Тәрбие сағатының тақырыбы;
ЖЕЛТОҚСАНДА ҮЗІЛГЕН ЖАУҚАЗЫНДАР
Мақсаты ;1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 20 жыл болғанын
жәнеТәуелсіздікке 15 жыл толғанын түсіндіре отырып,
Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, адамгершілік,
мейрбандық қасиеттерін дамыта отырып қалыптастыру,
тәрбиелеу.
көрнекілігі;қабырға газеті, нақыл сөз,
мақал-мәтел, көрініс.
әдісі;ой шақыру, пікірлесу, сұрақ –жауап,
көрнекілік.
Барысы
Ұйымдастыру
1.Қызығушылығын ояту
Диктор сөзі;
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.
Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға
шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.
Өртте қайнаған өжет жастар ұлттық намыс
құдіретін әлемге паш етті. Алаңға шыққан
жастардың көпшілігі жауапқа тартылды.
Көрініс;
Жүргізуші; Иә,ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген
әйгілі 1986-ның 16 желтоқсаны еді.Таңертеңгі сағат
10-да республиканы үздіксіз басқарып келген Д.А.
Қонаев орнынан түсіліп, Г. Колбин ешкімнің
Пікірінсізақ ұсынылған еді.
Бір топ;Естідіңдер меБұл не масқара / Неге халықпен санаспайды
Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге
сайламаған Ел қамын біз ойламағандакім ойлайды
[Cахна алдында ержүректі желтоқсан батырлары шыға
бастайды]
Ербол;Демократияны бұғаудан босатыңдар,
әр халыққа өзінң көсемі керек.
Ләззат ; Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр,
Көлеңкеміз.Күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен,қайдан келген,
Уа,сыртымыздан қашанғы билеиді бұл
Сәбира;Бұл дегенің Қ.К.П –да беделдің қалмағаны
Тілің құрып барады білесің бе
Хасен;Ескерусіз дін жатыр сүресінде
Қақпақ қойып ауызға,көзді байлап,
Санаспайды,әй,бұлар тегі ешкіммен,
Жариялық дегенің елес білем.
[Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттары шығады]
Милиция;Тыңдаңдар Тараңдар,әйтпесе күш қолданамыз.
[Алаңда ешкім қозғалмайды,осы сәтте сойылмен соғу,
қыздардың шашынан сүйреу,тепкілеу,айқай-шу қызыл
қанға боялады.]
- Бар болғаны осы еді қылмысымыз,
Савицкий көрген жоқ бір кісіміз.
Кейін соның қазасы танылғанда,
Аң-таң болып,қан жылап тұрды ішіміз.
Жүргізуші ; Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы
сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін, не үшін
мерт болуға тиіс екендігін сезе бастаған еді.
Ол оқ қылмыскерге емес,тығырыққа тірелген
қоғамның бар шындығын теріс түсінген
көзқарастарға арналған оқ еді.
Бостандық пен жарық сәуле үшін жан аямай
Арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл
әлем құлақ түрді. Шетелден келген көптеген пікірлерге
байланысты, өлім жазасының 20 жылға
ауыстырылуына сөзсіз ықпал болған еді.
500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып,
үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат еді
20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып,кенеттен
Семейден шықты. 21 мамырда Семей түрмесінде
21 камерада қаскөйлікпен қаза тапты.
Әдеби-монтаж. М.Шаханов.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп
шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсаң деп талпындық
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын,жас өркені халқыңның/
Жүргізуші;Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді.
Себебі, тарихтан алар орны ерекше оқиға.
Бұл оқиғаның өткеніне 20-жыл уақыт болыпта
Үлгерді.
(,,Желтоқсан желі’’ әні орындалады.]
–Темір құрсау біздерді бүргені шын.
Мұң шағады қапаста кімге құсың.
Ақ-қараңды тексерер түрме деген.
Концлагерьболды ғой біздер үшін.
[Осы сәтте 2 солдат 1 қызбен, 1 жігітті алаңға
сүйреп әкеліп, тепкілей бастайды.]
Жүргізуші;Иә,тарихта бұл ,,Желтоқсан-86’’
деген атпен мәңгі қалды.
-Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
,,Еркек тоқты-құрбандық’’
Атам десең атыңдар..
-Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы
Қайраттың соңғы сөзі еді.
[Түрме іші, темір тор 2 жендет Қайратты
сұраққа алып келеді, тергеуші жауап алды.]
Тергеуші; -Cен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың.
Қайрат;-Жолдастарыммен бірге
Тергеуші;-Жоқ /Сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында
Савицкийді соққыға жықтың,соның нәтижесінде ол
Қайтыс болды/ Сен кінәлісің оған/
[Тергеуші орнынан тұрып, қолындағы сойылмен соғып
Жібереді, Қайрат құлап түседі.]
Жүргізуші;-Иә темір есік сықырлап ашылатын. Қайратты жауап
алуға әкететін. Келгенде үсті-басы сау тамтық жер
болмайтын.
Қайрат;-Жоқ / Шындықтың жеңілуі мүмкін емес.
[Орнынан тұрып торды ұстап тұрды]
Қайрат; Сөйлесем даусым жетпейді,
Кез болдың мынау заманға.
Шавинизм еді ғой.
Басты себеп жалғанға.
Елбең, елбең жүгірген.
Ебілек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр.
Жүргізуші;Бүл Қайраттың өлеңінен үзінді .Лүп-лүп соққан балаң
жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің соңғы лүпілі.
Жан сыры, соңғы үміті. Өкініш пен өтініш.
Тергеуші;Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсыңба
Жоқ па,
Қайрат Жоқ, мен өлттіргенде көргенде жоқпын/
Тергеуші Ақымақ/ Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар/
Қайрат Күнадан таза басым бар. 21-де жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар/
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты-құрбандық’’
Атам десең-атыңдар.
[Қайратты сүйреп әкетеді].