Просмотр содержимого документа
«Внеклассная работа по технологии "Көңілді жәрмеңке"»
Технология сабағынан сабақтан тыс іс-шара «Көңілді ярмарка»
Сабақтан тыс іс-шараның мақсаты:
Білімділік: бекіту, кеңейту, іскерлігін және дағдыларын
ойын үлгісінде көрсету
Дамытушылық: кәсіптік ой-өрісін кеңейту,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жұмыс
кәсіптерге қызығушылықпен қарату.
Іс-шараның барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізушінің сәлемдесуі.
Қайырлы күн балалар және құрметті қонақтар!
Бүгін біз сіздерді «Көңілді ярмарка» ойынына шақырамыз, бұл жерде балдар және қыздар арасында қызықты жарыстар өтеді.Бүгін біз бұл жерге келгеніміз тату, көңілді және пайдалы демала алатынымызды көрсетуге келдік.
Әділқазылармен танысу.
Жауаптарды бес балдық жүйесімен бағалау.
Командаларының шығуы
Сәлемдесу, девиз, эмблема
II. «Mакалды окып көр» жарысы
Мақалдың екінші бөлігін табу.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тілінбей.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық,
Ерте тұрған еркектің ырысы артық.
ІІІ. «Анаграммалар» сайысы
Дұрыс сөзді жаз
1. Ы Н А Қ Д Й Ы Д (ДАЙЫНДЫҚ)
2. Ұ М Й Ы Б (БҰЙЫМ)
3. О Н Б Л Ш А (шаблон)
4. Л А Ғ Б А (БАЛҒА)
5. А А Р (АРА)
6. А Ш Й Ы Қ (ҚАЙШЫ)
Музыкалық нөмір
ІV. «Керісінше ойыны» сайысы
«Форс-мажорды» еске алыңыз.
Бұл сайыста топтардан 2 адамнан шақырылып тапсырма беріледі: ұлдарға бутерброд жасау, қыздарға ағашқа шеге қағу. Қыздардың мақсаты: шегені түзу қағу, ұлдардың мақсаты: дәмді бутерброд дайындау.
V. «Артык болмас білгенін» жарысы
Ұл балаға – жүрек неге беріледі? (ержүрек, батыр болсын).