kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жето?сан желі желбіреткен Т?уелсіздік туын!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: елімізді? т?уелсіздік ал?ан жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен о?ушыларды таныстыру, білімін арттыру, Отанды с?йюге, ?ор?ау?а, болаша?та Отанымыз ?аза?станды ?ркендетуге, ту?ан жерге, елге деген с?йіспеншілік арттыру, хал?ымызды? ?дет ??рпын, салт-д?ст?рін сак?тап, оны ?рі ?арай жал?астыру?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жето?сан желі желбіреткен Т?уелсіздік туын!» »

«Жетоқсан желі желбіреткен Тәуелсіздік туын!»


Күні: 14.12 2013 жыл.

Уақыты: 13.00


Мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен оқушыларды таныстыру, білімін арттыру;

Отанды сүюге , байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге

Туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, халқымыздың әдет ғұрпын, салт дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Барысы:

ЖҮРГІЗУШІ:

Қазақ халқы үшін айтулы оқиғалардың бірі -1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Міне, сол оқиғаға 27 жыл толып отыр! Ұзақ жылдар бойы тұншығып келген әділет үнінің алғаш рет ашық айтылғанына, жығыла жаздаған шақта ұлттық намыс туының қайта желбірегеніне міне 22 жыл болды.

Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіретін әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға білген жастарымыздың қайсар мінезі ұрпақтан ұрпаққа жететініне өз басымыз күмәнданбаймыз.

Желтоқсан оқиғасына уақыттың өзі баға береді. Бұл Қазақстанның егеменді ел бола бастауының белгісі деп білеміз. Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне енді сол күнге де жеттік. Кешегі 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы да Орталықтың ұлт мәселесіне жеңіл желпі қарағанынан туындаған.

Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Қазақ халқының еркіндігі мен бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарының бұл күнге жете алмай, өмірден өткен Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз деп санаймыз.

Бәрімізде бір кісідей Желтоқсан құрбандарын үнсіздікпен еске алайық!

ҮНСІЗДІК ЖАРИЯЛАНАДЫ.

ЖҮРГІЗУШІ:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, келіп отырған қонақтар! Сіздердің алдарыңызда «Жетоқсан желі желбіреткен Тәуелсіздік туы!» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!


Екі студент қыз:

Назгүл: Ляззат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты!

Ляззат: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Назгүл: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналды.

Ляззат: Неге? Неліктен?

Назгүл: Қонаевтың орнына Ресейден Колбинды қойыпты. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ол жаққа бармаңдар деген!

Ляззат: Қой, біздің мұнда қалғанымыз дұрыс болмас, барып көзімізбен көрелік.

ЖҮРГІЗУШІ:

Иә, ол күн Тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта елімізді ұзақ үздіксіз басқарып келген Д.А Қонаев орнынан түсіріліп , орнына ешкімнің келісіміне қарамастан Г.Н Колбин тағайындалған еді.

Алаңға жастар жиналып жатты. Қолдарында ұстаған плакаттары бар.


ТОПТАН ДАУЫСТАР:

Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтсын! Қазақстанға қазақ басшы керек! Қазақстан қазақтардікі! Демократия жасасын! Талап тілекті айтамыз!

ОСЫ УАҚЫТТА ӘСКЕРИ АДАМДАР ЖАСТАРДЫ ҰРЫП СОҒЫП, АЛАҢНАН КЕТУДІ ТАЛАП ЕТТІ. Кетіңдер бұл жерден өңшен нашақорлар!


ЖҮРГІЗУШІ:

Иә, тарихта бұл жазалау «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалды. Бұл жойқын шабуыл талай қазақ қыздары мен жігіттерін біздің арамыздан алып кете барды...

ӘН «Қарабауыр қасқалдақ»


ТЕРГЕУШІ: Заключенный Рыскулбеков! На допрос!

Айыпкер Рыскулбеков, сен Мир мен Сәтпаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

ҚАЙРАТ: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

ТЕРГЕУШІ: Савицкийді сен өлтірдің бе?

ҚАЙРАТ: Жоқ, өлтірген жоқпын!

ТЕРГЕУШІ: Сенің ұрып жатқаныңды көріпті ғой?

ҚАЙРАТ: Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік, жала!

ТЕРГЕУШІ: Ах, ты декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен Савицкийді өлтірдім деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз, әйтпесе әкеңді де...

ҚАЙРАТ: Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды қалай өлтірдім деймін? Адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген емеспін!

ТЕРГЕУШІ: Солай ма? Әкетіңдер! Құртыңдар! Атыңдар!

ҚАЙРАТ:

Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдар!

ЖҮРГІЗУШІ:

Бірақ, бұл күні де, одан кейінгі күндері де мылтықтың дауысы естілген жоқ. Өйткені , Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Көктерек елді мекенінде дүниеге келген қарапайым жігіттің тағдырының шешілуіне барлық әлем наразылық білдірді. АҚШ, Чехословакия, Венгрия, Польша мемлекеттерінің белгілі саяси қайраткерлері, жазушылары, ақындары сол кездегі КСРОның ОК КОКПның Бас секретарі М.С Горбачевтың атына ату жазасына қарсылық білдіріп, наразылық хат жазды. Осыдан кейін, 28 сәуір күні 1988 жылы Қайраттың басынан ату жазасы алынып, оның орнына Семей қаласындағы қатаң тәртіпте өтілетін колонияда 20 жыл бас бостандығынан айырылды. Ал 21 мамыр күні 1988 жылы белгісіз салдардан осы түрмеде қаза тапты.


ВИДЕО КЛИП «ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ».


ЖҮРГІЗУШІ:

Жастарға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға: «Бұзақылар», «нашақорлар», «ұлтшылдар» деген кінә тағылды. Олардың ішінде Ляззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджановалар да болған.

Тілекең Губашев

«Желтоқсан желі»

Көрмедік біз желтоқсанның жанға батар жарлығын,

Естімедік есіл дертін ел деп айтқан зарлы үнін.

Білерім,тек, олар мәнгі Тәуелсіздік жолында

Тәуекел деп жүрегімен таңдап кеткен тағдырын.

Енді біздер солар жайлы жазып жүрміз жыр дастан,

Шүкір,шүкір бақыттымыз, көгімізде нұрлы аспан!

Желтоқсаннан жәбір көрген ағалардың арқасы

Ұрпақ үшін ұлан ғайыр сырды ашқан.

Тарихтардың беттерінде сақталатын тұмарлы

Халқымыздың қахарманы дер едім мен бұларды!

Әттең, қазақ, тірісінде ардақтамай асылын,

Өлгенненсоң өксейтұғын жаман әдет шығарды

1986! Қайғы жатыр бұл санда!

Ұмытпаймын пәс кеудемнен жүрегімді жұлсаңда!

Тірісінде ардақтайық арда туған ұлдарды,

Артық емес бұлар үшін қанша құрмет қылсаңда!

Біздер екен болашақтың қыранымен сұңқары,

Біздер екен уайымсыз атып жатқан нұр таңы!

Біздер екен желтоқсанда жалындаған жастармен

Ұлы Отанда ұлтым деген ұлылардың ұрпағы

Сол үшін де талай ұлың туылады батыр боп,

Сол үшін де мәмлелерден сөйлеп жүрміз ақын боп,

Тегіміздің түп тамыры тектілерден тараған

Енді мүлдем әлсіздікті танытуға хақым жоқ!

Еліміздің жылдар санап артып жатыр қарқыны

Әнұраны, Елтаңбасы, желбіреген бар туы!

Елім деген есілдердің ерлігіне тәнді боп

Тәуелсіздік жаратқанның бізге берген тартуы!

Еш бір баға жете алмайды мұның асқақ құнына,

Бейбіт күннің шомылайық шаттық толы нұрына!

Ағалардың салып кеткен жолдарымен жүрейік!

Қахармандық жарасады тек қазақтың ұлына!

Тәуелсіздік- қайраттардың қаныменен жуылған,

Тәуелсіздік- ляззаттардың арыменен буылған!

Мен желтоқсанның қайғысынан бес күн кейін туылғам

Көрмесемде, білмесемде ұрттап ішіп уынан

Жылап тұрып желтоқсанның боздақтарын еске алып,

Құлап тұрып, Қазақстан, сүйем сенің туыңнан!


КҮЙ


ЖҮРГІЗУШІ:

Құрметті жиналған қауым! Баршаңызды еліміздің, жұртымыздың айтулы мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздік Туы көк аспанымызда құламай, жеңістерден жетістіктерге шақырып, биіктерде желбірей берсін! Иә, бостандық, теңдік, тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ...Тәуелсіздіктің көк туын желбіреткен ызғарлы желтоқсан желі екенін естеріңізден шығармағыздар!












КММ «Ботақара жалпы білім беру орта мектебі»



БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН:

Мектеп директоры Тәрбие ісінің орынбасары

С.А Аймагамбетов З.Б Жумагулова

«__»__________ ___________________

______________










Дайындаған тарих пәнінің мұғалімі:

Д.С Жуманбаева









2013 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жето?сан желі желбіреткен Т?уелсіздік туын!»

Автор: Жуманбаева Дана Сериковна

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175978


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства