Просмотр содержимого документа
«?лысты? ?лы к?ні - ?з Наурыз ! »
Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ.Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты.
Ұлыстың ұлы күні-әзНаурыз!
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алды. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап: дендеріңізге саулық, жан ұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын.
Бірінші батаушы:
Тыңдаңызда! Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған,
Мына біз бар!
Екігші бастаушы:
Естімеген естіңдер!
Тыңдамаған тыңдаңдар!
Наурыз тойы басталды!
Мұғалім:
Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,
Жолықсын қариялар жас күнімен.
Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық,
Ежелгі ата-баба дәстүрімен
Ақынның шарықтасын асқақ әні,
Көтеріп жұрттың көңілін тастағалы.
Ағайын жолыменен бұрынғының.
Отырмыз осы тойды бастағалы.
Бірінші бастаушы:
Шапағатын аямай,
Бұл жақта аспан.
Жадырайды ір адам,
Мұң шықпастан.
Екінші бастаушы:
Ой, ағайын келіңдер!
Бүгін бізде-Наурыз той,
Қызықтаңдар көріңдер!
Мұғалім: Наурыз- өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурызсөзі парсы тілінің Нау-жаңа, рыз-күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бінрінші күнін білдіреді. Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден-жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден- наурыз айы, үшіншіден- ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күн- аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне кепіл, күн мен түн теңелетін, жан- жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні-ұлыс күні» деп атаған.
Мұғалім:
Жаңа жыл келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
(Жаңа жыл кіреді, шашу шашылады)
Екінші бастаушы:
Қош келдің барыс жылы
Біз сені көптен күттік
Келгеніңе өте қуаныштымыз,
Кел, қонағымыз бол, төрлет.
Барыс жылының сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!
Ата-ана: Үйді тазарту, яғни аластау рәсімін көрсетеді.
Ән: “Наурыз-думан”. Ортаға жас бишілер шығады. Би:
“Айгөлек”.
Мұғалім:
Уа, жараңдар, жараңдар,
Бәрің бері қараңдар.
Сіздер үшін жасалғн,
Тоқсан түрлі тағам бар!
Қымызбенен шұбат бар.
Қымызда дәрі қуат бар,
Қымыран мен саумал бар,
Сусындауға келіңдер!
Міне, балалар, көрдіңдер ме, мұнда не бір түрлі тағамның аттарын естіп жатырмыз. Қазақтың киелі астарының бірі-ет, наурыз көже, қазы-қарта, сүт, ірімшік, май, қатық, құрт, жент екен. Бұл тағамдардың өздеріне тән ерекшеліктерімен қатар, тіл үйірер дәмі де бар. Бізде Наурыз мерекесіне арналып, наурыз көже дайындалады. Оған жеті түрлі тағамның түрін салады. Ет, қатық, арпа, тұз,су, қамыр, сүт жатады. Наурыз көже ішкен адам жақсылыққа кенеліп, бәле-жаладан алыс жүреді екен.
Ән: ”Берекелі, мерекелі дастарқан“.
Мұғалім: Халықтық салттар да өте көп.
Бала шыр етіп дүниеге келген күннен еңкейіп қарт болған шағына дейін тойлар тойланып, салттар сақталады. Ол салттарға бала дүниеге келгенде: азан шақырып ат қою, баланы бесікке бөлегенде бесік тойы, одан әрі баланың жүрер шағында тұсау кесері, мектепке алғаш қадам аттағанда жасалатын тіл ашар тойы т.б. көптеген салттар бар. Соған орай қазір сіздерге бесікке салу және тұсау кесер салтын көрсетеміз.
Ән: “Шілдехана-бесік той”.
Би: “Қыздар”тобы.
Мұғалім: Уа жаратқан, жарылқа
Бақ дәулетін алмас қыл
Ала ауызды алмас қыл
Қарғағаннан қалыс қыл
Ниеттерің ақ болсын
Бейнеттерің пәк болсын
Мұраттарын асыл қыл!
Жүрген жерін жасыл қыл!
Ал, енді ата-аналар ішінен бата-тілек күтеміз.(Ата-ана сөз айтады).
Мұғалім: Ата-аналар, сіздерге де көп рахмет! Осы ашық тәрбие сағатымызға сіздердің көптеген еңбектеріңіз бар деп айтсақ, артық кетпеспін. Ендігі орындалар ән өздеріңізге арналады.