kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Желто?сан ??рабандарына» арнал?ан салтанатты жиын ?тті

Нажмите, чтобы узнать подробности

1986 жыл?ы желто?санда орталы?ты? ?міршіл - ?кімшіл сола?ай саясатына ?арсы ал?аш рет бас к?теріп демократия жолында ??рбан бол?ан ?л ?ыздарымызды? ерліктері жайында т?сінік бере отырып, жастарды? ала??а не себепті, ?андай ма?сатпен шы??анды?ын жете т?сіндіру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Желто?сан ??рабандарына» арнал?ан салтанатты жиын ?тті»

11.12.2015 күні Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің ТТ-14-9 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен «Желтоқсан құрабандарына» арналған салтанатты жиын өтті.

Топ жетекшісі: Джамбекова Амина Кенегуловна

 Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. 

 Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.  

Дамытушылығы: 
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. 



1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және колледж студенттері! Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған

"Желтоқсан құрбандарына"арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны! 
Сөз колледж директорының өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Бексұлтан Шұғайбекұлы Жомартовқа беріледі!

2-жүргізуші: 

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, 
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның. 

1-жүргізуші: 
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ  халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің  бірі.  

2-жүргізуші: 
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан  
ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт  
бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді. 

1-оқушы:  Динара
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған 
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. 
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма 
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. 
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, 
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. 
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, 
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! 
2-оқушы:  Еркебұлан
Жас арудың жанарында – Желтоқсан, 
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. 
Қаралы өмір қайыстырған халқымның, 
Қара тұман қабағында – Желтоқсан. 
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, 
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. 
Жазықсыздың көз жасына жуынып, 
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. 
Намысымның шырағы да – Желтоқсан, 
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. 
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, 
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 

1-жүргізуші:  
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10- да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып  келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің  пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 

3-оқушы:  Жұлдыз
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр 
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. 
Колбин деген кім екен, қайдан келген? 
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл? 
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, 
Бізге оны ешкім аяп бермейді. 
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың, 

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. 

1-жүргізуші: 
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады Қайрат, Ляззат, Сабира (оқушылардың қолында суреттері ) сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді. 


2-жүргізуші: 

Орыны ағалардың бізбен толсын, 
Сәбилер ағалардың жолын қусын. 
1минут үнсіздікпен еске алайық, 
Аруағы ағалардың ырза болсын. 


4-оқушы:  Айтолқын
Тұрса да биік өр басын, 
Қазаққа бақыт орнасын. 
Сексен алтыншы жылғыдай, 
Желтоқсан желі болмасын! 
Күн кешіп лапылдаған жастарым, 
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. 
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін 

Қорғау үшін көтерді олар бастарын!


1-жүргізуші: 
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ. 









5-оқушы: Нұрай

Барлық ұлтпен тең болып, 
Ешкімнен көңілің қалмасын. 
Ендігі жерде басыңнан, 
Бірлік пен бақ таймасын. 
Осы айтылған ақтық сөз, 
Туың болсын әрдайым. 
Халқым саған ризамын !


Өлең: «Желтоқсан желі»  


1-жүргізуші:  
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. 

2-жүргізуші: 



2-жүргізуші: 
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 29 жыл  
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын! Қош,сау болыңыздар!



























Қазақстан Республикасынаң Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан


Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы техникалық колледжі

Балхашский гуманитарно технический колледж Алихана Мусина


Келісемін Бекітемін

Техникалық бөліммеңгерушісі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

__________А.М.Каденова _______________К.Д.Махатова «____»______2015ж. «____»______2015ж.







Салтанатты жиын

«Желтоқсан құрбандары»





Өткізген: ТТ-14-9 тобы.

Кураторы: Джамбекова А.К.



















2015-2016 оқу жылы

Балқаш қаласы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Желто?сан ??рабандарына» арнал?ан салтанатты жиын ?тті

Автор: Джамбекова Амина Кенегуловна

Дата: 15.06.2016

Номер свидетельства: 334632


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства