Просмотр содержимого документа
«Ж?ректен ж?рекке »
Тәрбие жұмыстарын жүргізу қиын да күрделі іс. Бұл жерде ұстаздың білгірлігі ауадай қажет.
Тәлімгерлікке баулушы әрбір мұғалім адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбие жұмысының мазмұны және түрлерінің тәрбие жұмысының принциптеріне лайықты өткізілуі, тәрбиенің еңбекпен, тұрмыспен байланысы, оқушылардың белсенділігі, дербестігі.
Тәрбие ісінің нәтижесі. Жұмыс жоспарының орындалуын, мақсатына жеткендігін, білімділік, практикалық және тәрбиелік мәнісін дәлелдеу.
Қорытынды және ұсыныс. Пайдалы және жағымсыз жақтарын және оны түзету жағын көрсету.
Тәрбие – педагогикалық үрдістің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі бізге мәлім. Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оны нәтижелі ұйымдастыру, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты. Сынып сағаты-бұл жаппай тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ең көп таралған түрлерінің бірі. Кейде оны тәрбие сағаты немесе сынып жетекшілігінің сағаты деп атайды.
Семинардың тақырыбы: Жүректен жүрекке
Мақсаты: Баланың бойындағы қажетті дағдыларды,адами құндылықтарды,әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру;дамыту.
Обьект: сынып жетекшілері
Әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,ой толғау.
Көрнекіліктер: Слайдтар,сюжеттер,плакат
Өтілген уақыты: Қазан айы .17.2012 жыл
Күн тәртібінде:
1. «Бала әлем аясында» « Сынып жетекшісінің орны» моделдеу (Алма жеміс ағашы,тамыры,бұтақтары,жапырағы.жемісі,)
6. «Жүректен-жүрекке» жылы лебіздерін білдіре отырып, «Слайд»арқылы түйін сөз жасау.
Қорытынды:
Әрбір сынып жетекшісі өз оқушыларының әдепті,саналы,иманды,білімді,Отанының сүйікті және кішіпейіл азматы болып жетілуін қадағалайды.Сондықтан да олар өз оқушыларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.
Барлық бала жақсы және жаман әдеттерді өзі өскен мектептен үйренеді.
Егер мектепте мұғалімдер өзара жақсы қарым-қатынаста болса.оқушылары де әдепті,тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»деп бекер айтпаған.Ендеше аұстаздар ұл мен қыз тәрбиесін дұрыс беріп.оған өздері үлгі бола білсе,баланың санасында ол мәңгі мөрленіп қалады да,бүкіл өміріне азық болатыны сөзсіз.
Дайындаған: Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі-Чакакова Бақыт Турсунмамаетовна