kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?тынушы ???ы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шараны? ма?саты:

Білімдік ???ы?ты? т?рбиені? ?мірілік ?ажеттілігін о?ушылар?а т?сіндіру.

Т?рбиелік О?ушыны? ???ы?тары мен міндеттері туралы білімдерін толы?тыру. ?аза?станны? болаша?ына ?лесін ?оса білетін білімді де, ізденімпаз ?рпа? етіп т?рбиелеу.                

Дамытушылы? О?ушыларды адам ???ы?тарына о?ыта отырып, т?рлі ?мірлік жа?дайларда ?з м?мкіндіктерін жеке ж?не ?о?ам пайдасына с?йкес шешім ?абылдай алу ?рекеттерін дамыту.

Коррекциялы? К?зге жатты?у жасату ар?ылы к?ру ?абілетін са?тау?а баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?тынушы ???ы?ы»

Тәрбиелік шара Тақырыбы: Тұтынушы құқығы.

Шараның мақсаты:

Білімдік Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.

Тәрбиелік Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Дамытушылық Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

Коррекциялық Көзге жаттығу жасату арқылы көру қабілетін сақтауға баулу.

Тәрбиелік шараның жүру барысы:

Ұйымдастыру.

Топтағы тәртіп ережелері:

Жағымды болу.

Қол көтере ережесі.

Белсенді қатысып отыру.

Телефондарды сөндіру.

Назар қойып тыңдау.

Өз ойыңды айт.

Сыныптастарыңның пікіріне құлақ сал.

Біреудің сөзін бөлмеу, кезектесіп сөйлеу

Кіріспе.

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады.Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.

Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда

Б.з.д V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде

Шыңғыс ханның «Яссасы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

Ал,біздің мемлекетімізде Ата Заңымыз қашан қабылданды?

Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?
Құқық- қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен
қарым-қатынасқа қойылатын талап.
Конституция – конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт.
– Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп ойлайсыңдар?

(Кәмелеттік жасқа толмағандар).

4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау

Құқық ұғымын анықтадық. Ал енді «құқықтық алаң» дегеніміз не?

Құқықтық алаң – адам құқықтарының жиынтығы

Оқушының міндеттері:

  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;

  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;

  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;

  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;

  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;

  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;

  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;

  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;

  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;

  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
    • білім алуға
    • тәртіп сақтауға
    • мектеп мүлкін сақтауға;
    • үлкендерді сыйлауға;
    • ана тілдің тазалығын сақтауға;
    • әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Өмір сүруге

  • Ата-тегін алуға

  • Отбасында тәрбиеленуге

  • Жеке бас бостандығына

  • Азаматтық алуға

  • Білім алуға

  • Баспана алуға

  • Дүние мүлікке

  • Демалуға

  • Денсаулықты сақтауға

  • Сөз бостандығына

  • Қоғамдық жұмыстарға араласуға


Аукцион.

Жетекші: Назар аударыңыздар! Үздік тауар аукционын хабарлаймын. Аукционға асығыңыздар. Аукционға теңгемен ақшалай төлем жасайсыздар. Сонымен,алғашқы лотты бастаймын. Алғашқы лот «жасырын тауар».

Бұл затты ойлап тапқан ел-Қытай. Бұл зат осы уақытқа дейін пайдаланып келеді. ( бума қағаз) Сауда басталды. Алғашқы баға-100 тенге.

Оқушылар: 100, 200, 500

Жетекші: 500 теңге- бір! 500 теңге-екі! 500 теңге-үш! Сатылды!

Жетекші: Бұл заттың ішінде не бар деп ойлайсың?

Оқушы: жауабы

Жетекші:қандай сезімдесің?

Оқушы: мен алдандым

Жетекші: айтыңыздаршы, сатып алушы қандай қателік жіберді?

Оқушы: белгісіз затты сатып алды, алдымен тауардың сапасын, өндірілген және сақталу мерзімін,т.б білуі керек, ал оны сұраған жоқ,ол өнім туралы білуге құқылы. «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңның 6-бабында тұтынушының құқығы көрсетілген. (кері қайтару-14 бап)

Видео

Көзге арналған жаттығу.

1. Орындыққа шалқайып, терең дем аламыз. Алға еңкейіп, іштегі демді баяу шығарамыз. Мұны 5-6 рет қайталау керек.

2. Алдымен жоғарыға қараймыз. Сосын көзді сағат тілімен айналдырамыз. Ендісағаттіліне қарсы жүреміз. 5-6 рет.

Тұтынушылардың құқығы.

Сонымен балалар,

  • тұтынушы деген кім ?

Видео бойнша сұрақтар қойылады. Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Тұтынушы – өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) тапсырыс беру немесе иелену ниеті бар не тапсырыс беретін, оларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын жеке тұлға;

  • Бір затты сатып алмас бұрын не істейміз?

Макарон, ірімшік, минералды су т.б азық – түлік өнімдері беріледі. Оқушылар сыртқы жапсырмадан мәліметтер (шығарылған және сақталу мерзімі, өндіруші туралы, құрамы, қалай сақтау керектігі жайлы) тауып оқиды.

Қорытынды.

Құқың бар ма әлде жоқ па? Иә – жоқ ойыны.

Оқушылар жұп болып, бір –біріне қарап тұрады. Кім иә- жоқ деп айтатынын келісіп алады. Сұрақ оқылады оқушы иә немесе жоқ деп жауап береді.
Сабақ уақытында сен сынып бөлмесі ішінде ары-бері жүріп жүрсің, өйткені сен еркіндік құқығым бар деп есептейсің

Сабақ үстінде досыңмен әңгімелесіп отырсың, өйткені сен сөз бостандығына құқым бар деп есептейсің

Сабақ үстінде ұялы телефон арқылы музыка тыңдап отырдың, өйткені мәдениет жетістіктерін пайдалану құқығым бар деп есептейсің.

Сақталу мерзімі өткен азық – түлік сатып аласың, өйткені сен тұтынушысың.

Ұялы телефонды қосып тексересің, кепілдеме талон мен чек талап етіп, сатып алысың, өйткені талап ету тұтынушының құқғы деп білесің.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?тынушы ???ы?ы

Автор: Абжанова Перизат Кенжибаевна

Дата: 17.08.2016

Номер свидетельства: 339679


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства