс. Бұл артикуляциялық гимнастика арқылы іске асады.
2. Дыбыс қою кезеңінің мақсаты- жеке дыбысты дұрыс, анық айтуға үйрету. Біз суреттегі затпен немесе жануар, құстармен сайкес ететін дыбысқа еліктеу арқылы қажетті дыбысты орнына қоямыз.Мыс:т-тамшы тамады, қ- қаз қаңқылдайды., к-көз көреді, т.с.с. Жапырағы бар суретті бояу үшін /ж дыбысы/ жасыл қарындаш береміз.Жолбарыс суретін бояу үшін/р дыбысы/ қоңыр түсті қарындаш ұсынамыз.
3. Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңінің мақсаты- фразалық сөйлеуінде дұрыс айтқызуға қол жеткізу.
Қойылған дыбыстың буындарда, сөздерде, сөйлемдерде / өлеңдер, жаңылтпаштар,әңгімелер/ сөз тіркестерінде, байланыстырып сөйлеуінде және баланың өзіндік сөйлеуіне енгізу./ Тек өткен материалды бала меңгергенде ғана , жаңа материалға көшуге болады. Кейбір балалар тақпақтарда дыбысты еңгізген соң ақ өзіндік сөйлеуінде оларды дұрыс қолдана бастайды.
4. Дыбысты ажырату кезеңінің мақсаты- балалар шатастырып немесе алмастырып айтатын дыбыстарды ажыратуға үйретіп өзіндік сөйлеу тілінде оларды дұрыс қолдануға дағдыландыру. .
Дыбыстарды басқа дыбыстардан, буындардан бөлу .
а) на-ан, ны-ын, аңа-оңа-ыңа, аң-оң-ең, ін-ін-ын және т.б..