Просмотр содержимого документа
«: «За?ды білу-заман талабы» »
Тақырыбы: «Заңды білу-заман талабы»
Мақсаты: білімділік- оқушыларға еліміз қабылданған Ата заңның өмірлік қажеттілігін ұғындыру, заңды өмірде қолдана білуге үйрету; дамытушылық- құқықтық сауаттылығын жетілдіру, заң негізінде өз құқығын талап ете білуге баулу; тәрбиелік- патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, заң кітаптары
Жоспар
Кіріспе.
І. Ата заң туралы мәлімет
ІІ. Бала құқығы және міндеттерімен таныстыру
ІІІ.Әдеби монтаж
ІҮ. Көрініс : «Партаға таласу»
Ү.Ұлылардан қалған асыл сөздер
ҮІ. «Құпия дос» (тренинг)
Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір
қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ
мақсатқа қол жеткіземіз
Нұрсұлтан Назарбаев
Барысы.
Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздігін,оны мен солын танып, бары мен жоғын түгелдеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының түс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы,рәміздері, ұлты бар жалпыхалықтық ұйым десек, сол қазақ ұлтының төлқұжаты-Ата заңы. Егер тарихқа көз жүгіртер болсақ Ата заңымызыдың негізі сонау ықылым замандағы Есім ханның «Ескі жолынан» бастау алып, Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» жалғастырды. Сол заманда-ақ ортақ заңға бас иіп, ауыздары дуалы, сөздері дана билердің шешімдерімен келісіп отырған. Қазақ халқының бейбіт тыныш заманда өмір сүруіне Төле би, Әйтеке би және Қазыбек бидің үлестері көп болды. Қазіргі уақытта еліміздің бүгіні мен болашағы бүкіл әлемді сүйсіндіріп отыр. Қазақ елі дүниені мойындатып қана қоймай, жасампаз жарқын қуатымен көш бастап келеді.Бұл тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры-Ата заңымыздың арқасы.
1995 жылы 30- тамызда Ата заңға қол қойылды.
30- тамыз «конституция күні» болып есептеледі. Конституция күні мереке ретінде атап өту туралы Қазақстан республикасының Конституцияның 90- бабында айтылған.
Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.
Баланың құқықтары туралы заңдары. ІІ бөлім 1- тарау
бап. Бала -он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам
5- бап. Баланы қинауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
15- бап. Әрбір баланың мектепке баруға және тегін білім алуға, демалуға, емделуге құқығы бар.
19- бап. Әрбір бала пікірі болуына және ойындағыны еркін айтуға құқықты.
12- бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз бөтен үйге кіруге, жазысқан хаттарын оқуға құқығы жоқ.
Баланың міндеттері
20- бап. Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқығын, ар-ожданын, ел нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, табиғатты сақтауға, мектеп ережелеріне бағынуға міндетті.
Дүниежүзі елдері қолдайтын ортақ заңдар мен ережелері бар.Олардың бастылары:
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948ж)
Балалар құқықтары туралы конвенция (1989ж)
Заң – жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі.
(И.Кант)
Қазақ халқы-ең бейбіт халықтардың бірі
(Шоқан Уәлиханов)
Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақстақа қол жеткіземіз
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Заң- мемлекеттің тоғыз қабат төр көзді сауыты
(Шерхан Мұртаза)
«Құпия дос» (тренинг)
Сынып оқушыларының парақатарға атын жазып, жасырын түрде қойылады. Бір оқушы шығып сол оқушының сыныптағы іс-әрекеттері мен мінез- құлқын айтады. Оқушылар оның кім екенін табады.
Сабақты бекіту.
Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз не туралы болды?
Сендердің құқықтарыңа нелерді жатықызуға болады?
Өз ойымды айтуға, мемлекеттік тілде жазуға, сөйлеуге, оқуға құқым бар
Мен туып өскен жерде тұруыма, оны қорғауға, тұратын мекенімді таңдауға құқығым бар.
Тек жақсы істерді істеуге құқылымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін
Құқық әділеттік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелерін естен шығармауымыз керек екендігін ұмыт