kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Тіл –халы?ты? жан,ар-?яты» /Язык- душа,честь,совесть народа/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана тілімізді? мемлекеттік м?ртебеге ие болуы, халы?ты? педагогиканы? асыл ?азынасын пайдалану?а, салт-д?ст?рімізді жетілдіруге м?мкіндік ту?аны ?аза? елі ?шін зор ?уаныш.  Т?рбиені? негізгі ??ралы – тіл, ол ?р ?лтты? тарихи к?рініс белгісі, ?лтты? ой-?рісті ке?ейте т?суге зор м?мкіндік ту?ызады.  Тіл адамдарды? бір-бірімен ?арым ?атынас жасауыны? е? ?ымбат ??ралы. Тіл туралы бір с?йлеммен айтып беру ?те ?иын. Ол к?п ізденуді, ана тіліні? байлы?ын м?дениетті т?рде ме?гере білуді талап етеді.     ?аза? тілі -?аза? хал?ыны?  тілі. ?аза? тілі - ?те бай, с?йлеуге оралымды, тартымды, к?рікті. ?аза? тілі - ?з хал?ымызды? тарихын, т?рмысын, м?дениетін бейнелейді. Елімізді? т?уелсізігі мен тіліміз ?шін 1986 жыл?ы желто?санда ?аншама а?аларымыз, апаларымыз ?ан т?кті. Сол кісілерді? ар?асында тіліміз ?ол?а алынып, ?аза? хал?ыны? тарихында т???ыш рет ж?зеге асырылып жатыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Тіл –халы?ты? жан,ар-?яты» /Язык- душа,честь,совесть народа/»

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Жалимбетова Индира

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев аулы, Ғ.Мұратбаев атындағы№ 91 орта мектеп.


Сыныптан тыс жұмыс 5-6 - сыныптар

Тақырыбы: «Тіл –халықтың жан,ар-ұяты»


Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.

2. Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Сайыстың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Негізгі бөлім.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғаны қазақ елі үшін зор қуаныш. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол әр ұлттың тарихи көрініс белгісі, ұлттық ой-өрісті кеңейте түсуге зор мүмкіндік туғызады. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым қатынас жасауының ең қымбат құралы. Тіл туралы бір сөйлеммен айтып беру өте қиын. Ол көп ізденуді, ана тілінің байлығын мәдениетті түрде меңгере білуді талап етеді. Қазақ тілі -қазақ халқының тілі. Қазақ тілі - өте бай, сөйлеуге оралымды, тартымды, көрікті. Қазақ тілі - өз халқымыздың тарихын, тұрмысын, мәдениетін бейнелейді. Еліміздің тәуелсізігі мен тіліміз үшін 1986 жылғы желтоқсанда қаншама ағаларымыз, апаларымыз қан төкті. Сол кісілердің арқасында тіліміз қолға алынып, қазақ халқының тарихында тұңғыш рет жүзеге асырылып жатыр.

Тіл туралы түйіндер . Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ...

Мұғалім сөзі:

Туған тілім – тірлігімінің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін – деп

Ә.Тәжібаев жырлағандай, тіліміз туралы қаншама ақын жазушылар өз шығармаларына арқау еткен.

Бүгінгі сайысымыз «Тіл-халықтың жаны, ар-ұяты» тақырыбында өтпек. Сайысымыздың мақсаты мынандай :(слайдтан көрсету )

«Зерек»тобы мен «Зерде» топтары арасында жарыс өтеді.


1 Бекет. «Таныстыру»

Әділқазылармен таныстыру (Жауаптарға 10 балға дейін бал беру)

Ойын барысымен таныстыру

2 Бекет «Бәйге» Әр топтың 3 ойыншысы жеке-жеке жауап береді

1. Зымыран сұрақтар

«Зерек» тобы (5сынып) 1. «Дана» сөзінің синонимін айт.

2.Жоғары сөзінің антонимі.

3.Термин сөз дегеніміз не?

4.Шырпы, нән, полат –қандай сөздер? (диалект)

5.Тек қазақ тіліне ғана тән дыбыстар саны қанша? (9)


1. Альфавитте оныншы тұрған қандай әріп? (ж)

2.Көнерген сөздер нешеге бөлінеді? (2)

3.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)

4 Дауыссыз дыбыстар саны қанша? (25)

5. «Өт» сөзінің омонимін айт. (Көпірмен өт, Малдың өті)


1.Араб әліпбиінен латын әрпіне көшкен жыл. (1929 жыл)

2.Кімде? неде? Қай септіктің сұрағы? (Ж.с)

3.Тау басын бұлт басты.Сөйлемнен көп мағыналы сөзді тап.(бас)

4.Ұяң дауыссыздарды ата.( б,в,г,ғ,д,ж,з)

5. «Табу» дегеніміз не?


«Зерде» тобы: (6сынып)

1.Сөз таптарын ата .

2.Күрделі сөздерді ата.

3.Сан есімге мысал келтір 10

4.Сабақты етістік дегеніміз не? (Табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік)
5.Қосымшаның неше түрі бар? 2


1.Үнді дауыссыз дыбыстарды ата. (м,н,ң,л,р,у)

2.Тұрлаулы мүшелерді ата. (Бастауыш баяндауыш)

3. Сан есімнің түрлерін айт.

4. Деректі,дерексіз зат есімдерге мысал келтір.

5.Сөз құрамын ата (Түбір мен қосымша)


1.Етістік деген не? !с-әрекетті, қимылды білдіреді)

2. Тәуелдік жалғауларын айт. (-ым,-ім,-м, -ың, -ің, -ң, -ыңыз,-іңіз, -ңіз, -ы)

3. –лар, лер жалғаудың қай түрі ? (көптік)

4.Оқушысың? не істеліп тұр? (жіктелген)

5.Жұрнақтың қызметі қандай? (Сөздің мағнасын өзгертеді)




ІІI Бекет. «Ғажайып төрттік»

Оң жақ.

30.Күрделі етістігі бар сөйлем айт

20.Әке көрген- ---------

Шеше көрген - --------

10.Жіктік жалғауының 2 жағының жалғауын ата -сің,-сың

40. Тіл туралы конституцияның нешінші бабында айтылған? 7-бабында

Сол жақ.

30.Тіл туралы мақал айт

20.5 сағатта неше минут бар? 300

10.Сөз деген не? Заттың атауы, қимылы, сыны,саны

40. Оқушының құқығы

ІV Бекет . «Тіл өнері»

Топтарға жалпы 3 сұрақ қойылады


1.Ата Заңы қай күні, жылы қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз). 5сынып

2 Тәуелсіздік күні қай күні және қай жылы қабылданды? (1991 жыл 16 желтоқсан).6 сынып

3.ЭКСПО Қазақстанда қай жылы өтеді?

4. а=12 5. Санды дұрыс оқы 5 сынып

в= 6 есе

р-? S-? 6. Санды дұрыс жаз 5/6 сыныптар

7. 30(кв).+ 7 (кв.) =?

8. Тіл туралы мақал жаз (1минутта)

Көрермендерге сұрақ

ҚР Мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков

ҚР Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков Шот-Аман Уәлиханов

ҚР Мемлекеттік әнұранның авторлары Сөз: Ж.Нәжімеденов Н.Назарбаев

Әні: Ш.Қалдаяқов

Ойыншыларға (Әріптер арқылы тапсырма)

Жауабы қолындағы әріптен басталу керек Мысалы: «А»

1.Бүгінгі ауа райы қандай?

2. Жазғы демалыста қайда бардың?

3.Табиғат қандай болады?

1.Анаңа не сыйлайсың?

2.Денсаулықты жақсарту үшін не істеу керек?

3.Қазақстан қандай мемлекет?

V Бекет«Ділмар»

Құнды сөз құнарлы ойдан туады демекші Ортақ мәтін беріледі . сол мәтін мазмұнына сай мақал тауып жазыңдар

Абай Әбішті ертіп өз ауылына қайтты.Атқа мінгізбей екеуі ғана ақырын басып әңгімелесіп келеді.Сен дұрыс айтасың Әбіш жоқ жітік туралы айтқаныңның бәрі де өнімді, өрелі сөз. Бірақ саған бір сұрағым бар.Қараңғы

Кедей жұртының ең алғашқы емшісі екенсің. Сен сол қалың көпке ,халқыңа арнап ойың ,жәрдемің бар ма?- деп Абай баласына барлай қарады.

- Әлі оқуымды бітірген жоқпын ғой ,-деп Әбіш ойын жия алмады.

Абай шапшаң тіл қатып ойын аяқтады.

-Рас , тауысқан жоқсың.Оқуыңды тауысқан соң ,халық туралы, ауыртпашылық туралы, болашақ тағдыры туралы ойладың ба? Айтшы. Оқу оқып ,қызмет етіп елге көмек бересің бе?


Оқушылар ойланады

Тіл туралы өлең оқылады


(Мәтінге сай мақалдар)

Оқусыз- білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Оқу- инемен құдық қазғандай

Ән орындалады: «Ананың тілі»


Әділқазылар бағаларын береді

Топтардың жинаған ұпайларын санап, жеңімпаздарды марапаттау.


Бекіту. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата- бабамызды, тарихымызды ұмыту»



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Тіл –халы?ты? жан,ар-?яты» /Язык- душа,честь,совесть народа/

Автор: Жалимбетова Индира

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 286041


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства