•1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; 3. Патриоттыққа тәрбиелеу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жемқорлық індет, жою міндет»
Жемқорлық індет, жою міндет
Образец заголовка
Образец подзаголовка
Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; 3. Патриоттыққа тәрбиелеу;
Сыбайлас-жемқорлық деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Образец заголовка
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді.
Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты басымдықтарының бірі ретінде айқындалған
ТМД елдері арасында бірінші Қазақстанды әзірледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын қабылдады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындайтын қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа да адамдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік , әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
1998 жылғы 2 шiлдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды да, лексикалық қорымызға «сыбайлас жемқорлық» (коррупция) деген сөз тіркесі енді. Бұл қазір бұқаралық ақпарат құралдарынан түспейтін болды. «Коррупцияның» латын сөзінен шыққанын белгілі. Ол лауазым иелерінің, қоғам және саяси қайраткерлердің параға сатылғыштығы деген мағынада санамызда көптен қалыптасқан
Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасына кескенін көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық сынды қылмыстармен күрес көне заманда да болған. Бұл әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен емес.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралыҚазақстан Республикасының 1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы
2-тарау.Сыбайласжемқорлықтың алдыналу,сыбайласжемқорлықпен құқық бұзушылықпен және олүшiн жауаптылық
(8 - 17баптар)
3-тарау.Сыбайласжемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарынжою
(18 - 19баптар)
4-тарау.Қорытынды ережелер
(20бап)
Сыбайлас жемқорлық түрлері
Күнделікті сыбайлас жемқорлық азаматтар мен лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимыл жасайды.
Бизнес сыбайлас жемқорлық бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу кездеседі .
Сыбайлас жемқорлық жоғарғы қуаты саяси басшылығымен және демократиялық жүйелерде Жоғарғы сот тиесілі болып табылады .
Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал - мәтелдер. 1. Адамгершілік болмай, ……………………………. 2. Адамның ұяты бетінде,
……………………………… . 3. Адамгершілікке арналған үш сауал бар:
…………………………………… бір сауап, ……………………………………бір сауап, ……………………………………бір сауап. 4. Адалдық — ……………….. 5. Шыңдық жоқ жерде ……………………… 6. Адамның әдемілігі ……………………….. 7. Ақиқат сөзде………………. 8. Әділ айтқан …………….. 9. Әділдікке жығылмайтын …………………. 10. Әкімің әділ болмас ……………….. бұзылады, Саудаң әділ болмаса …………..бұзылады.
11. Арлының жанында ………. да жүреді.
12. Күнә — адамның ………………..............
13. Арсыз жаннан ағайын ………………..
Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал - мәтелдер. 1. Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 2. Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде. 3. Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап. 4. Адалдық — ардың ісі. 5. Шыңдық жоқ жерде сұмдық көп. 6. Адамның әдемілігі шыншылдығында. 7. Ақиқат сөзде алалық жоқ. 8. Әділ айтқан жеңер. 9. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ. 10. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
11. Арлының жанында арсыз да жүреді.
12. Күнә — адамның қолымен жасалады,
13. Арсыз жаннан ағайын суынады .
Әр топ өз шығармасын оқып, қорғайды.
Ары таза азаматтың абыройы асқақ
Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?
1.Пара бермеу және алмау.
2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.
3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.