kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұстаз мектеп жүрегі" сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаздар  күніне арналған " Ұстаз мектеп жүрегі" атты концерттік бағдарлама 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұстаз мектеп жүрегі" сценарий»

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар

мектеп-интернат-колледжі















МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА







Дүйсеналина Б.

Идирисова Г.







2016-2017 оқу жылы



Тақырыбы:  Ұстаздарға мың алғыс!



Мақсаты:  Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. 
ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әр түрлі шарлар, гүлдер, интерактивті экран





Ажар:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Радмир:

Ұстаз сөзін айтып жүрем ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иерлік мәңгілік!

Ажар: Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар! «Ұстаздарға мың алғыс!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Радмир: Шәкірт үшін барлық қиындыққа төзетін жаны жайсаң, жүрегі алтын, алақаны аялы ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Ажар: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Би. Қазақ биі

Радмир: Мерекелік кештің шымылдығын ашқан республикалық байқаулардың жеңімпазы – «Өрнек» би ансамблі. Жетекшісі – Умбетова Майра Хамитқызы.

Ажар: Барша ұстаздар қауымын құттықтау үшін ортаға мектеп директоры Қарлыға Айтмұханбетқызын зор қошеметпен шақырамыз!

Директор құттықтау сөз сөйлейді.



Ажар: Сен қалай ойлайсың, Радмир? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.

Радмир: Әрине, Ажар, Ғафу Қайырбеков атамыз айтқандай, Ұстаз болу үшін жүректің батырлығы, сезімнің ақындығы, күн шуағындай алтын мінез керек. Сол үшін де біз ұстаздарымызды қадірлейміз!

Ажар: Ұстаздарымызға деген құрметімізді біз 26 қыркүйек – 5 қазан аралығында өтркен «Ұстазыңды ұлықта!» атты акция барысында көрсете білдік. Экранға назар аударайық.

Экраннан акция туралы слайдтар, видеолар көрсетіледі.

Ажар: Келесі құттықтау сөз мектеп кәсіподағы төрайымы Мәншүк Мұратқызына беріледі.

Мәншүк Мұратқызы құттықтау сөзі.

Музыка ойнайды. Сахнаға театр өнерпаздары шығады.

Театр өнер көрсетеді.

Радмир: Сіздердің алдарыңызда өнер көрсеткен «Айналайын» театрының жас таланттары.

Ажар: Жетекшілері – Шотанова Гүлжайнар Ғабдулғалымқызы, Есжанова Замира Мерекеқызы, Тұрмантаева Жанар Беркінғалиқызы.

Радмир: Ұстаз еңбегі ұшан-теңіз. Шәкірт санасына білім нәрін сіңіріп, дүниенің жақсылығы мен қыр-сырына баулитын ерекше жанның еңбегі қандай болса да құрметке лайықты. Сондықтан да, Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі мерекеде біздің оқушыларымыз сіздерді түрлі атақпен марапаттайтын болады.

Радмир: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.



Ажар: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі, ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Қонақтарға қошемет көрсетіп қояйық!

Ажар: Номинациялар бойынша марапаттауды бастаймыз. Бірінші номинация: «Ең мейірімді ұстаз» Марапаттау үшін сахнаға 2015жылғы Байғанин ауданының құрметті Азаматы атағының иегері, грек-рим күресінен халықаралық чемпионаттың жүлдегері, мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымының Президенті Есенғосұлы Мұхтарды шақырамыз.

Мұхтар: Құрметті ұстаздар! Біздің осындай дәрежеге жеткеніміз – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.

Сіздерге айтар алғысым мол. Біздің болашағымызға алаңдап, мамандыққа баулып, оқытып жатырсыздар. Сол үшін де сіздерге колледж студенттерінің атынан алғыс айтып, басымды иемін! Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілеймін.



Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты-жөнін оқиды. Музыка ойналады. Аты аталған ұстазға марапаттау белгісін тағады.

Радмир:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

«Асыл ұстаздар» әні. Орындайтындар: Үсенбек Ажар, Халықов Бекжан, Мажитов Әділжан және Мажитов Еділжан

«Асыл ұстаздар» әні-Ажар, Бекжан, Әділжан, Еділжан



Радмир: Келесі номинация «Ең ақылды ұстаз» номинациясын табыстау үшін сахнаға оқу озаты, республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің дипломанты, мектеп мақтанышы Қосқұлақов Нұрболатты сахна төріне шақырамыз!

Нұрболат: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Құрметті ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерейлеріңіз арта берсін!



Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты-жөнін оқиды. Музыка ойналады.

Мұғалімге белгіні тағады.



Радмир: Анамыздай тал бесікті тербеткен,

Болашаққа құлашымды серметкен

Ұстаз – Ана! Есіміңді мәңгілік

Айтып жүрем мәңгі шексіз құрметпен!

Ажар: Анамыздай күлімдеп, біздің жанымызды ұғатын асыл ұстаздарымыз – біздің екінші анамыз. Интернатта өтіп жатқан күндеріміздің барлығы біздің тәрбиеші апайларымызбен бірге өтіп жатыр. Жақсы мен жаманды ажыратып, болашақ өмірге нық қадам басуға бағыт бергеніңіз үшін барша Ұстаздарға

Екеуі бірге: Мың алғыс!

Радмир: Ұстаз-аналарға деген ерекше сезімін Орынғалиев Данияр «Анаға сый» әнімен жеткізеді. Қошеметпен қарсы алайық!

Данияр. «Анаға сый» әні.



Ажар: Келесі номинация – «Спортшы ұстаз» деп аталады. Бұл номинацияға кім ие болғаны бірер секундтардан соң белгілі болмақ. Олай болса сахна төріне мектеп мақтанышы, грек-рим күресінен халықаралық чемпионаттың жүлдегері, спорт шеберлігіне кандидат Малайдар Бексұлтанды шақырамыз!

Бексұлтан: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Құрметті ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын! өмірлеріңіз тек жақсылыққа толы болсын!



Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты-жөнін оқиды. Музыка ойналады. Мұғалімге белгіні тағады.

Радмир: Марапатыңыз құтты болсын!

Ажар:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Бишілер бимен өріп ұсынады,

Жүректің алғысы мен рақметін.

Радмир: «Өрнек» би тобының орындауында орыс халық биін тамашалаңыздар!

Орыс биі.

Ажар: Келесі «Ең стильді ұстаз» номинациясын табыстау үшін сахнаға бүгінгі кешіміздің қонағы, ерекше талант иесі, ым-ишара тілінде ән орындау байқауларының жеңімпазы, мектеп түлегі Есеханова Мөлдірді шақырамыз!



Мөлдір құттықтау сөз айтады. Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты-жөнін оқиды. Музыка ойналады. Белгіні тағады.

Мөлдір ән орындайды.



Радмир: Ажар, мен де ержетіп, осы ел сыйлысы болғым келеді.

Ажар: Радмир, білесің бе, бұл – біздің ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Радмир: Дұрыс айтасың, Ажар. Осы мектепті бітіріп, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектеріміздің де ұстаздарға деген құрметі ерекше. Олар да бүгін еліміздің әр тарапынан сіздерге сәлем жолдауда.

Ажар: Олай болса, экранға назар аударайық.



Экраннан түлектердің құттықтауы көрсетіледі.

Ажар: «Шығармашыл ұстаз» номинациясын беру үшін 2014 жылғы «Жұлдызай» фестивалінің дипломанты, талантты жас суретші Нұрпейісов Ерланды сахна төріне шақырамыз!

Ерлан: Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың!

Құрметті ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!



Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты-жөнін оқиды. Музыка ойналады. Белгіні тағады.

Радмир: Біздің ақылды да парасатты ұстаздарымызға «Балдаурен» би тобының балғын бишілері өзбек биін билейді. Жетекшісі –Жанат Жалғасқызы.

Өзбек биі.

Ажар: Келесі номинация «Ең әдемі ұстаз» кім екенін анықтау үшін сахнаға «Жұлдызай» фестивалінің дипломанты, «Жас Ұлан» белсендісі – Айтимов Айдосты шақырамыз!

Айдос: Құрметті біздің ұстаздарымыз! Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Шәкірт үшін ұстаздан биік тұлға жоқ. Сондықтан, әрқашан биіктен көрініп, еліміздің абыройы, ұрпақ болашағы үшін жасап жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын деймін.



Конверттен мұғалімнің аты-жөнін оқиды. Музыка ойналады, белгі тағылады.



Радмир: Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.

Ажар: Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Радмир: 10 а класс оқушыларының орындауындағы «Ұстазым» сіздерге арналады, құрметті ұстаздар! Қабыл алыңыздар!

«Үстазым» әні – Дандыбаев Серік, Жеткізгенов Азамат, Қазтұрған Абдолла



Радмир: «Ең көңілді ұстаз» номинацияс тапсыру үшін сахнаға оқу озаты Ысқақ Гүлназ шақырылады.

Гүлназ: Қадірменді ұстаздар! Қайда жүрсек те, сіздердің еңбектеріңізді ақтауға тырысамыз! Сіздердің ұлы жүректеріңіз үшін, мейірбан жандарыңыз үшін, біз үшін жасаған жақсылықтарыңыз үшін мың алғыс! Сіздерге басымды иемін! Мерекелеріңіз құтты болсын!



Конвертті ашып, ішіндегі мұғалімнің аты-жөнін оқиды. Музыка ойналады. Белгіні тағады.

Радмир: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Сіздердің әрқайсыңыз ұлы құрметке лайықсыздар! Сондықтан, сіздерге барша шәкірттер атынан мың алғыс!

Ажар: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Радмир: Келесі әнді қабыл алыңыздар! «Шұғыла» тобының орындауында «Ұстаздарға тілек» әні.

Попурри «Ұстаздарға тілек»



Радмир: Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы! Мерекелеріңіз құтты болсын!




























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ұстаз мектеп жүрегі" сценарий

Автор: Дуйсеналина Бакитгул Мырзалиевна

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359961

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Ұстаз мектеп жүрегі" сценарий"
    ["seo_title"] => string(36) "u_staz_miektiep_zhurieghi_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "359960"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479411711"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы»  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(49) "u-staz-bolu-zhuriektin-batyrlyg-y-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "276038"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452673031"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?стаз болу - ж?ректі? батырлы?ы»  т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(51) "u-staz-bolu-zhuriektin-batyrlyg-y-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "276039"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452673038"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Ұстаз болу-жүректің батырлығы""
    ["seo_title"] => string(33) "u_staz_bolu_zhuriektin_batyrlyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "390721"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486844974"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "«О?ушыларды? жаз?ы демалысын ?йымдастыру» атты ?алалы? семинарды? ?ткізу сценарийі "
    ["seo_title"] => string(90) "ok-ushylardyn-zhazg-y-diemalysyn-u-iymdastyru-atty-k-alalyk-sieminardyn-otkizu-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "174111"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424091547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства