Тәрбиеленушәлер мен тәрбиешілерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Тәрбиеленушәлер және тәрбиешілерді сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыр, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндір. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы»
«Толағай» отбасылар сайысы
Дайындаған: Е.М.Бозов
«№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ
2017
Тақырыбы: «Толағай»
Өткізілетін күні: _________________
Мақсаты: Тәрбиеленушәлер мен тәрбиешілерге адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Тәрбиеленушәлер және тәрбиешілерді сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыр, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндір. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
Сауылық – байлық негізі.
Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті кауым! Бүгінгі «Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіз!
2-жүргізуші:
«ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің үйімізде топтар арасында өткізгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
1-жүргізуші:
Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
2-жүргізуші:
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің ,
Ешбір жерің ауырмай.
Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
2-жүргізуші:
Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын нсихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені cay ұлттңщ қалыптасуына атсалысалы, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.
1-жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - отбасыларды спортқа , баулиды.Мектеп пен ата-ана арасындағы бірлік пен татульққасиеттерін нығайта түспек!
1-жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
1–жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Кушімізді керсетейік, сынайық!
Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,
Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
2-жүргізуші:
Бүгінгі спорттық сайыс қазақтың киелі саны 7 кезеңнен тұрады.
«Таныстыру» сайысы
«Мұрттыкеңгіру» сайысы.
«Футбаскет» сайысы.
«Жеміс-жидекжинау» сайысы.
«Калашыққұрау» сайысы.
«Сафари»сайысы.
«Каңбақ» сайысы.
1-жүргізуші: Сайысқы арнайы 3 отбасы қатысады. Әділқазылар әр кезең соңында бағаларын бере отырсақ.
І – кезең «Таныстырудан» бастайық!
(топтың атауы, ұраны)
Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.
II кезец: «Мұртты кеңгіру» сайысы.Бұл кезеңде әкелер мен ұлдар атсалысады. Ұлдар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отыра жүрумен екінші жаққа келіп берілген тапсырманы орындайды. Қайтарда жугіріп келіп, ту алу аркылы эстафетаны тапсырады. Әкелері кедергілер арасымен өрмекші болып барып қайтады.
III-кезең: «Футбаскет»сайысы.
Балалар допты кедергілер арасымен құлатып алмай, футболдағыдай аяқтарыментеуіп барады да, допты қабырғаға ұрады. Қайтар жолда допты қолына ұстап жугіріп келу керек. Ал ата-аналар доптыбаскетболдағыдай жерге ұрып барады қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жугіріп келуі керек.
IV-кезең: «Жеміс-жидек жинау»сайысы.Тек анасы мен қызы.2-3 метр шеңбер сызылады соның ішіне алма шашылады.Анасының басына шелек кигізіп немесе көзін байлап,қызы жетелеп шашылған жеміске бағыттайды. Анасы берілген уақыт ішінде жылдамдата жинап алуы керек.Берілген уақытта кім көп алма жинайды.
V-кезең: «Қалашық құрау» сайысы.
Әкесі кедергілер арасымен бір қолына резина доп ұстап, екінші қолымен допты полға ұрып барып үлкен шарды (кеңгіру) қойып, ұрып барған допты қолына ұстап жүгіріп қайтады. Эстафетаны тапсырады. Ұлы скочьты осылай апарып қояды. Анасы бір қойнына допты қысып, бір допты екінші қолымен полға ұрып барып, қойынындағы допты үстінен қойып, жүгіріп қайтады. Қызы да доп ұрып барып шелегін кигізеді.
VІ-кезең: «Сафари» сайысы.
Қаппен секіріп келіп, себеттен шелекке әрқайсысы 2 шардан лақтырып қаппен қайта секіріп келу, аналар мен балаларға да осы іс-әрекет.
VІІ-кезең: «Қаңбақ» сайысы.
1-ші Ойыншы жүгіріп шырықты (обручты) айналдырып отырады, ал балалар допты сыртқа шығарып алмай бір-біірне лақтырып айналып қайтады, келесі ретте 2-ші ойыншы осылайша жасайды.
Әділқазылар өз бағасын шығарғанша, бәріміз бір кісідей «Толағай» әнін орындасақ.
1-жүргізуші:
Денсаулықтың маңызына қанығып,
Халқымыз жүр шат күлкіні жамылып.
Той – думанда, тек қуаныш жиын да,
Кездесейік Салауаттың бағында.
2-жүргізуші: Рахмет.Өте жақсы.
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп қадірін,
Жол салайық бірлесіп болашаққа.
1-жүргізуші:
Өмір, өзің қайдасың,
Күн мен түнді жалғайсың.
Жақсыларға жақынсың,
Жамандарға шалғайсың.
2-жүргізуші: Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріңе,
Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.
Денсаулықтың әліппесі әрқашан,
Жыр шашады қуана мына еліне.
1-жүргізуші:
Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.