Саба?ты жа?а а?паратты? технологиялармен о?ытуда?ы білім сапасыны? кепілі
?стіміздегі ?асыр – жеке т?л?аны ?алыптастыру, ізгілендіру, дамыту ?асыры. Олай болса, м??алімні? алдында т?р?ан бірден-бір ма?сат - о?ушылар ал?ан білімдерін пайда?а асырып, ?здігінен ?рекет ете алатын, оларды т?рлі ?мірлік жа?дайда ?олдана білетін, жалпы адамзатты? ж?не ?лтты? ??ндылы?тарды ?атар ме?герген, ?зіндік к?з?арасы бар, Отанын шын с?йетін азамат болып жетілуіне к?мектесу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?а а?паратты? технологиялар»
Жаңа ақпараттық технологиялар
(баяндама)
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Қ.Шорманов атындағы орта мектеп
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Молдабаева Гулсим Жаненовна
Сабақты жаңа ақпараттық технологиялармен оқытудағы білім сапасының кепілі
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімнің алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және ұлттың құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді қайта құру тарих пәнінің мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғары талап қойылды. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез - кезген қайта құрулары педогогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педогогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілет дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесін мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қойды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан тарих пәнінің мұғалімдері жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалануға болады. Біздің бүгінгі қарастырып отырған басты мәселеміз.
«Жаңа ақпараттық - технологиялар» ұғымының пайда болуымен және білім беру саласына компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудан негізгі құралы компьютер болып табылады. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
Ақпараттық технология екі құрамдас бөліктен тұрады: компьютерлік сауаттылық және компьютерлік білімдарлық.
Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталды. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
«Білім туралы» Заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттың және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптардың ішінде былай делінген:
өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру
өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пән аралық жобаларының жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.
Бұл талаптар – маманға қойылатын талаптар. Педогогикалық қызмет - қоғамдық құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жақсы білімнің жинақталуы өндірістік жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатының өзгертуді талап етеді, себебі ол қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы тиіс.
Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы әлеуметтік дүниеге көзқарасы жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты.
Оқушы білімнің сапалы болуы бір жағынан ұстаздың дәріс беру шеберлігі және жаңа технологияны тиімді пайдалана білуге байланысты. Оған компьютерлік техника ақпараттық технология және басқа да ғылыми – техникалық прогресс әсерін тигізуде.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кем дегенде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен жылы іске асырылған болатын. Кейінен қабылданған Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфо құрылым қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасында компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесін ақпараттандыру ісін ары қарай дамыту барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық. Мұғалімнің міндетті – жеткіншек ұрпаққа сапалы білім беру.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін ғылыми практикада шешу ең басты орын алады. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғаліммен оқушы қарам – қатынасы жүйесін, олардың іс әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.
Демек, тарих пәнін оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа гипертексті элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электронды оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал. Оқушылардың тарих пәнін жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиялар педагогтің мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу қарастырылуы тиіс.
Компьютерлік технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа «компьютермен өз бетінше жұмыс істей білу, компьютерлік техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды іздеу дағдылары мен біліктіліктерінің болуы».
Компьютерлік білімдарлықтың белгілеріне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кең түрлілігін бағдарлай білу, олардың мүмкіндіктерін білу, нақты бір жұмыс үшін тиімді бағдарламалық құралдарды таңдай білу.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық – бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Оқытудың компьютерлік технологиялары педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.
Оқыту ісіндегі қазіргі ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері – танымдық әрекетті басқару процесі мен қазіргі ақпараттың білім ресурстарына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады.
Компьютерлік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдылары қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады; осыларға қоса, мемлекет мектептерге қойып отырған әлеуметтік тапсырыс деңгейіне де сәйкес келеді. Компьютерлік модельдердің интерактивтігі (екі жақтығы) оқыту процесінде бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер береді (интерактивтілік- модель параметрлерін өзгерту арқылы не болатыны көрсету).
Шығармашылық деген сөздің сырына үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен толқынысының, жігері мен сабырлығынан, сұранысы мен сезімінен көрінеді.
Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс – әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады. Ұстаздың шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақтың өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, яғни шеберлігіне байланысты.
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі – мұғалім. Қазіргі мұғалім мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Компьютер тек оқушы қолындағы құрал ғана емес, ол оған қоса төмендегідей маңызды педагогикалық мәселелерді шеше алады:
Білім мазмұнының мектептік компонентін жасау;
Мектептің оқу жоспарын тиімді ету жасау;
Оқушының қабілетіне қарай үйрету ісін ұйымдастыру;