Көрдіңдерме, балалар! Біз біреуге кішкене жақсылық тілесек, ол өзімізге үлкен жақсылық болып қайтадан оралады екен.
3. Тіл жаттығуы.
Қазір қандай сабақ болады?
Қазір әлеуметтік тұрмыстық бағыттау сабағы болады.
Қазір қандай ай?
Қазір желтоқсан айы.
Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
Бірінші желтоқсан Қазақстанның тұңғыш президент күні, он алтыншы желтоқсан тәуелсіздік күні, жаңа жыл мерекелері бар.
Адамгершілік қасиеттерге не жатады?
Адамгершілік қасиеттерге қайырымдылық, қамқорлық, мейірімділік, жақсылық жасау жатады.
«Ой қозғау»
-Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
-Жақсылық- адамдықтың белгісі.
-Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, табиғатқа қамқорлық, қайырымдылық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді.
-Адамдардың бір-біріне жақсылық жасауы оларды достастырады.
Мұғалім сөзі: Жақсылық жасау тек қана адамдарға емес, қоршаған ортаға, айналаға, барлығына көмек көрсету, қайырымды болу. Егер адамдар бір- біріне жиі жақсылық жасаса әрқашан дос, бауыр болады.
Сабақ тақырыбын хабарлау.
«Жақсылықпен жаным дос»
Сөздікпен жұмыс:
зая — бекер, босқа.
құнды қасиеттер- қайырымдылық, мейірімділік, кеңпейілділік.
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Балалар, сондықтан біз үнемі бір-бірімізге жақсылық жасауымыз керек! Ешқандай жақсылық зая кетпейді.
а) «Жақсылық жасауға асығайық» бейнеролик қарау.
Жақсылық әрбіріміздің қолымыздан келеді. Жақсылық жасау үшін міндетті түрде бай, ғұлама болуы шарт емес. Ешқашан қайырымдылығына қайтарма сұрамайды. Жақсылық пен қайырымдылықты жасаған сайын бақытты қоғамның босағасын бекітеміз. Жақсылық жасауға асығайық.
Бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап беру.
Жігіттің бойынан қандай құнды қасиетті байқадыңдар?
Жанашырлық, қайырымдылық, мейірімділік.
Бойында осындай құндылықтар бар адамды қалай атайды?
Жақсы, адал, ақ жүректі, мейірімді, кеңпейіл адам деп атайды.
Мінекей балалар, біздің тағыда бір кезекті сабағымыз аяқталғалы тұр. Мен ойлаймын біз бүгін сабақта бір маңызды адами құндылық туралы әңгімелестік. Енді ата- аналарыңа, достарыңа, қоршаған ортаға деген өз тілектеріңді білдіріңдер. (Кішкентай жүрекшелерге өздерінің тілектерін жазады.)