kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстазым, менің ұстазым.

Нажмите, чтобы узнать подробности

ко дню учителя мероприятие. ученики поздравляют своих учителей.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстазым, менің ұстазым.»

«Ұстазым,менің ұстазым !»


Мақсаты: Туған ауылымыздан шыққан адамдарды сыйлау, құрметтеу, үлгі түгу. Кейінгілерге өнеге көрсету

Тәрбиелік мақсаты: ұстаздарды қадірлеуге, еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды толық қатынастыру.

Көрнекілік: шар, гүлдер ілу, ән-күй ойнату.


І-жүргізуші: Мұғалімдік –ең құрметті мамандық,

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.

Ұстаздардан азаматқа таралған

Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.

Бал тәлімін беріп елдің жанына,

Бір кездері қырауланар шашы да.

Ұстаз адам ұстаз болып қалады,

Қол соқтырып заман менен ғасырға


ІІ-жүргізуші: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.

Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.

Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,

Құттықтайды барша халық осы күн.

Өзің берген біліміңе қандырып

Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.


І-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған-ұлағатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!


ІІ-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамғаған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар!

О, ұстаздар, басымды иеміз сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.

Құттықтау сөз мектеп директорының м.а. Сулейменов Д.Н. беріледі.

/Барлық оқушылар түріп қол шапалақтайды және ұстаздарға гүл сыйланады/.

Ән: «Ұстазым менің»


І-жүргізуші: Қара тақта,ақ бор ғана қолданып,

Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын...

Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,

Өзіне обал арзан дәріс, айласы.

Ұстаз болу бақыт, әрі абырой

Ұстаз деген –шәкіртердің айнасы.

Жандары ізгілік қасиетке толы, жаны жайсаң, қымбатты ұстаздар, шығармашылық табыс тілейміз. Шәкірттеріңіз сізді биік жетістіктермен, мөлдір жырларымен қуанта берсін!



ІІ-жүргізуші: Қадірлі ұстаздар ,сіздерді шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз.Мерекелеріңіз құтты болып, шаңырақтарыңыз жақсылыққа толсын!


І-жүргізуші: «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе», -Ж. Баласағұни айтқандай, біздің үлгі тұтарымыз –ата-ана, ұстаздарымыз. Оларды сыйлау – ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатырған міндетті дәстүр.

Ұстаз –адамдардың өмірге көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, айналасына білім, тәрбие негізін қалап, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға.


ІІ –жүргізуші: Мен бір биік бәйтерек,

Көкке бойым бойлаған.

Бәйтерекпін дегенім –

Жасым жүзді қармаған,

Тамырым терең дегенім -

Халқым ғой күшті қаулаған,

Жапырақтарым дегенім –

Жастарым менің самғаған, - деп Жамбыл атамыз жырлағандай, өз уақытын аямай, біреудің бақытын аялаған асыл жан. Балаға білімді үйретуден жалықпайтын тынымсыз еңбекқор. Елдің тірегі, мектептің жүрегі бола білетін ұлағатты ұстаз.


І-жүргізуші: Ізгілікті өз бойына жинаған,

Шәкіртіне білім нәрін сыйлаған.

Қалам беріп іргетасын білімнің,

Қош келіпсіз ортамызға сыйлы адам, -деп ортаға



шақырамыз!

ІІ-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен ,менше сүй, -деп Абай атамыз айтқандай ,кезекті әнге береміз. Ән: «Ұстазым».


І –жүргізуші: Ұстаз болу қиын да,құрметті. Әрі аса шеберлікпен шындалатын белесі мол мамандық. Ұстаз уақытпен санаспай, таңертеңнен кешке дейін мектепте жүріп, бір-біріне ұқсамайтын сабақтар өткізді. Шәкірттерінің жүрегіне шапағат нұрын төгіп, ілім-білім баспалдағына еркін де нық басып, көтеріліп кетуіне бірден –бір тірек бола білген ұстаздың отбасы. «Бірлік бар жерде тірлік бар», деген де осы емес пе?


ІІ-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.

Көзінде жылылық бар,

Сөзінде ұлылық бар.

Мінезін осы бастан ұғынып қал!

Орынсыз күлмегені-

Ойлана біл дегені.

Сыйламай ренжітіп жүрме оны.

Ұялтып терлеткенде Бетіне жел боп келме.

Сағына еске аларсың ер жеткенде!


І-жүргізуші: Ұстаз болу –жүректің батырлығы,

Ұстаз болу –сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу –мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы,- деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі –ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсіріп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?


ІІ-жүргізуші:Ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз-ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға!


І-жүргізуші:

Хан бол, мейлі қара бол,

Дарын бол, мейлің дана бол,

Өтетін бәрі алдынан

Ұстаздар бейне сара жол.

Ұстаздар –ұлттың тірегі,

Ұстаздар –мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен

Хслықтың ұлы тілегі.



ІІ-жүргізуші:

Тағдырың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен ақ шаш маңдайына.

Алаңсыз қуанысып шалқып жүрміз,

Біз бүгін ұстаздардың арқасында.



І-жүргізуші:

Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Ағайын тойларыңа тарту етем,

Күміс көмей әншіңнен сый алыңдар



ІІ-жүргізуші:

Ұстаздар-тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген,елге еккендер.

Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлеткендер.


І-жүргізуші:

Жайдары жүздеріңде барқыт көрік,

Жаныңның бар асылын сарқып беріп.

Жас буын өнегелі шәкірттерді

Жүрсіңдер өз балаңнан артық көріп.

ІІ-жүргізуші:

Ұстаздар,қандай ғажап халықсыздар,

Шәкіртке шындай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


І-жүргізуші: /Ұстаздарға арнау өлеңдері/

Еңбегін елі үшін аямаған,

Панаңда сан шәкіртің саялаған,

Бүгінде бәйтерексіз бойы биік,

ағай шәкірттерін аялаған.


ІІ-жүргізуші:

Келешекте кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде

Көп шәкірттің досындай

апай осындай.


І-жүргізуші:Ақыл-кеңес көп қой онда ұққанға,

Ардың туын асқақ ұстап шықты алға

Ана тілін ардақтауды үйреткен

Мың рахмет Айслу ,Арайлым, Сунхар апайларға

ІІ-жүргізуші:Көңілін болсын ақ қардай,

Жарқырап көзді тартқандай

Ел-жұрттың сені ардақтап

Жүре берсін апай.


І-жүргізуші:

«Білім»десе бойымызда тұрар күш,

Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш.

Талай рет тентектікті кешірген,

Даулет ағай өзіңізге мың алғыс!


ІІ-жүргізуші:

Алабөтен айрықша еді талғамың,

Алғыс пене абырой боп алғаның

Орыс тілдің аралатқан орманын

Орны бөлек Минаш апайдың.


І-жүргшізуші:

Теңейміз біз оны кейде жұлдызға

Үлгі тұтып келешек жас ұл-қызға

Дүние жүзінің географиясын жаттатқан

Жан жете ме жайсаң ағай Дастанға!


ІІ-жүргізуші:

Гүлбаршын апай көп ойлаумен бала қамын

Нұрланып атар іспен әрбір таңы

Ғаламды жадыратқан күн секілді

Баланы аялаған алақаны


І-жүргізуші: Аппақ сүтпен сіңген оған ар-иба

Бұл кісіге жан жете ме, дариға?!

Химиядан қиналмауды үйреткен

Қыз мінезді қимас апай Гүлнара


ІІ-жүргізуші:Ештеңенің иісі бармай мұрынға

Жүрген кезде кеше,бүгін, бұрын да

Талай заттың қыр-сырына қанақ қып

Тәрбиелеген бас иеміз ағайға!


І-жүргізуші:Атақ-даңқы аңыз болған талайға

Ағаларға баға беру оңай ма?!

Баулыған тек темірдейін тәртіпке

Мың рахмет ағайға


ІІ-жүргізуші:Білім,өнер бәріне бар талабы

Әрқашан да ащық –жарқын қабағы

Апайдың жаутаңдаған жанары

Мәнгі,мәнгі мәнгі есімде қалады



І-жүргізуші:

Ұл-қызын мәпелеп,аялаған

Досынан қол көмегін аямаған

Бүгінде ортамызда Бағила апай

Мектеп үшін еңбегін аямаған


ІІ-жүргізуші:Сүйікті біздің апайымыз

Ақ жарқын сіздің мінезіңіз

Күлімдеген көздеріңіз

Нұрланады жүзіңіз

І-жүргізуші: Гүлнар апай нұрын шашқан зейіндінің

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе

Даматтың дарын отын бейімдінің


ІІ-жүргізуші:Дәріс берген,білім берген

Жас ұрпаққа талмастан

Әрбір жастың апай

Көңіл сырын дәл басқан


І-жүргізуші:Күнім деген,күлімдеген

Қамқор болған ұстазым

Жаны жайсаң,жайдары жан

Ұғындырған сөз сазын

Ұмытпаймыз, ардақтаймыз

Апай сізді біз


ІІ-жүргізуші:Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың

Сондықтан да ұстазыма ұқсадым

Ақ көңіл де қарапайым қашанда



І-жүргізуші:Біздер әлі өтелмеген парызбыз

Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз

Аттары да аталмаған ұстаздар

Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз!


ІІ-жүргізуші:Ұлы өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін

Құрметтеік мәпелеп

Ұстаздардың есімін

Келешекке –алтын бақ

Қосар таудай үлесін

Жасай берсін жарқылдап

Ұстаз атты ұлы есім!



І-жүргізуші:Тілейіз біз амандық пен бақытты

Тілейміз біз қуаныш пен шаттықты

Білім алған ұстаз деген ұлыдан

Біздей шәкірт шынында да бақытты!


ІІ-жүргізуші:Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда

Күнім болып көріндің аспанымда

Білім болып егілдің жас жаныма

Гүлің болып төгілдім асқарыңа

Біз дегенде ұмытып бас қамын да,

Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?

Кім боп,қайда жүрсем де қасымдасың

Адал еңбек,алғысым ұстазыма!


І-жүргізуші: Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін етіп,егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер!


ІІ-жүргізуші:Дария судың ағына,

Құрметтеген шәкірті

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы!

Осымен «Ұстазым,менің ұстазым!» атты кешімізді аяқтаймыз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұстазым, менің ұстазым.

Автор: Бейсенова Гульнара Дюсембаевна

Дата: 09.10.2017

Номер свидетельства: 431554

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?стазым мені? "
    ["seo_title"] => string(15) "u-stazym-mienin"
    ["file_id"] => string(6) "147750"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419484657"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Мектеп - білім  тірегі, ?стаз - оны? ж?регі" іс- шара"
    ["seo_title"] => string(46) "miektiepbilimtirieghiustazonynzhurieghiisshara"
    ["file_id"] => string(6) "278008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453029846"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?стазым мені? ?стазым"
    ["seo_title"] => string(20) "ustazymmieninustazym"
    ["file_id"] => string(6) "281064"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453463954"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Бала жаныны? ба?баны-?стазым "
    ["seo_title"] => string(31) "bala-zhanynyn-bag-bany-u-stazym"
    ["file_id"] => string(6) "145228"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418879805"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Мені? педагогикалы? философиям! "
    ["seo_title"] => string(37) "mienin-piedaghoghikalyk-filosofiiam-1"
    ["file_id"] => string(6) "181456"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425358646"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства