kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стаздар к?ніне арнал?ан

Нажмите, чтобы узнать подробности

?стаздар к?ніне арнал?ан сценарий. Берілген сценарий абзал маманды? иегерлеріні? айтулы мейрам к?ні ?олданылды. Сценарий ешбір жина?тан к?шірілмеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стаздар к?ніне арнал?ан»

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлағатты есім!»

Мақсаты: Оқушыларды ұстаздар мерекесінде өз қабілеттерін шыңдауға және өнерлерін көпшілікке паш етуге, мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білуге тәрбиелеу.

Бағыты: Отан

Түрі: концерттік кеш

Көрнекіліктер: плакаттар, шарлар, қолдан жасалған гүлдер, т.б.


Өту барысы:

(«Ұлылықтың басында тұрар» ұстаздар қауымы туралы дыбыс жазба тыңдалады. Тушь ойналып, екі жүргізуші ортаға шығады.)


1-Жүргізуші: Армысыздар, қуаты сарқылмаған, жүздері шәкірт десе жарқылдаған ұстаздар қауымы!


2-Жүргізуші: Кеш жарық, өмірін өлеңмен, көңілін күмбірмен толтырған өнер сүйер қауым.


1-Жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар, ол- Ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан- дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады емеспе?.


2-Жүргізуші: Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Егер адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол- мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!


1-Жүргізуші: Ендеше, (2жүргізуші бөліп) Мейірімді, Ұлағатты, Ғазиз, Ақылды, Лайықты, Іскер Мамандарды , бір сөзбен айтқанда ұлылықтың басында тұрар ұстаздар қауымын мерекелерімен

Бірге: - Құттықтаймыз!


Ән: «Ұстазым менің, ұстазым»

Ор: Айбек Айтолқын, Маренова Гүлмарал.


1-Жүргізуші: -Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Өмірден сыбағасыз өтер еді.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.


2-Жүргізуші: Адам баласының тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосатын- Ата- ана,кітап және ұстаз.Жас адамның өмірінде бұл үшеуінің атқаратын рөлі ұшаң- теңіз.

Кез-келген адам «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын» алтын ұя- Мектебіміздің жан жүрегі- Ұстаз!

Олай болса, ардақтайық апайды, Құрметтейік ұстазды!


Ән: «Балалық шаққа саяхат»

Орындайтын: Қалдыбай Аяулым.

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Жантөрина Әсемгүл, Иманғазина Гүлжанат.


1-Жүргізуші: - Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкерде, бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.


2-Жүргізуші:- Ісіменен биіктерден көрінген,

Әр қадамы асыл жіптей өрілген.

Бар еңбегі тек шәкіртке арналып,

Ақталуда маңдай тері төгілген.

Білімнің айдынында жүзіп өткен,

Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.

Сен арқылы бастау алып, дана, ғалым,

Сен арқылы әлемді танып білген.


Ән: «Балдәурен»

Орындайтын: Әмірбай Аслан.

Ән: «Ұстаз бен шәкірт»

Орындайтын: Қоңыратов Ғалым, Мұңатбай Кәдірбек.


1-Жүргізуші:- Ұлы бәйтеректің тамыры бары қандай рас болса, оның жайқалған жапырақтары, өскен бұтақтары бар екені сондай рас.Бұл бәйтеректің тамыры көкте,жемісі жерде. Қазіргі ұстаздардың ұлағаттылығы, екі халықтың бірінде кездеспейтін, тағдыр пешенемізге сыйдырып жазған ұлы өнер күй дәстүрін үзіліп қалудан сақтап, ары қарай дамыта жалғастыруға үлес қосу деп білеміз.


Қ.Ахмедияров: «Ұстазға».

Орындайтын: Айбек Таңшолпан..


1-Жүргізуші: - Шәкірттерін азамат қып саналы,

Ұстаз-ана, дана бола алады.

Ең бастысы- ұстаз мына өмірде

Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.


2-Жүргізуші: Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,

Арманын аласартпас, сезімділер.

Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген

Бала үшін бар азапқа төзімділер.


Ән: «Ұстазым»

Ор: Бекзат Әниятұлы.

Би: « Қазақ биі »

Ор; Еңсегенова Айжан


1-Жүргізуші: -Өмірге қанат қақтырғаны үшін,

Білімнің көзін жақтырғаны үшін.

Өзіне сүйеп арқасын әркез,

Өткір шындықты айттырғаны үшін.

2-Жүргізуші: -Жаман мен жақсыны ұқтырғаны үшін,

Қияға қанат қақтырғаны үшін.

Өмірден орын таптырғаны үшін,

Ақ жүрегін қауырсын қаламмен орап, шәкірт жолында қасықтап қам жинайтын, Ұстаздарға мың тағзым!


1-Жүргізуші: -Жүректерді жан жылуымен, құдіретті жылуымен ерітіп, бала көңілін өз еркіне бағындырып, қияға қанат серметкен мәртебелі мамандық иелеріне арналған кешімізді тәмамдаймыз.


2-Жүргізуші: -Өмірдің парасатын үйрету жолында сан ғұмырын арнаған ұстаздарымыздың мәртебесі әрқашан биік болсын!

Бірге: Қош сау болыңыздар!


Ән: «Ұстазым»

Ор: барлық оқушылар


СОҢЫ.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?стаздар к?ніне арнал?ан

Автор: Айбек Та?шолпан Айбек?ызы

Дата: 12.09.2016

Номер свидетельства: 343458


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства