kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаяу ж?ргінші ку?лігін табыстау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: "Жаяу ж?ргінші ку?лігін табыстау" р?сімі

Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды жолда ж?ру ережесімен таныстыру,жол ?ауіпсіздігін есте са?тау?а,к?шеде д?рыс ж?руге ?йрету.

Бізді? елімізде ?р т?рлі к?ліктер жылдан-жыл?а к?бейіп келеді.Жаяу адамдар мен к?ліктегі жолаушылар саны да к?бейе т?суде. К?шелер мен жолдарда?ы жа?дай бар?ан сайын к?рделеніп келеді. Жол-к?лік о?и?аларыны? ?аупі арта т?суде. Сонды?тан да ж?ргізушілер мен жаяу адамдарды? к?шелер мен жолдарда ерекше т?ртіпті ж?не м??ият болуы ?ажет.

      Бізді? ма?сатымыз жас?спірімдерге жол ережесін  б?збау?а ж?не жолда абайлап ж?руге ?йрету.  о?ушыларды жолда ж?ру ережесімен таныстыру, жол ?ауіпсіздігін есте са?тау?а,к?шеде д?рыс ж?руге баулу, "жаяу ж?ргінші" ку?лігін табыстау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаяу ж?ргінші ку?лігін табыстау»

Өтетін орны: Мектеп акт залы

Өтетін күні: 19.09.2014, сабақтан кейін

Сабақтың тақырыбы: "Жаяу жүргінші куәлігін табыстау" рәсімі

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін есте сақтауға,көшеде дұрыс жүруге үйрету.

Қатысатын сыныптар: 1 сыныптар

Ұйымдастыру бөлімі:

Тәлімгер сөзі; Қайырлы күн құрметті Ұстаздар, қонақтар, 1 сынып оқушылары мектебімізде 15 - 25 қыркүйек аралығында «жол – көлік жарақаттанулардың алдын - алу» онкүндігі ұйымдастырылуда. Осы онкүндік аясында өткізіліп отырған 1 сыныптарға арналған "Жаяу жүргінші куәлігін" табыстау салтанатты рәсіміне қош келдіңіздер.

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.

Біздің мақсатымыз жасөспірімдерге жол ережесін бұзбауға және жолда абайлап жүруге үйрету. оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға,көшеде дұрыс жүруге баулу, "жаяу жүргінші" куәлігін табыстау.

Бүгінгі салтанатты жиынымзға мектеп директоры Муратова Ұлмекен Сағынқызы және аудандық жол полицясы Беріктас Беркінғалиұлы қатысып отыр. Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Муратова Улмекен Сағынқызына беріледі.

\директор сөйлейді\

Келесі сөз кезегі қонағымыз аудандық жол полициясы Беріктас Беркінғалиұлына беріледі.

1 жүр: Слайд көрсетіледі

Көрініс:

\ортаға бағдаршам болып киінген оқушы келеді\

-Қайырлы күн оқушылар, мен бағдаршаммын. Біз бүгін сіздермен кездесу себебіміз - жолда жүру ережесі туралы болмақ . Біз сіздерге бүгін жол ережесі туралы мәлімет береміз.

(оқушыларға ЖЖИ кітабын көрсетеміз)


Сіздер жолда көп жүресіздер, мектепке келесіздер, дүкенге барасыздар, қалаға барасыздар. Ол үшін жол жүру ережесін көбірек білулеріңіз керек.

\Осы кезде білімді мен дым білмес келеді\

Білімді: Көрдің бе, міне сен білмейсің сонымен қоймай менімен таласасың. Саған әлі көп оқу керек, көп үйрену керек.

Дым білмес: Рас па? Мен бәрін білем! міне мен бәрін білем мынанын бәрін білем. Білем ғо бұлардың бәрі көшеде ілулі тұрады ғо, бірақ ұмытып қалдым, олар қалай аталатын еді.

\Қабырғада ілулі тұрған жол ережесінің суреттеріне қарап\

Білімді: Олар белгі деп аталады, жол белгілері

Дым білмес: Иә, иә мен де солай айтқым келген!

Білімді: Егер сен бәрін білетін болсаң айтағойшы мына белгі нені білдіреді! \Жаяу жүргінші белгісін көрсетіп\

Дым білмес: Иә, өте қарапайым! Бұл деген осы жерде осы белгі бар деген сөз, яғни балаларға осы жерде ойнауға болады деген белгі.

Білімді: Сен не айтып тұрсың дым білмес. Балалар сен оны тыңдамаңдар, ол сендерге дұрыс емес айтып тұр. \дымбілмеске қарап \ бұл жаяу жүргіншілерге жүруге болады деген белгі. Жолдың бойына доп ойнауға болмайды.

Бағдаршам: Тыныш-тыныш, жетер осы таласқандарың?

\Оқушыларға қарап\

Қане, балалар дымбелмеске жолда тұратын белгілер туралы түсіндірейік. \Белгілерді көрсетіп, түсіндіреді\

1 жүр: Міне, оқушылар сіздер жол ережесі көптеген мәлімет алдыңыздар.

Жол ережесін сақтаймыз ба? \Оқушылар жауап береді\

Жолда абай боламыз ба?

Онда біз сіздерге жолда жүру куәлігін табыстау рәсәмән аудандық жол полициясы инспекторы беріледі.

\Куәлік беріледі\

Ән:

Келесі кездескенше сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жаяу ж?ргінші ку?лігін табыстау

Автор: Актаева Молдир Болатбаевна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303326


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства