Тіл мен ?арым ?атынас біріккенде ?ана сыйласты?, досты?, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді ме?геру елді? бірлігін білдіреді. Сонда мемлекетік тіл - татулы? тірегі болды деп айтамыз. ?азір тілді? та?дырын шешпесек, оны? тізгінін ?олымызды ?стасаса?, еліміз мемлекет бола алмайды, ол ол ма, келешек ?рпа? – бізді? балаларымыз, немерелеріміз тілді білмей ?алады, м??г?рттенеді. Содан барып мемлекетімізді? жа?дайы м?шкіл халге ?шырайды. Ондай к?н елімізде еш?ашан болмасын деп тілейік ??рметті ?стаздар! Тілді ?йрену - ?з ?лты?ды тану.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«" Тілге ??рмет - елге ??рмет " »
«Тілге құрмет – елге құрмет»
№151 ЖББМ Алматы каласы Алатау ауданы
Қазақ тілі мұғалімі Джампейсова Назира Сансызбаевна
Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі. Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. 1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес.
Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекетік тіл - татулық тірегі болды деп айтамыз. Қазір тілдің тағдырын шешпесек, оның тізгінін қолымызды ұстасасақ, еліміз мемлекет бола алмайды, ол ол ма, келешек ұрпақ – біздің балаларымыз, немерелеріміз тілді білмей қалады, мәңгүрттенеді. Содан барып мемлекетіміздің жағдайы мүшкіл халге ұшырайды. Ондай күн елімізде ешқашан болмасын деп тілейік құрметті ұстаздар! Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену арқылы ғана орындалады.Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін.Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады.
Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде ойыма еріксіз Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған.
Қазақстан - әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі» аясында «Тілге құрмет – елге құрмет»-деген атпен салтанатты шара Алматы қаласы Алатау ауданы № 151 ЖББ мектепте өтіп жатыр. Бұл айтулы шараның негізгі мақсаты: мемлекеттік тілді меңгерген қабілетті жас ұрпақты анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, халықтар мәдениеті мен тілін құрметтеу, таза сөйлеу биік мәдениеттілік екендігін ұғындыру еді.
Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтату, қыр-сырын, құдіретін, қуатты күшін тану, бойларына сіңіру мақсатында өткізген мерекелік шараға мекеменің барлық қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік құрамы қатысты. Кішкене болса да тілімізге деген құрметтің іс- шаралары көз қуантып,мақтануға турарлық іс деп білемін. Іске сәт тілге жанашыр ағайын.