kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Уланымыз Улы елдин

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ел бас?ару ж?йесінде ата жолын берік ?стап, ру тайпалар арасында барлы? ж?йелерді реттеп, ?аза? хал?ыны? басын біріктерген ?лы хандарды? даналы?ын, к?реген к?семдігін, халы?ты? ?амын жеген парасатталы?ын, ??ламалылы?ын, батырлы?ын о?ушылар?а д?ріптеу, ?азіргі та?да?ы 23 жылды? тарихы бар т?уелсіз елімізді? туын берік ?стап, елді? ?сіп ?ркендеуіне ?лес ?осар, білімді, саналы ?рпа? т?рбиелеу ма?сатында  "?ланымыз ?лы елді?" та?ырыбында сайыс ?ткізілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Уланымыз Улы елдин »

Мақсаты: Ел басқару жүйесінде ата жолын берік ұстап, ру тайпалар арасында барлық жүйелерді реттеп, қазақ халқының басын біріктірген ұлы хандардың даналығын, көреген көсемдігін, халықтың қамын жеген парасаттылығын, ғұламалылығын, батырлығын оқушыларға дәріптеу, қазіргі таңдағы 23 жылдықтарихы бар тәуелсіз еліміздің туын берік ұстап, елдің өсіп, өркендеуіне үлес қосар, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу

Мақсаты мен міндеті:

  • Жас ұрпақтың өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру;

  • Дарындылық, шығармашылық өабілеттерін дамыту;

  • Тіл мәдениетінің мәртебесін көтеруге тәрбиелеу

  • Оқушылардың жан-жақты қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Домбыра, қамшы, түлкі терісі, шарлар, тақырып жазылған плакат және Қазақ хандығына байланысты суреттер

1-жүргізуші: Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек,
Халық баға береді әділ хан деп.
Бар қазақтың алғашқы ханы болған,
Керей ханның билікте орны ерек.

Бізге жеткен тарихта көп бар дерек,
Өз тұсында әр ханның орны бөлек.
Төле бидей данадан тәлім алған,
Хан Абылай қазаққа болды керек.


2-жүргізуші: «Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ
Артында ор, алында көр, жан - жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап...»
- деп Мағжан Абылайды жырлағандай,
Жүк көтерген белі мықты қара нардай.
Қияннан қия баспай жол табатын,
Қазақтың билері мен хандары - ай... – деп «Ұланымыз ұлы елдің» тақырыбында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 7-сыныптар арасында шешендік өнер байқауын бастауға рұқсат етіңіздер


1-жүргізуші: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1)Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Л.Т.Мұхтарова

2)Тарих пәннінің мұғалімі – С.П.Молдашев

3)Математика пәнінің мұғалімі – А.А.Шукирбаева



2-жүргізуші:

1.Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған.
2. Қазақ хандығы құрылуы хижраның 870 жылы жүзеге асқан.
3. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған.
4. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтар мен шиеленістер себеп болған.
5. Керей мен Жәнібектің көшуі Дешті Қыпшақтағы таптық күрестің нәтижесінде болған.
6. Қазақ хандығы құрылуы бір тарихи оқиғамен құрылмаған, бірнеше жылдарға созылған тарихи дамудың заңды қорытындысы ретінде дүниеге келген.

Құрметті оқушылар байқауымыз 3 кезеңнен түрады:

І кезең. «Қазақ хандығының даму тарихы»видеоролик, слайд қорғау. Ортаға алдымен «Ұлы ел» тобы содан кейін «Ұлы дала» тобы шығады.

1-жүргізуші: Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенімен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары –Шыңғыс ханнан Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп, атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда, Керей мен Жәнібек - бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты, әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады.

Сайысымыздың ІІ кезеңі. «Жалғасын тап» (Отан, ел, батырлық, ерлік туралы мақалдардың жалғасын табуы керек.)

І. «Ұлы дала» тобына:

1)Ер сүрінбей, ел танымас

..............................................

2)Ер қартайса, қазанды болар,

.............................................

3)Ел үмітін ер ақтар

....................................

4)Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер

.....................................

5)Отансыз адам - .........................

6)Отаны бірдің жүрегі бір

.................................................

ІІ. «Ұлы ел» тобына:

1)Батырды жауда, ............................

2)Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

...................................................................

3)Батырға оқ дарымайды,

............................................

4)Ердің ісі – елдің мойнында,

...................................................

5)Ерді қорласаң – састырар,

.................................................

6)Жүкауырын нар көтерер,

..................................................

2-жүргізуші:

Біз қазақ ежелден - ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік.
Болашақтың атар деп жарқын таңы,
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік.

Бейхабар малын баққан жомарт елді,
Тұтқиылдан шапты жау Жоңғар тегі.
Айғай аттан, шулыған әрбір ауыл,
Жиған малдан айрылып үйі өртенді.

Үй киізін кескілеп тоқым етті,
Қыз, келінге зорлық қып қатын етті.
Ерді құл, әйелді күң тұл жетім ғып,
Баланы ата - анадан қашық етті.


Батты әбден тізесі сұм қалмақтың,
Билеп, төстеп қаратты бар аймақты.
Көрсеткен зорлығы мен зомбылығы,
Қазақтардың ыза - кегін оятты.

Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды,
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды.
Орыс, қытай қалмақтан аман шығар,
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды.
Байқаудың ІІІ кезеңі. Қазақтың билері: Төле, Қаз дауысты Қазбек, Әйтеке бидің шешендік өнердегі тура айтқан төрелігінен үзінді көріністі тамашалайық

1-жүргізуші: Байқаудың қорытындысын саралау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші:
            Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
            Келеміз замананы алға сүйреп.
            Бүгін де тұр біздерге
            Жер бетінде
            Азаттық,
            Бейбітшілік арқа сүйеп – деп бүгінгі байқауға қатысқан сыныптарға үлкен рахметімізді айтып, кешімізді аяқтаймыз.       


Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Жаңабұлақ ауылы

Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі

Мектеп тәлімгері Аянгалиева Салтанат Нұрланқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Уланымыз Улы елдин

Автор: Аянгалиева Салтанат Нурлановна

Дата: 16.03.2015

Номер свидетельства: 187173


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства