1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Желтоқсан- Тәуелсіздік белгісі» тақырыбындағы шарамызға арнайы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлерін шақырып отырмыз.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше, тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
Назарымызды экранға аударайық. Бейнеролик
1-жүргізуші: Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.
2-жүргізуші: Рахмет
Маштаева Жаңагүл ”Желтоқсан” өлеңі
1-жүргізуші: Ал, құрметті біздің кешіміздің қонақтары бүгін сіздермен арнайы сұхбаттасқымыз келіп отыр. Сіздер 1986 жылы Алматыда болған оқиға жайлы әңгімелесеңіздер. Себебі біз бұл жағдайды оқулықтан, теледидар тағы басқада ақпарат көздерінен естіп білеміз.
Ендеше, осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
Желтоқсан оқиғасына сіздерді біреулер шақырды ма? Ұйымдастырушылар болды ма?
Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?
Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды?
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Оқушылар сұрақтары
Жалпы өзіңіз туралы әңгімелесеңіз?
Желтоқсан оқиғасы болған кезде сізді алаңға баруға қандай жағдай себеп болды.
Көптеген желтоқсанға қатысқан ағалар мен апаларымыз сол кездегі оқиғаларды еске алғысы келмейді неліктен деп ойлайсыз?
Осы оқиғаға қатысушы ретінде кейіннен билік органдарынан қудалау болған жоқпа?
Сол кездегі жастар мен қазіргі жастар арасынан алшақтық байқамайсызба?
Желтоқсан оқиғасына тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл деп қуанып жатырмыз. Бірақта Желтоқсан көтерілісін жоғары деңгейде аталмай қалады. Осы жағдай туралы не айтасыз.
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтгі күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тәтгі-тәтті күйге тарт
Көргеніңді күй қыла,
Жаңа өмірді жыр қыла, Құлшына тарт, домбыра!
Күй тартыс. Таханов Бейбіт пен Әбдіраш Бек
1-жүргізуші Сіздердің алдарыңызда
Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” -өлеңі.
2-жүргізуші:
Қара мынау ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.
1-жүргізуші: Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.
Ән: Тәуелсіз ел ұланы. Орындайтын Болат Назжан
2-жүргізуші: біз сіз сияқты апаларымыздың бар екеніне шынымен қуанамыз. Сізге көп рахмет, отбасыңызға бақыт, жұмысыңыздан шығармашылық табыстар тілейміз. Мектеп оқушыларына осы желтоқсан оқиғасының 32 жылдығы, тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы қарсаңында мерекелік тілегіңізді айтсаңыз.
Қонақтардың тілегі….
Маденова Арайдың орындауында Нұрымның термесі «Мен қашанғы жүйрігің...»
1-жүргізушіКелесі сөзді мектеп директорының орынбасары З.Жансүгірге береміз
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым!
Қадірің де жоқ онда! ...
Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті- Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
ән. Әрқашан күн сөнбесін. Хор 4а сыныбы
1-жүргізуші: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.