Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Э.Қ.Оразбаева Үздік мектеп кітапханашысы-2015 Кітапхана мәңгілік парасаттың ең биік, ең киелі ғимараты болса, кітапханашы сол рухани қазынаның шырақшысы мен ақыл-ой әлеміндегі жол сілтеушісі. Кітапханашының еңбегі жұртшылықтың назарынан тыс қалып, көзге әрқашан іліне бермесе де қоғам мен мемлекеттің дамып өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігі сөзсіз. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оқырмандарға жан тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан теңіз. Талдықорған қаласы бойынша 26 мектеп кітапханасы жұмыс ісейді. Қалалық білім бөлімі мектеп кітапханашылар арасында байқау ұйымдастырды . 2014-2015 оқу жылы М.Горький атындағы №4 орта мектепте «Үздік мектеп кітапханашы -2015 » атты сайыс байқау ұйымдастырылды. Байқау 5 бөлімнен тұрды. 1.Кітапхана жұмысының жүйесін таныстырды 2.Білікті және іскер кітапханашы 3.Өнерге әркімнің бар бір таласы 4.Оқушыны кітап оқуға қызықтыру жолдары (реферат қорғау) 5. Кітапханашының портфолиосы Бірінші бөлімінде кітапханашылар кітапхана жұмысының жүйесін таныстырды , мұнда әр қатысушы өз мамандығы және күнделікті кітапхананың жұмысымен таныстырып, әр таныстыру өзінің ерекшелігімен өзгешеленді. Екінші бөлімі «білікті және іскер кітапханашы» атты бөлімінде қатысушылар өздернің оқығандығын және білген тергендерін ортаға салып, сонымен қатар кітапхана мамандығына қатысты сұрақтарға толық жауаптарын берді. Үшінші бөлімі «өнерге әркімнің бар бір таласы» атты бөлімінде әр кітапханашы өз өнерлерін көрсетіп, бірі кулинариялық рецептерімен бөлісіп, бірі сурет салса, бірі бисер моншақтарымен аппликация жасап әкелді, бірі поэзия, бірі ән айтып әділқазылар алқасын тамсандырды. Төртінші бөлімінде реферат қорғады, тақырыбы: «Оқушыны кітап оқуға қызықтыру жолдары» . Бесінші бөлімінде кітапханашының портфолиосы қорғалды . Үміткерлердің көрсеткен өнерлерін таразылаған әділқазылар алқасының төрайымы қалалық білім бөлімінің бас әдіскері Елубаева Гаухар Сламғалиқызы , қалалық балалар кітапханасының әдіскері Р.Ж.Күзембаева қалалық кітапхананың әдіскері А.Ж.Баймұхан , қалалық білім бөлімінің әдіскері Қ.Кәкәмбаева. №15 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Т.Ө.Құрсабаева бағалады. Байқаудың қортындысы бойынша бірінші орынды Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Б.Кебекбаева иеленді. Байқау соңында әділқазылар алқасының төрайымы қалалық білім бөлімінің бас әдіскері Елубаева Гаухар Сламғалиқызы сөз сөйлеп кітапханашыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бірінші орынды Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Бахытгүл Тілепалдықызы Кебекбаева өзінің тәжірибелі,білімді іскерлігімен жеңіске жетті. Бақытгүл апай байқаудың бес бөлімінде де ең жоғарғы бағамен бағаланды. Кітапханашы апай білікті маман екенін дәлелдеп осы сайыста І орын жеңіп алды. Үшінші «Өнерге әркімнің бар бір таласы» атты бөлімінде ақын М.Мақатаевтың «Поэзия» өлеңін мәнерлеп жатқа айтып, тәтті тағам торт пісіріп, кітап мұқабасы, және «Поэзия әлемі» деп, бетін қалам, сиясауытпен безендіріп өз өнерін көрсеті. Бақытгүл апай жан-жақты , тәжірибесі мол, әрқашанда сұраныстарды қанағаттандырып отырады. Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Б.Кебекбаева байқауда телевизор, бағалы сыйлықпен марапатталды. Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Э.Қ.Оразбаева |