1- жүргізуші: Майдан кешкен окопта сан түнеген,
Батыр туған бабалар салтыменен
Қаруластар ел үшін ұрандаған,
Намыс болып шайқаста алаулаған
Төбеден қайта зулап оқ борайды,
Айналаны ал қызыл отқа орайды.
Жеңіс үшін жастығын берген ерлер,
Бейбіт өмір, еліне төкті арайды.
2-жүргізуші: Жеңіс! Қандай құдіретті сөз еді бұл! Осы бір сөзге төрт жылдай теңселген дүниенің қайғы қасіреті, ащы азабы, тәтті арманы, ой- қиялы сыйып жатыр.
1-жүргізуші: Жеңіс! Кім де болса жеңіс туған сәтті өз өмірінің ең бақытты күніне санайды.
2- жүргізуші: Жеңіс! Сенің жолыңда қаншама қанды лайсаң қалды, сенің жолыңда қаншама қахармандар қалды. Сол обаларда отыздап, қырықтап жауынгерлер жатыр. Сол обаларда жанып тұрған жұлдыздар – ер ұлдар менқыздардың жүрек қандары емес пе?
Шарамыздың қонақтары: ҰОС ардагері:Тахаев Шудабай
Ән « Соғыстан қайтқан солдаттар»
1- оқушы: Жау әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте фин әскерлері Карель мойнағында Петрозаводскіге қарай шабуылға шықты.
2-оқушы: Ленинград 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1943 жылдың 18 қаңтарына дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен байланысты тек Ладога көлі арқылы және әуе жолымен ғана жасады.
1- жүргізуші: Қарашаның 20-сынан әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлшері 125-250 граммға дейін төмендеді. Ладога көлінің мұзымен автомобиль жолы салынып қажетті қару- жарақ, оқ- дәрі, азық- түлік т.б. тасылды.