Просмотр содержимого документа
«: Желтоксан жангырыгы - Т?уелсіздік »
Күні: 2014
Сыныбы: 7 б
Мұғалімі: Г.Досмалова
Желтоқсан жаңғырығы - Тәуелсіздік
Мақсаты:
Оқушыларға қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын желтоқсан оқиғасының халық жүрегінен алатын орнын ұғындыра отырып, тәуелсіздіктің жеңісі мен жемісін ұғындыру;
Өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман дайындау;
Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өнеге сабақ
Әдіс-тәсілдері: баяндау, жатқа айту, мәнерлеп оқу, ән орындау
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі – 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырмен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі.
2 - жүргізуші :
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылуы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаеватарды ( проекторда олардың суреті көрсетіледі), басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымыздың рухына орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз. Рахмет.
1- жүргізуші:
Бұрқатып өткен бұл халық мұны,
Бір дәуір сынды жыл болды ұлы .
Желтоқсан таңы жадырап қайта,
Ғасырдың бүгін нұрланды күні.
2 - жүргізуші:
Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.
Ақ құстай бейбіт орманы самғап,
Алаңға шықты жігіттер, қыздар.
1 - жүргізуші:
Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
2 - жүргізуші:
16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
1 – жүргізуші:
«Желтоқсан желі» видио –клипке назар аударыңыздар.
2 - жүргізуші.
Желтоқсанда Алматыда ақ қарда,
Алма бақтар ақ қырауға батқанда.
Күңірене күн күркіреп тау жақтан ,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда .
1-жүргізүші:
Аппақ қала , аппақ ғалам
О,тоба !
Найзағайлар қар жалап тұр жотады.
Бұлтты иітіп боздайды боз шынарлар
Бұйдаланған ұқсас жетім ботаға.
2- жүргізүші.
Кім көріпті озаман да ,бұ заман ,
Найзағайды көк аязға құлаған
Кеуделерді үрей –бөрі ұлыды.
Болсайшы аман , мына ғалам, дін аман!
1 – жүргізуші:
Орталықтың озбырлығы қанды қырғынмен басып-жаныштаған. 1986 жылғы Желтоқсан уақиғасының Бас қаһарманы — Қайрат Рысқұлбеков небәрі жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Есіл ер зұлым күштің құрбаны болды. Бірақ, өзі кеткенмен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, аламаттық асқақ даңқы қалды.
Қайрат Батыр ғана емес, ақын да еді. Оның шындық деп шырылдаған дауысы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болып жетті.
2-жүргізуші:
«Қапаста жазылған хаттар» кітабынан. Қайрат Рысқұлбековтың түрмеде жазған хаттарынан ...
1-жүргізуші:
АНА ТІЛІ «Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген», Құшақ жая таныстым сан тілменен. — «Жаман үйді қонағы билейді» деп, Қала жаздап айрылып өз тілімнен. Өзге тілге еліктеп ел болмайсың, Қазағымның артык жоқ өз тілінен...
2-жүргізуші:
ТҮРМЕ ЖЫРЫ Темір тор, жамбасыма тақылдайсың, Өзіммен бірге туған жақындайсың. Телміріп темір торға қаматқанша, Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?! Ауылда жақсы екен ғой салған әнім, Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін. Қайдағы пәлеқорлар жала жауып, Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім. Тас төбе, төрт қабырға, темір есік, Ас берер ортасында жалғыз тесік. Күніңді ұзатары үш тілім нан, Өлмейтін саған тиер осы несіп.
КЕЗДЕСЕМІЗ ӘЛІ ДЕ Жалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма, сорыма.
Біріншіден, мен анамды сағындым!.. Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?! Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар, Туа бермес сіз секілді асылдар. Қартайғанда жүрегіңді жаралап, Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».
Айналайын ағалар мен жеңгелер, Бұл өмірде сіздерге кім тең келер. Сүмірейіп сот алдында отырған Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман-саулық тілеймін, Өздеріңмен бірге болсын тілегім. Өздеріңе тіл қата алмай, достарым, Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.
Айналайын қарындасым, қарағым, Қолда кісен, мен айдауға барамын. Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды, Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?...
Айналайын інішегім, құлыным, Сені ойласам, үзіледі жұлыным. Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, Қетіп барам мен айдауға, құлыным.
Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де, Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де. Қараңғылық баста тұрмас қашан да, Бостандықта кездесеміз әлі де...
АҚТЫҚ СӨЗ Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр!
Ұлы Ленин бабамыз Қатарға тең деп тартқан соң, Компартия басқарып, Достық отын жаққан соң, Аға дедік орысты, Әділдігі жаққан соң.
Ал енді қазір неткен күні Орыстан ынсап кеткен күн. Тізесі қатты батқан сон, Шыдамастан ақыры, Қарғыс атқан Алаңда Қарғыс атқыр жеткен күн.
Қаймана қазақ қамы үшін Қарусыз шықтық Алаңға. Алыстан әскер алдырып, Қырып салды-ау табанда.
Сөйлессем даусым жетпейтін Кез болдық мынау заманға. Шовинизм еді ғой Басты себеп жанжалға.
Екі жүзің қырылып, Екі жүзің ұрылып, Екі жүзің сотталып, Жоқтаусыз кетіп барасың! Қатарым жусап калғанда, Қыршынымнан қиылып, Солармен бірге өлсемші-ай! Артта қалған ата-анам, Арулап қолдан көмсеңші-ай!
«Ақтық сөзің не?» деген Бүгін қойды сот сұрақ. Айтайын оны халқыма: Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы Бөтен қолда кетпесін.
Салт-санадан айрылып, Арақтан ұрпақ азбасын. Ел көркейтер азамат Қызғаныштан тозбасын.
Абай туған жерінде Бомбасын атом жармасын. Құлыптасты қиратып, Өлігіңді қазбасын. Өз ұлтыңның басшысын Орнынан сүйреп алмасын. Үміт еткен Мәскеуден Қарадай көнілің калмасын. Ленин салған сара жол. Қолдаушысыз болмасын. Барлық ұлтпен тең болып, Ешкімнен көңілің қалмасын. Ендігі жерде басыңнан Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз Туың болсын әрдайым. Мойныма алып жаланы, Мен болайын құрбаның.
Бас-аяғы сол болсын Басыңа түсқен қатердің. Ақтық сөзді енді мен Сотқа да бір айтайын:
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты — құрбандық», Атам десең, атыңдар.
Мен не етермін, не етермін, Мен келмеске кетермін. Көрмеген, қош бол, таңдарым, Көре алмай мен өтермін.
Қош, амаң бол, артымда Ағайын, туған азамат! Артымда қалған ата-анам, Ел-жұртым саған аманат!
1 - жүргізуші:
Дауылға желтоқсанның желі айналады,
Ашу мінді Алатау кәрі, айбарлы,
Күтпеген іс ақыры не болды, деп
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
2 - жүргізуші:
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты,
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан әлемді жалт қаратты.
2-жүргізуші:
«Қара бауыр қасқалдақ» әні орындалады.
жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым!
Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз. Айымыз оңымызға тусын деген ниетпен бүгінгі «Желтоқсан жаңғырығы - Тәуелсіздік» атты бағдарламамыз аяқтаймыз.