Разработка мероприятия,посвященного дню вывода войск из Афганистана, содержит сведения о причинах и начале войны, количестве участников-казахстанцев и жертв данной войны.Приводятся тексты стихотворений на русском и казахском языках,указаны видеоролики и песни, использованные во время проведения мероприятия.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты:Ауғаныстанның ұрыс даласында болып,ел абыройын қорғауға атсалысып, интернационалдық борышын адал атқарған жауынгерлеріміздің ерлік істері турасында түсінік қалыптастыру.Әрбір оқушыға өз Отанын қорғау-қасиетті борышы екендігін ұғындыру.
Барысы:
- Қайырлы күн, құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
– Добрый день, дорогие гости, уважаемые учителя, учащиеся!
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
-Құрметті қонақтар,кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты және Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған«Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
-Әкелінсін туын көтеріп асқақ айбыным,
Қуантып елді, жасартып мәңгі ай,күнін,
Паш етіп жатқан қазақтың дархан байлығын.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы әкелінсін.
-Мемлекеттік Гимнді орындау
-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар . Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл толып отырғанда бұл соғыстың қалай басталғанына тағы да бір зер сала, сараласақ....
Видеоролик «Советские войска в Афганистане.1979-1989 гг»
- Около 27 лет назад закончилась десятилетняя война в Афганистане. В учебниках еще не описаны эти события, хотя они сыграли существенную роль в истории стран бывшего СССР. А знание истории необходимо, т. к. тот, кто не знает прошлого, осужден на повторение пройденных человечеством ошибок.
- Как известно, в результате апрельской революции 1978 года в Афганистане был создан новый национально - прогрессивный строй, устранен деспотичный шахский режим, привлечены широкие народные массы на сторону революции, осуществлена земельная реформа, большое количество земли было продано в интересах народа.
-Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.Ал сол қасіретті жылдар туралы халқымыздың не түйген ойы бар?
10Ә сынып оқушыларының қала тұрғындарынан ауған соғысына қатысты
алынған интервьюге назар аударайык
- Революционные события в Афганистане встретили ожесточенные сопротивления внешних врагов. Со стороны Пакистана, Ирака, Китая была развернута непрерывная подрывная деятельность. В свою очередь, реакционные остатки старого режима развернули борьбу против революционного строя.
-Новое государство обратилось к правительству бывшего СССР с просьбой об оказании политической и материальной помощи, включая военную поддержку. И бывший Советский Союз оказал такую поддержку. 24 декабря 1979 года было принято решение о вводе войск в Афганистан. Война в Афганистане длилась 9 лет и 10 месяцев.
«Афганистан живет в моей душе…» әні
- 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
-Жаулардан қарсы келген жасқанбаған Жасаған ерлігіне мастанбаған. Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп, Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда.
-Құрметті қонақтар, ұстаздар, әскери кәсіп адамдары!
Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші,
берер тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері бүгін біздің ортамызда. Ендеше, келген қонақтарымызға қошемет білдірейік.
Қонақтар таныстырылады
- Армысыздар, ауғандық жауынгерлер Жырым бар жараланған, жаныңды емдер. Өлгендердің жәннатта болсын жаны, Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
-Время выбрало нас, Закрутило в Афганской метели. Нас позвали друзья в грозный час - Мы особую форму надели. И в огни горных трудных дорог, Своей кровью крапили походы. Не заметили в вихре тревог, Как минуты прессуются в годы.
- Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып. Әндететін кезің еді төс керіп, Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп, Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып
Назарларыңызға кішігірім көрініс
-Отан үшін оққа тос кеудеңді, Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді. Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді Жебейді олар әруағымен сендерді.
-Аналардың көл боп аққан көз жасы, Жетім - жесір тағдырларын ойлашы. Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз, Елі үшін құрбан болған ер басы.
- Афганская война длилась 3. 341 день, а завершением считается официальная дата окончания вывода ограниченного контингента - 15 февраля 1989 года.
-«Ауған соғысының табиғаты да, тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді.
« Рота,подъем!» әнін қабыл алыңыздар
- Ауған соғысына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.
-Уже давно закончилась война, Летит неумолимо время быстро, Но до сих пор героев имена Чеканят на гранитных обелисках.
- Ер қадірін назарын тасалаудан Қай ел тауыпты? Ия, Ерлікті жасамаудан Бағаламау -әлде қайда қауіпті – деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, еліміздің қайсарлы қаһармандарын ұмытпауымыз керек.
- Наши сердца наполняются неистребимой печалью от утраты воинов, гордостью за тех, кто с честью исполнил воинский долг на афганской чужбине. - Почтим минутой молчания память воинов, павших на этой войне
- «Жарияланбаған соғысқа» қатысқан ағаларымызды, мектебіміздің түлегі Наумов Александр Анатольевичті және Отан алдындағы қасиетті борышын орындауда құрбан болған барша боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз.
1 минут үнсіздік
-Сегодня в нашем зале собрались два поколения, те, кто прошел ужас войны и выполнил свой интернациональный долг и совсем еще юные мальчишки, такие же как когда-то были вы, дорогие ветераны, уходя служить Отчизне. Вы для них …. Пример, пример доблести, отваги и чести!
Оқушылардың Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу сәттеріне назар аударайық
(презентация)
-Елі үшін жасаған ерлерінің ерен еңбектері бүгінгі ұрпақтарының естерінен мәңгілік кетпек емес. Құрметті кеш қонақтары, қабыл алыңыздар ,келесі шырқалар ән өздеріңізге арналады.
Ән «Синева»
-Ел абыройын қорғап,азаматтық атақтарына кір келтірмей жүрген ағаларымыздың майданда көрсеткен әрбір ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі .
- Өтер жылдар, уақыт тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.
Сөзкезегіауғансоғысыардагерлеріне беріледі.
-Өткенге ой жүгіртіп, елі үшін аянбай ерен еңбектерін көрсете білетін осындай ерлеріміздің игі істерін келешек ұрпақтарымызға үлгі ете білу- баршамыздың парымыз.
Ендеше кеш қонақтарына өзінің жылы лебізін білдіру үшін мектебіміздің директоры Тұрсынова Қорлан Дәуітханқызын шақырамыз.
-Мен қазақпын, ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, Болашаққа алға бастап жетелер.
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге еліміздің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрмет- теу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.
-Қадірменді қонақтар, осымен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған кешіміз аяқталды.
-Мемлекеттік Ту шығарылсын.
-Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар, уақыт тауып келгендеріңізге рахмет!
-Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық!