Просмотр содержимого документа
««Жасөспірімдер мен құқықтық жауапкершілік»»
Республикалық «Қайырымды іс қылсаң-қайырымын өзің көресің» атты акциясы
қорытындысы бойынша №5 мектеп-лицейінің 9 В сынып оқушылары мен
ата-аналары тарапынан жасалған қайырымдылық шаралары мен игі істері бойынша
АНЫҚТАМА
Республикалық «Қайырымды іс қылсаң-қайырымын өзің көресің» акциясы №5 мектеп-лицейінде де жоғары дәрежеде, ата-аналар мен оқушылардың ауызбіршілігімен 2020 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпан аралығында ұйымдастырылды. Осы шараға 9 В сынып оқушылары мен ата-аналары да қалыс қалмай бірауыздан атсалысты.
1-2. Игі шара оқушылар мен ата-аналардың мектеп залында тұрған «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» жәшігіне оқушылар 3000 тг, ата-аналар 5000 тг көлемінде қайырымдылық жасауынан басталды.
3-4. Сынып ұлдары мектеп ауласындағы, шалқар қаласы вокзалының алды мен мектеп алдындағы
мұз бетіне құм сеуіп,адамдардың өмір қауіпсіздігіне өз септіктерін тигізді.
5. Оқушылар мектебімізде өткен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің аудандық семинары барысында мұз айдынында хоккей жаттығуларын тамашалап, семинарға қатысқан ұстаздарға ыстық әрі тәтті шәйлерімен бауырсақтарын таратты.
6. Ата-аналар мен сынып оқушылары аз қамтылған отбасыларға арнап әлеуметтік педагогке азық-түлік тапсырды.
7. Сынып оқушылары мектеп кітапханасына кітаптарды табыс етті.
8. Сынып оқушылары мұз айдынында 3 "В" сынып оқушыларының коньки тебуіне көмек көрсетті.
9. Оқушылар 5 сынып оқушыларына қауіпсіздік ережелері мен құқықбұзушылық туралы тәрбие сағатын өткізіп, балаларға түрлі жаңа жаңалықтармен таныстырды.
10. Сынып ер балалапы мектеп мұз айдынындағы қарды тазалады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген ұранмен 9 В сынып оқушылары мен ата-аналары игі істер атқарды. Игі істер әлі де өз жалғасын табады деген үміттеміз.