Ж?ргізуші-1: : Армысыздар, ?она?тар! Б?рімізді? асы?а к?ткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойлары?ыз ??тты болсын! Наурыз – «Жа?а к?н» деген с?з. Б?л к?н – бізді? ата-бабаларымыз, ар?ы тегіміз мы?да?ан жылдардан бері тойлап келе жат?ан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз ??тты болсын! ?лысты? ?лы к?ні деп атал?ан Наурызда денсаулы?тары?ыз мы?ты болсын, тілектері?із ?абыл болсын!
Ж?ргізуші-2: ?айырлы к?н ??рметті ?она?тар!
А?мола облысты? «Халы??а ?ызмет к?рсету орталы?ы» мен «Облысты? ?ан орталы?ыны?» ж?не А?мола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіні? мемлекеттік тіл ?йренушілер арасында ?тетін Наурыз мерекесіне арнал?ан «Наурыз-думан!» сайыс?а ?ош келді?іздер!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лысты? ?лы к?ні - Наурыз»
«Наурыз- думан!»
Наурыз мерекесіне арналған сценарийі
Жүргізуші-1:: Армысыздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «Жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Жүргізуші-2: Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Ақмола облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мен «Облыстық қан орталығының» және Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік тіл үйренушілер арасында өтетін Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-думан!» сайысқа қош келдіңіздер!
Жүргізуші-1: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз –жаңа серпін, жаңа леп.
Жүргізуші-2: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Жүргізуші-1:
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдеп.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер
Жүргізуші-2:
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең-жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
(Шашу шашады)
Жүргізуші-1: Құттықтау сөз Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры – Қаратай Байкенұлы Төлекеев және Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық қан орталығының» бас дәрігері Қалымжанов Сәкен Қалымтайұлына беріледі.
Жүргізуші-2:
Наурыз– бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
Жүргізуші-1: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда үш топ «Үш жүз», «Бәйшешек», «Жалын» әр түрлі кезеңдер бойынша сынға түседі. Сонымен, бүгінгі байқауымыздың қатысушыларын қарсы алайық!
(Музыка ойнатылады, қатысушылар сахнаға шығады)
Жүргізуші-2: Енді, құрметті достар, бүгінгі сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын сайыскерлердің еңбегін бағалап беретін қазылар алқасының құрамымен таныс болыңыздар:
Жүргізуші-1: 1. Қазылар алқасының төрағасы – Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры – Қаратай Байкенұлы Төлекеев
Жүргізуші-2: 2.Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының әдіскері – Қарсабаева Асемгүл Қалымтайқызы
Жүргізуші-1: Құрметті сайыскерлер , сіздерден дайындалу үшін сахна сыртына өтулеріңізді сұраймыз.
Құрметті қонақтар! Қатысушыларға сәттілік тілейік!
Жүргізуші-2: Уа, ағайын! «Наурызым –бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын ауыл ақсақалынан бата сұрап алайық.
Бата.Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Жарылқа, Алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет, абырой, бақ-даулет,
Қызыр қарап бақ қонып,
Жақсылық үшін қызмет ет!
Жүргізуші-1: Бата қабыл болсын дейміз!
Музыкалық номер. Би
Алдарыңызда « Биші қайың » тобын шақырамыз. Қазақ биі
1 сайыс«Сәлемдесу»
Жүргізуші-2:
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап –дей келе сайысымыздың алғашқы «Сәлемдесу» кезеңін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл кезеңде сайыскерлер топ атын және топ мүшелерін таныстырып, Наурызға лебіздерін білдіреді.
Сайыстың әрбір кезеңін бағалау үшін 5 ұпайға дейін беріледі.
Жүргізуші-1: 1.Сахнада «Үш жүз» тобы. Қарсы алыңыздар!
2.Сахнада «Бәйшешек» тобы. Қарсы алыңыздар!
3.Сахнада «Жалын» тобы. Қарсы алыңыздар!
2 сайыс Таныстырылым
Жүргізуші-2: Келесі сайысымыз «Таныстырылым» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлердің дайындаған «Наурыз мейрамы туралы» призентацияны тамашалайсыздар! (Слайд - шоу «Наурыз мейрамы туралы»)
1.Сахнада « Үш жүз» тобы. Қарсы алыңыздар!
2.Сахнада «Бәйшешек» тобы. Қарсы алыңыздар!
3.Сахнада «Жалын» тобы. Қарсы алыңыздар!
3 сайыс. «Білгірлер»
Жүргізуші-1: Келесі сайысымыз «Білгірлер».
Бұл кезеңде ортаға әр топтан 1 адамнан шығып, кубик тастау арқылы берілген сұрақтарға жауап береді. (викториналық сұрақтар)
1. Байғазы- дегеніміз не?
2.Наурыз мейрамы туралы не білесіз?
3. Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады?(Ақша қар)
4. 22-наурыз күні табиғатта қандай өзгерістер болады?
5. Наурыз көже құрамына кіретін 7 тағамды атаңыз?
6.Көрімдік дегеніміз не?
7. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңыз?
8. Жігіттердің қыздарға беретін сыйы?(Селтеткізер)
9. Жасау дәстүрі туралы айтып беріңіз?
10.Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы ?(Наурызек)
11. Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіз?
12. Қырқынан шығару салты туралы не білесіз?
4 сайыс. Ой жүйрік!
Жүргізуші-2: Ой жүйрік кезеңі. Бұл кезеңде әр топ ортаға шығып берілген суреттер бойынша мақал-мәтел табу керек.Әр топқа 3 мақал беріледі. Бір мақал 1 ұпай болады.
Ортаға «Үш жүз» тобын шақырамыз.
1. Жауынмен жер көгереді, Батамен ел көгереді.
2. Отансыз адам -ормансыз бұлбұл.
3. Орамал тон болмайды, Жол болады.
«Бәйшешек» тобы:
1.Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі.
2.Білім инемен құдық қазғандай.
3.Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
« Жалын » тобы:
1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл
2. Бұлақ көрсең көзін аш.
3. Кыздың қырық жаны бар.
Жүргізуші-1: Ал, енді біраз сергіп қалайық. Халқымыздың ұлттық ойындары көп екені белгілі.
Соның бірін ойнайық.
Музыкалық номер. Би
Алдарыңызда « Биші қайың » тобын шақырамыз. Өзбек биі
5 сайыс. «Салт -дәстүр- асыл қазына»
Жүргізуші-2: Қазақта салт дәстүрлер өте көп. Олар: тәрбие дәстүрлері, отбасы дәстүрлері, діни дәстүрлер, наурыз дәстүрлері, еңбек дәстүрлері болып бөлінеді. Әрбір халықтың салт - дәстүрі ұлттық рухани құндылығы болып саналады. Бұл кезеңде әр топ сайыскерлері өздерінің дайындаған салт- дәстүрден көрінісін қояды.
Жүргізуші-1: 1.Сахнада «Үш жүз» тобы. Қарсы алыңыздар! Тұсау кесер!
Жүргізуші-2: 2.Сахнада «Бәйшешек» тобы. Қарсы алыңыздар! Бесікке салу!
Жүргізуші-1: 1.Сахнада « Жалын » тобы. Қарсы алыңыздар! Беташар!
6 сайыс. Өнер көкке жеткізер
Жүргізуші-2:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден шашу шашайық.
Бұл кезеңде, әр топ сайыскерлері өз өнерлерін ортаға салады. Ендеше, сайыскерлердің өнерлерін тамашалап, бағалап отырайық ағайын.
Жүр-2: 1.Сахнада «Үш жүз» тобы. Қарсы алыңыздар!
Жүр-1: 2.Сахнада «Бәйшешек» тобы. Қарсы алыңыздар!
Жүр-2: 1.Сахнада « Жалын » тобы. Қарсы алыңыздар!
7 сайыс. Тату үйдің тамағы тәтті
Жүргізуші-1: Наурыз – араздасқандар достасатын, ренжіскендер табысатын, елді бірлікке, ынтымаққа шақыратын күн. Ал, Наурыз көже – татулық пен бірліктің асы. Халқымыз наурыз мейрамын үш күн немесе апталап, айлап тойлағанын ескерсек, Наурыз көжеден ыңғайлы тағамды қайдан табасыз?
Жүргізуші-2: Ендеше келесі кезеңімізде әр топ наурыз мерекесіне арнап әзірлеген қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынады. Қазылар алқасы дастарханнан дәм татып ,бағасын беруге шақырамыз.
Жүргізуші-1: Осымен сайысымыз аяқталды. Ал, қазір қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, өз бағаларын бергенше, ендігі кезекті Наурыз мерекесіне арналған ән шашуларға берейік.
Музыкалық номер. Ән
Ән: «Қазақы дастарханым»
орын. Ашімов Серік Набиұлы.
Жүргізуші-2: Ал, құрметті қонақтар құттықтау сөз қазылар алқасының төрағасы Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры – Қаратай Байкенұлы Төлекеев мырзаға беріледі.
Марапаттау салтанаты
Жүргізуші-1:
Бүгінгі сайысымызды өткізуге көмек көрсеткен «Облыстық қан орталығы», Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы және сайысқа қатысқан 3 топ сайыскерлеріне үлкен алғыс білдіреміз. Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін.