Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту,өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру
Көрнекілігі: Тіл туралы мақал-мәтелдер,2 формат, маркерлер
Мұғалім: Қазақ тілі-өз тілім ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім!
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі,салт-дәстүрі,діні,тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтімен,ана әлдиінен,атаның қасиетті сөздерінен бастау алады десек,бүгінгі өткелі отырған іс-шара осы бастаудығ бір бөлігі іспетті.Олай болса, бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!
Әділқазыларды сайлау
Сайыс шартын таныстыру
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1.Әр топтың аты
2.Әр ойыншының өзін таныстыруы
I кезең
Әріп таңдап,сол әріптен басталатын немесе сол әріп қатысқан сөзі бар мақал-мәтел айту
Топ мүшелері 3 минуттың ішінде грамматикалық сұрақтарға жауап беруі тиіс.
II кезең
1 минут ішінде бір сөзден бірнеше сөз құру (Қазақстан),екі топқа ортақ бір сөз беріледі.
III кезең
Әр топ 30 секунд ішінде сұраққа жауап беруі қажет.
Бірінші топқа: а) Саз аспаптарын атау
ә) Үй жиһаздарын ата
б)Ұлттық тағамдар
Екінші топқа: а) Ақын-жазушылар
ә) Салт-дәстүрлер
б) Ұлттық спорт ойындары
IV кезең
Өлең жолдарын тармақтап шашып беру немесеөлең жолдарын ауыстырып беру
1 минутта өлең жолдарын дұрыс құру керек.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Әділқазылар қорытынды жасағанша екі топ бір-біріне 3 сұрақтан қойып, жауап береді.
Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салып,олар оны орындайды.