kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жас ?лан» балалар мен жас?спірімдер ?йымына о?ушыларды ?абылдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

білімге ??штар, ?зін-?зі жетілдіруге ?немі ?мтылатын, ?ршіл, ?айсар етіп т?рбиелеуді, д?ст?рімізді, ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тарымызды ?астерлейтін рухани д?ниесі ке? т?л?аны ?алыптастыруды к?здейтін

«Біры??ай «Жас ?лан» балалар мен жас?спірімдер ?йымы» Республикалы? ?о?амды? Бірлестігіні? ?атарына мектеп о?ушыларын ?абылдау р?сіміне арнал?ан салтанатты жиынымызды ашы? деп жариялаймыз!

?аза?стан к?ннен-к?нге ?ркендеп, г?лденуде. Біз, осындай елде ту?анымыз?а ба?ыттымыз. Б?гін ?стаздар ж?не о?ушылар Республикалы? біры??ай «Жас ?лан» балалар мен жас?спірімдер ?йымына ?абылдау р?сімінде ку? болып отыр.

Т?сініп тере?, ?мірді? м?нін,

Жалынды жастар, сендерсі? с?нім

Беретін бой?а к?ш-?уат,жігер

Шыр?алсын шатты? ?н?ран ?нім!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жас ?лан» балалар мен жас?спірімдер ?йымына о?ушыларды ?абылдау»

Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны орындалсын!

Әнұран ойналады

Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілуге дайын.

Ендеше Тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.



Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

Білімді –көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:

1. ҚР патриоты болуға;

2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

3. Отанымызды мақтаныш етуге;

4. Ата-ананы қадірлеуге;

5. Білімге ұмтылуға;

6. Салауатты өмір салтын ұстануға;

7. Табиғатты аялауға;

8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;

9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?



Топ басшылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындалсын!

«Біз ...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

- ұранымыз

Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.

Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.

Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.



Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Анттың мәтіні:



Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:



Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.



Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде



АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Құттықтау сөзі Тоқмансай негізгі мектебінің директоры: Г.К.Тулеповаға беріледі

Қошемет көрсетіледі.

Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. ҚР туы шығарылсын.

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.



Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Жас ?лан» балалар мен жас?спірімдер ?йымына о?ушыларды ?абылдау

Автор: Жарбусинов Ертай Серикович

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252609


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства