kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?л?а?а та?зым» ?деби музыкалы? кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

  •  

К?рнекілігі: «Батыр бейнесі-?рпа??а ?неге» баннер, ?нтаспа, М?лік ?абдуллинні? жаз?ан кітаптары, слайд, бейнеролик.

  1. ?айырлы к?н ??рметті ?она?тар, ?стаздар, о?ушылар! Майдангер, жазушы, Ке?ес Ода?ыны? батыры, ?стаз-т?лімгер, ?алым, академик, филология ?ылымдарыны? докторы, профессор М?лік ?абдуллинні? 100 жылды?ына, ?лы Же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан «Батыр бейнесі-?рпа??а ?неге» атты ?деби –музыкалы? кешімізге ?ош келді?іздер.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?л?а?а та?зым» ?деби музыкалы? кеш»

Тақырыбы: «Тұлғаға тағзым» әдеби музыкалық кеш


Мақсаты:

Көрнекілігі: «Батыр бейнесі-ұрпаққа өнеге» баннер, үнтаспа, Мәлік Ғабдуллиннің жазған кітаптары, слайд, бейнеролик.

1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Майдангер, жазушы, Кеңес Одағының батыры, ұстаз-тәлімгер, ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Батыр бейнесі-ұрпаққа өнеге» атты әдеби –музыкалық кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі кешіміздің қадірменді қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Тағылымы мол әдеби кешіміздің бөлімдері.


І бөлім – «Өмір жолы өнеге»

ІІ бөлім – «Мәлік бейнесі – отты жылдарда»

ІІІ бөлім – «Ғылым майданы атты ғылыми ізденіс және ақпараттық шолу»


2-жүргізуші:

Батыр ұлын жанға сүйер ел

«Елім» - деген ерге басын иеді ел

Батыр ұлы Мәліктің ұлы тойын,

Ұлықтайды Көкшедегі қалың ел.


Тарт күйіңді домбыра,

Тау суындай сылдыра.

Тыңдамаған қалмасын,

Құлшына тарт, домбыра,-

«Түркімен» күйі орындалады.


1-жүргізуші:

«Барлық халық пен барлық ұлт, барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Әрбір азамат өз ұлын сүюге тиіс және ұлтына деген терең сүйіспеншілігі, игі және мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрып сүйе білу тиіс» - дейді Б.Момышұлы. Осы керемет қасиеттер Мәлік батыр бейнесінде толық бар.


1-оқушы: Мәлік Ғабдуллин 1915 жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Туған жері: Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қойсалған ауылы. Әкесі: Ғабдолла Елемесұлы. Анасы: Әлия.

Адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады, - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, М.Ғабдуллин өскелең ұрпақ тәрбиесіне берер сүбелі үлесі мол.


2-оқушы: 1929 жылы М.Ғабдуллин № 3 мектепте оқып жүрген кезінде С.Мұқанов Көкшетауға келеді. Мәлік оқушы сәлем беруге барады, танысады, мектепке шақырып кездесу ұйымдастырады. Бұл естелік Мәліктің ептілігінің белгісі.


3-оқушы: 1924 жылы № 13 ауыл мектебінде оқыды. Алғашқы ұстазы – Рамазан Нұғымова. 1925-1929 жылдары Көкшетау қаласындағы № 3 қазақ жастар мектебінде білім алады. Ұстазы – Нұрмұхамед Көшімов. Ол «Сен мұғалім дайындайтын оқу орнына түс» - деуші еді. 1931 жылдан бастап жоғары білім алу үшін Алматыға бет бұрды.

С.Мұқанов «Батыр бейнесі» атты очеркінде Мәліктің білім алып, болашақ батыр болу жолдары туралы мәлімет берді.


4-оқушы:М.Ғабдуллин Алматыда Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында білім алды. Сол жылдары «Пионер» газетінің жауапты редакторы болды.

1936-1937 жылдары әскери міндетін атқарды. Ферғана қаласы 82 кавалериялық полк қызыл армия қатарында болды.

Мәлік Ғабдуллин 1938-1939 жылдары қазақ ғылыми академиясының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1938-1941 жылдары Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының жанынан ашылған аспирантурада оқыды. Оқыған кезде «Қазақ батырлар» жырын зерттеп, кіріспе мәлімет жазды.


5-оқушы:Қобыланды батыр бейнесін қазақ халқының батыр жігіті ретінде зерттеуін бастады. Сол заманға сай реалистік бағытпен Қобыландының адамгершілік, азаматтық қасиеттерін болашақ ұрпаққа сый етті. Қазақ халқының салт-дәстүрін, ауыз әдебиетін жинап, оқулықтар жаза бастады.

Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді. (Бұқар Жырау)


6-оқушы: М.Ғабдуллин И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардиялық дивизия құрамында, Ұлы Отан соғысында, Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлесін көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын 1943 жылы 2 қаңтарда алды. Панфиловшылар дивизиясының Москва шайқасы туралы М.Ғабдуллин тарихи естелік кітаптар жазды.

  1. «Сұрапыл жылдар», «Майдан хикаялары» - Алматы, «Жазушы»1971 жыл,

196 бет.

  1. «Менің майдандас достарым», әңгімелер мен очерктер – Алматы,

«Жазушы»1985 жыл, 392 бет.


ІІ бөлім- «Мәлік бейнесі – отты жылдарда»

2-жүргізуші:

1941 жыл. Москва түбегіндегі шайқаста біздің жерлесіміз Рамазан Елебаев Мәлікпен кездеседі.

Мәлік:

-Әдемі ән ерліктен туа ма, әлде әдемі әннен ерлік туа ма?

-Өзің қалай деп ойлайсың?

-Менің түсінуімше, әдемі әннің шығуына ерлік себепкер болуы керек. Ерлік болса, ән туады, ал ән қанша әдемі болғанымен де айтулы ерлікті тудыра бермеуі мүмкін.

-Төлегеннің бұл айтқаны дұрыстыққа келеді, - деді Рамазан.

-Әдемі ән үлкен оқиғадан туады. Сондай әнді шығару міндетін мен алайын, бірақ оның себеп болатын ерлікті сіздер алыңыздар.

-Болсын, бұған келістік, - деп Төлеген күліп қойды.


2-жүргізуші: Рамазан Елебаевтың (1910-1943ж.ж.) «Жас қазақ» әнінің тарихына тоқталмақшымыз.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде талай қандасымыз ерлік көрсетіп, біршамасының ескерусіз қалғаны да рас. Бородино түбіндегі шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан Төлеген Тоқтаровты бүгінде біреу білсе, екеу білмейді. Өзінің майдандас досының қазасын Рамазан осы әнімен жоқтап, оның ерлігін бізге жеткізді. Бұл әннің неше күнде шыққанын кім білсін, бірақ оның сонау майдан даласынан елге келуінің өзі ерлікке пара-пар дүние. 1942-1943-ші жылдар аралығында майдангерлерге жігер беру мақсатында қазақстандық концерттік бригада құрылады. Бригада құрамында көптеген өнер жұлдыздары бар болатын. Бірақ, біздің тоқталатын өнерпазымыз Жүсіпбек Елебеков. Панфилов атқыштар дивизиясынан аттанғалы тұрған бригадаға түнделетіп баян арқалаған, аяғына шаңғы таққан Рамазан Елебаев келеді. Майдандас досы Төлегеннің ерлігі ұмытылмас үшін, кейінгі ұрпақ жырлап жүрсін деген мақсатта «Жас қазақ» әнін елге жеткізіңдер деген аманатын айтады. Жүсіпбек әуенді домбыраға салып алады. Елге аман-есен жеткен соң «Аманатқа қиянат» жасамаймын деп әуенді Ғабиден Мұстафинге тартып береді. Жүректен жүрекке дәл жеткен бұл әуеннің сөзі осылайша туған екен.

Мәлік:

-1942 жылдың 10 ақпанында, біз автоматшы достармен қайта отырмыз, ешкім ұйықтаған жоқ. Бәрінің бетін мұң басқан. Сағат түнгі бір. Төлеген Тоқтаров соғыста қаза тапты. Оның тірі ажары, серпімді қимылы, оның сүйкімді күлкісі Төлегеннің қайтқанын ешқалай білдіртпейді.


1 оқушы:

-Жоқ, оның біздің арамызда жоқ екеніне сенбеймін, сенбеймін.


2 оқушы:

-Кеше ғана Төлеген менімен бірге отырды.


1 оқушы:

-Жоқ, көз жасымен ғана жанымыз жай таппайды, бізге керегі батырлық, біз өзіміздің жолдасымыз үшін кегімізді алуымыз керек.


3 оқушы:

-Төлегеннің жарасы өте қауіпті, ол оң қолына қаруын алып, соңғы күшін жинап, окоптан жүгіріп шықты. Алдындағы офицерге жетіп, мойнына қаруын салып тоқтатты.


4 оқушы:

-Жаудың оғы кеудесіне тиіп, жолдасымыз сол жерде қаза тапты.


2 оқушы:

-Иә, ол нағыз батыр болған.


3 оқушы:

-Босқа айтып, не керек, жігіт емес от болған.


5 оқушы:

-Ол өте мейірімді жан, әрқашан да жолдасына көмек көрсетуге дайын болған.


Мәлік:

-Қыстық түс – ауа мезгілінде биік төбеде, Бородиноның шығысында, біз Төлеген Тоқтаровты жерледік, оның қайтпас ерлігі үшін, Отанымыздың адал баласы үшін кек алуға серт бердік!!!


1-жүргізуші:

«Жас қазақ» әні – халқымыздың есінде сақталып, көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын қайғылы қасірет пен қайталанбас қаһармандық, батырлықтан сыр шертетін мәдени ескерткіш, атадан балаға мәңгілік мұра болатын сабақтастық құралы.


«Жас қазақ» әні орындалады.


ІІІ бөлім «Ғылым майданы атты ғылыми ізденіс және ақпараттық шолу»


1-жүргізуші:

Мәлік Ғабдуллинді тарихи тұлға деп айтамыз. Неліктен осылай деген екенбіз? Қандай құпиялар бұған дәлел?


Жауап:

Мен библиографиялық іздеу атқара отырып, басылымдардан көптеген мәліметпен таныстым. Солардың ішінде адамгершілік қасиеттер. Ол қаһармандық, батырлық, терең ғылыми ізденістер, ұстаздық, қаламгерлік қабілеті, дарын жан дүниесінің кіршіксіз, мөлдір тазалығы. Кісілік мейірімділігі, әдеп-инабаттылық, ақыл-парасатының молшылығы.


2-жүргізуші:

Мәлік Ғабдуллин фольклоршы ғалым. Ғылыми Жолындағы жеңістер мен жетістіктерін сөз етейік.

«Жағымды образ» дегеніміз – жазушы өзінің шығармасында халық ісі үшін күрескен, халықтың ойын жүзеге асыруға, халықты бақытты, жарқын өмірге жеткізуге ерекше еңбек еткен, ел мүддесін көксеген адамдардың ісін көрсету деген сөз. Ал мұны қай түрде суреттеп көрсету жазушының шеберлігіне байланысты,-дейді аспирант Мәлік Ғабдуллин.

Жанды пікір, салиқалы ой.


Толықтыру: Өз тұжырымын былайша жеткізеді: «Демек, жағымды образ деген ұғымнан Совет адамдарының ісін ғана көрсету деген қорытынды халық аузында есімі мақтаныштық символы болып сақталған адамдардың образын көрсетуі керек дейміз». Міне, әдебиетке өз көзқарасы, өзіндік ой топшылауы бар білікті аспиранттың сындарлы пікірі.


«Отан» әні орындалады.

«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.


2-жүргізуші: Құттықтау сөз кешіміздің қадірменді қонағы

беріледі.


Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Майдангер, жазушы, Кеңес Одағының батыры, ұстаз-тәлімгер, ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Батыр бейнесі – ұрпаққа өнеге» атты әдеби-музыкалық кешіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Т?л?а?а та?зым» ?деби музыкалы? кеш

Автор: Жартанова А?марал ?айроллиновна

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297442


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства