kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жігіт с?лтаны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Ата салтын насихаттай отырып, на?ыз ?аза? жігітіні? бойында?ы ?асиеттерімен таныстыру.

2. ?р баланы? бойында?ы ?абілеттерін: ойлау, ?р т?рлі жа?дайлардан шы?а білу, ?нерін к?рсету, тап?ырлы?, сахна м?дениетін ?алыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын арда?тайтын, ?з елін с?йер на?ыз ?аза? жігітіні? ?асиеттерін бойына сі?іре білер ?рпа?ты т?рбиелеу.

На?ыз к?усар жігітті,

На?ыз ?айсар жігітті,

На?ыз б?лб?л жігітті,

На?ыз д?лд?л жігітті,

Аны?тайтын кез келді!

                       Уа, халайы?, халайы?,

М?нда назар салайы?!

Ата жолын жал?ама?.

Ел д?ст?рін ?олдама?,

Ел намысын ?ор?ама?.

Жігіттер шы?сын орта?а,

                    Б?гін с?лтан атанба?!-

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жігіт с?лтаны"»

Жігіт сұлтаны

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Кеш жарық, армысыздар, ұстаздар, жатақхана тұрғындары! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойында өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

2-жүргізуші: Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ.

Ел дәстүрін қолдамақ,

Ел намысын қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ!- дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайпқырандарымызды шақырайық!

2-жүргізуші: Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Шақырамыз Мирамбекті ортаға

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан

1-жүргізуші: Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырған адамды

Қошеметтеп шақырайық ортаға

Ришат атты жігіт болған сабазды



2-жүргізуші: Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында,

Қазыбектей жігітті

Шақыралық қошеметпен ортаға



1-жүргізуші: Көктем келер күллі халық сағынған,

Жер бусанып сылдырап бұлақ ағылған.

«Жігіт сұлтаны» өңірдің мәнді жалғасы,

Көрейікші сынға түссін Ералы.



2-жүргізуші: Әруақ дайым қолдасын,

Қабылдар халқы мақұл дер,

Алғыр әрі талантты

Қолғанат ісі ақылмен.



1-жүргізуші: Білімсіз ойы толмасын,

Біледі өршіл ұл ғана.

Есімі Айбек болғасын,

Жігердей өткір бұл бала.

2-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар,

Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса, нақ сыналар- дей отырып, «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1. Жатақхана меңгерушісі – Уразғалиева Ардақ Қанатқызы

2. Ағаш шебері – Жалдыбеков Естай Аманғалиұлы

3. Тәрбиеші – Байтақова Нүргүл Данабайқызы

1-жүргізуші:Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық!-деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың бөлімдерімен таныстырып өтейін.

1 бөлім «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру.

2 бөлім «Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысы.

3 бөлім «Күш атасын танымас» кір тасын көтеру сайысы.

4 бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өз өнерін көрсету.

5 бөлім «Қызға сөз салу» сайысы.

6 бөлім «Қара жорға» биіне билеу сайысы.

2-жүргізуші: Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат,- дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1-жүргізуші: Ақыл-көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң» деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен алты жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Ән: «Қазақ жігіттері» Зейнешов Жалғастың орындауында.

2-жүргізуші: Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін және шапшаңдықтарын тексереміз.

1. Қазастанның Президенті кім? (Н.Ә Назарбаев)

2. Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)

3. Қоянды қамыс өлтіреді, ..... (ерді намыс өлтіреді)

4. Тай, құлынның анасы? (бие)

5. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)

6. Қазақтың үш биін атаңыз? (қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)

7. Түйе пірі ? (Ойсылқара)

8. Ат әбзелдерін ата? (жүген, ноқта, ер, тоқым, қамшы, желдік, үзеңгі, тартпа, желдік, құйысқан)

9. Ұлттық ойындарды атаңдар? (аударыспақ, қыз қуу, көкпар, алтыбақан, күміс алу, қазақша күрес, арқан тарту, ат жарыс)

10. Оқу оқыған озар, ... .... (асық ойнаған тозар)

11. Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шығыңдар? (Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, тойбастар)

12. Қазақтың діни мейрамы (құрбан айт, ораза айт)

13. Он ата (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жекжет, жұрағат, жамаға)

14. Жаңбыр жауса жер ырысы, ...... (батыр туса ел ырысы)

15. «Мен қазақпын» поэмасының авторы? (Ж. Молдағалиев)

16. Қазақ халқының заттары мен киім бұйымдарын атаңдар? (шапан, мәсі, ішік, бөрік, сәукеле, тақия, етік)

17. «Ана тілі-арың бұл» кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)

18. Төрт түлік малдың атауы (пірі)? (түйе-ойсылқара, жылқы-қамбар ата, қой-шопан ата, сиыр-зеңгі баба)

19. Жыртқыш құстардың атын ата? (бүркіт, лашын, қыран, қырғи)

20. Дос жылатып айтады, ....(дұшпан күлдіріп айтады)

Ән: «Қазағым» орындайтын Марат Қолғанат.

1-жүргізуші: Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай.

Күш өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай – дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталатын сайыстың 3 бөліміне кезек келіп жетті. Бұл кезеңде жігіттеріміз 16 кг кір тасын көтереді. Жігіттерімізді кезекпен ортаға шақырамыз.

Ән: «Алға қазақ жігіттері» орындайтын Орынбасаров Әліби.

2-жүргізуші: Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді!» деп шіркінге,- дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» сайыстың 4 бөлімін бастаймыз.

1-жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай-ақ жан салыпты.- дей отырып жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық. Яғни бұл сайыста жігіттер өз өнерлерін көрсетеді.

Ән: «Асылым» орындайтын Кетеғұлова Іңкәр.

2-жүргізуші: Сайысымыздың 5 бөлімі «Қызға сөз салу» деп аталады, яғни жігіттеріміз залда отырған бір қызды алып шығып, сол қызға сөз салу керек. Жігіттерімізді кезекпен ортаға шақырамыз.

Ән: «Қазақстан»

1-жүргізуші: Ә, дегеннен соңғы бөлімге де келіп жеттік. Бұл бөлімде жігіттеріміз «Қара жорға» биіне билейді. Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Қазылар алқасы өз шешімдер шығарғанға дейін бір әсем әуен тыңдайық.

Марапаттау.

1-жүргізуші: Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жігіт с?лтаны"

Автор: Бисариева Айтолкын Амангельдиевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311123

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Та?ырыбы:«Ел тірегі -елбасы»"
    ["seo_title"] => string(26) "takyrybyieltirieghiielbasy"
    ["file_id"] => string(6) "272365"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1451970377"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства