Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына орай мектеп о?ушыларымен "Желбіресін к?к байра?ы?, сан ?асыр!" атты т?рбие са?аты ?тілді. О?ушыларды желто?сан ??рбандарыны? ?мірімен таныстыру, насихаттау, оларды? ?лт болаша?ы ?шін ?ос?ан ?лестерін жас ?рпа??а ?лгі беру ма?сатында ?тілген саба?тан тыс ж?мыс. Ж?не де о?ушыларды? ?з Отанына, жеріне деген саналы сезімдерін ояту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Желбіресін к?к байра?ы?, сан ?асыр!"»
Алматы облысы,
Панфилов ауданы
Улкенағаш ауылы
Әулиеағаш орта мектебінің кітапханашысы
Г.З.Нартбаева
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
Сабақтың мақсаты:Қазақстан Республикасының 25 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктермен таныстыру.Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ашып көрсету.
1-жүргізуші :Армысыздар,құрметті қауым, биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл.
Тәуелсіздігіміздің қасиетті туы мәңгі желбіресін күніміз мәңгі сөнбесін.
2-жүргізуші:Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып ,жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған!
Қазақстан-байтақ ордам,қорғаным
Тыныш болсын,аспан,жерің орманың!
Мен тілеймін тәңірімнен жалына,
Бірлігі мен берекесі ордамның!
1-жүргізуші: Қазақстан-көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым,тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғаған,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.
Жас ұландар берік ұстап туыңды
Жарқырасын туған елдің таңбасы!
2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі егеменді еліміздің түпкір-түпкірінде тойланып жатыр. Енді «Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
» атты кешімізді салтанатты түрде ашық деп жариялаймыз.
Құттықтау сөз мектеп басшыларына беріледі.
1-жүргізуші: Еліміз Тәуелсіздік күнін 25-ші рет ойлағалы отыр.Зымырап өтіп жатқан уақыт ішінде бұл көп мерзім емес. Ең басты ата-бабаларымыз аңсаған азаттық көк туымыздың астында қазақ халқы ,барша қазақстандықтар Тәуелсіздік таңымен жасасып келеді. Бүгінгі ұрпақ сол үшін де бақытты,сол үшінде айбарлы.
Ән: «Қазақстан»
1-жүргізуші :Әз-бабам азаттықты аңсап өткен
Елі үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Соларды аңсап өткен ой арманы,
Таңы боп Тәуелсіздік бізге жеткен.
2-жүргізуші:Қалың елім ,саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның соңынан,
Егемендік алғанына қуанам.
1-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.1986 жылы желтоқсанда Кеңес Одағының саясатына ең алғаш қазақ жастары бас көтерді.Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджановалар дың ерліктерін ұмытпақ емес.
Бұл күн тарих парағына «Желтоқсан жаңғырығы» деп аталады.
2-жүргізуші: Желтоқсан құрбандары мәңгілік,
Біз сақтаймыз есімізде ән қылып.
Ләззат,Қайрат,Ербол сынды ерлерді
Есімізде қалдырамыз мәңгілік!
«Лаула,лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы» слаид көрсетіледі.
1-жүргізуші: «Желбіресін көк байрағың сан ғасыр»тақырыптық баяндама оқылады.
2-жүргізуші: Жаңа ғасыр қазағымның таңы атты
Алу мақсат елден алғыс,сауапты.
Әр отбасы,әрбір қазақ ,әр адам.
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіздік күнің туды, кенеле бер!
Ән: «Елім менің аңсаған».
1-жүргізуші: Бүгінгі мазмұнына орай «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты кітап көрмесіне мектеп кітапханашысы шолу жасайды.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Бақыт құсы бар адамға қонып бір,
О тәңірім,бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне,Тәуелсіздік, ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! –деп 7 сынып оқушылары «Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын» атты өлеңдерін жолдайды.
1-жүргізуші: Атыңнан айналайын атамекен,
Жайлауыңда қазағым мекен етен.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Жайнай бер,жарқырай бер Атамекен.
Ән: «Атамекен»
2-жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Желбіресін көк байрағың сан ғасыр» атты кешіміз өз мәресіне жетті.
1-жүргізуші «Егемен елімнің ертеңі»деп
Елбасы бағыт берді жастарыма.
Оқу оқы,білім ал ,ел үшін
Еңбек ет тыным таппай,жан аяма.
2-жүргізуші: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер! Тәуелсіздік шаттығы,Тәуелсіздік куанышы,Тәуелсіздік тойы тұғырлы, баянды болсын!-деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.