Елбасы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев басымды? сипатын ай?ында?ан «?олжетімді баспана - 2020» ба?дарламасыны? іске асуы да кемел ойлы осы ??рылысшылар маманды?ы иелеріне тікелей байланысты екені с?зсіз. Экономиканы? жа?а серпін алып отыр?ан ма?ызды саласыны? ?кілі – ??рылысшылар сайысына ?ош келді?іздер!
?ткен жылды? шілде айында ?аза?стан ?лемдегі беделді World Skills International ?йымына м?шелікке ?абылданды. Б?л ?йымды к?сіби-техникалы? білім беру саласында?ы Олимпиадалы? ойыны деуге болады. Негізі б?л ?йым 1947 жылы Испания мемлекетінде ?йымдстырыл?ан. Б?л бай?ау?а 68 мемлекет ?атысып ж?р, 2012 жылдан бастап Ресей мемлекеті, ал 2014 жылдан бастап ?аза?стан мемлекеті ?атысуда. Осы ?йымны? ?йымдастыруымен екі жыл сайын ?лемні? т?кпір-т?кпірінен келген колледж студенттері 40-60 маманды? бойынша сайыс?а т?седі. Бразилияда 2015 жылы World Skills International форматы бойынша ?тетін сайыстар?а елімізді? техникалы? колледждері де ?атысады. Осы б?секеге ?атысу ?шін елімізді? колледждеріні? ?здік студенттерінен арнайы команда жаса?талады. World Skills International чемпионатыны? ма?саты – к?сіптік білім беру статусын к?теру ж?не ?лем бойынша мамандарды? к?сіби біліктілік стандартын к?теру болып табылады. Б?гінгі сайысты осындай бай?аулар?а дайынды? десек те болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Ж?зден – ж?йрік, Мы?нан – т?лпар!” сайысы»
ОРГАРАЕВА МАЙРА АЛЫБАЙҚЫЗЫ
Құрылыс және Бизнес колледжінің өндірістік оқыту шебері.
Қызылорда қаласы.
“Жүзден – жүйрік, Мыңнан – тұлпар!” сайысы.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар!
Бүгінгі “Жүзден – жүйрік, Мыңнан – тұлпар!” сайысынақош келдіңіздер!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басымдық сипатын айқындаған «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының іске асуы да кемел ойлы осы құрылысшылар мамандығы иелеріне тікелей байланысты екені сөзсіз. Экономиканың жаңа серпін алып отырған маңызды саласының өкілі – құрылысшылар сайысына қош келдіңіздер!!!
Өткен жылдың шілде айында Қазақстан әлемдегі беделді World Skills International ұйымына мүшелікке қабылданды. Бұл ұйымды кәсіби-техникалық білім беру саласындағы Олимпиадалық ойыны деуге болады. Негізі бұл ұйым 1947 жылы Испания мемлекетінде ұйымдстырылған. Бұл байқауға 68 мемлекет қатысып жүр, 2012 жылдан бастап Ресей мемлекеті, ал 2014 жылдан бастап Қазақстан мемлекеті қатысуда. Осы ұйымның ұйымдастыруымен екі жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген колледж студенттері 40-60 мамандық бойынша сайысқа түседі. Бразилияда 2015 жылы World Skills International форматы бойынша өтетін сайыстарға еліміздің техникалық колледждері де қатысады. Осы бәсекеге қатысу үшін еліміздің колледждерінің үздік студенттерінен арнайы команда жасақталады. World Skills International чемпионатының мақсаты – кәсіптік білім беру статусын көтеру және әлем бойынша мамандардың кәсіби біліктілік стандартын көтеру болып табылады. Бүгінгі сайысты осындай байқауларға дайындық десек те болады .
Сайысымызды ашу үшін алғашқы құттықтау сөзді Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің директоры Қуанышбаев Орынбай Жантөреұлына береміз.
Жүргізуші:
Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар:
Амандасу рәсімі (таныстыру, эмблема,ұраны)
Мамандыққа жарнама.(бейнеролик)
3. Тапсырма орындау (тренинг орталығында орындалатын жұмыс түрі)
Қадірлі қонақтармен таныстыру:
1. Әлеуметтік серіктес мекемелер өкілдері.
2. Техникалық колледж өкілдері.
3.Ата-аналар
Жүргізуші:
Құрылыстың сырлы әлемі
Қызықтырады әркімді.
Кәсіптің бір саласы –
Тас қалаушылар еңбегін
Зерделеп баға беретін
Әділ-қазылар бар мұнда,- деп сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігін саралайтын әділ- қазылар алқасымен таныстырамыз:
1.
2.
3.
4.
5.
Жүргізуші:
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз, жеңістерге бастаймыз, - дей келе қатысушы сайыскерлерімізді қарсы алайық:
1. Қандай сынақ болса-дағы беріспе
Әрқашан да үміткерміз жеңіске, - деген үмітпен келіп отырған «Тас қалаушы» мамандығы тобы
студенті ....... қарсы алайық.
2. Биіктерге қол созсаң мақсатыңа
Еңбегің мен біліміңді сәйкес шыңда,- деп келіп отырған «Керамика жүйесі» мамандығы тобы
студенті ....... қарсы алайық.
3. Білім деген –биік шың, биік шынар,
Биік шыңды бағындырсаң көңілің тынар, - деп белсене келіп отырған «Дәнекерлеуші» мамандығы
тобы студенті ....... қарсы алайық.
4. Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына, - деп келген «Жылу жүйесі маманы» мамандығы
тобы студенті ....... қарсы алайық.
5. Жарыс десе жанамыз,
Бас жүлдені де аламыз, - деген үмітпен келіп отырған «Ішкі санитария маманы» мамандығы
тобы студенті ....... қарсы алайық.
Жүргізуші:
Ал, жиналған халайық,
Асып әсте саспайық,
Сайыс, қызыған, ей достар!
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық.
Жиналған ылғи дарындар
Жүрегі от болып жалындар
САЙЫСКЕРЛЕР міне , халайық
Қол соғып құрмет қылайық!!!
Сіздердің өз істеріңіздің деген адалдықтарыңыздың, ұдайы өзгеріп отыратын нарыққа бейімделе білу қабілеттіріңіздің нәтижесінде Қазақ елінде құрылыс жанданып, халық жаңа стандарттар мен заманауи дизайнға бой үйретуде.
Еліміздің ажарын ашатын, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне қосатын үлестеріңіз мол болсын!!! Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, еңбектеріңізге таусылмас жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз!!!
Ал қазір өздеріңізді таныстыру үшін осы ретпен ортаға шақырамыз!
Сайыскерлерге сәттілік тілейік!
Сайыс бағдарламасы бойынша болашақ маман иелері халықпен амандасады, өздерін таныстырып, ұран –эмблемаларын таныстырады. (5 ұпай)
Сайыскелер мамандығына жарнама жасайды, мамандықтың ерекшеліктерін таныстыру шеберліктерінкөрсетуі керек.(7 ұпай)
Тренинг орталығы шеберханасында жаттығу- тапсырма орындайды.(10 ұпай)
Бағалау критерийлері
Р.с.
Мамандық атаулары
Амандасу , таныстыру, эмблема,ұраны
Мамандыққа жарнама
(Ұшқыр қиял, шеберлік,жарнама әдісі)
Жаттығу- тапсырма орындауы
(Құралдарды қолдану тәсілі, технологиялық нұсқау картамен жұмыс жүргізуі
1.
«Тас қалаушы»
2.
«Керамика жүйесі»
3.
«Дәнекерлеуші»
4.
«Жылу жүйесі маманы»
5.
«Ішкі санитария маманы»
Барлық ұпай саны
Жүргізуші:
Тұрмағанбеттің термесі «Жақсы мен жаман» – орындайтын өндірістік оқыту шебері Бүрлібаева Жанар Қуандыққызы. Қарсы алыңыздар!
«Атасы жақсы қандай-ды» - әнімен өндірістік оқыту шебері Асанбаева Розаны ортаға шақырамыз!
Қорытындылау
Әділ қазыларға сөз беріледі. (Марапаттау, құттықтау)
Жүргізуші:
Дәл қазірде мамандықтың төресі
Ескегі дәл, мықты алып кемесі
Құрылысшы еңбегімен ерлеген
Бар ма осыған мамандықтың теңдесі.
Еңбегін аманатқа жалғастырған,
Ұрпағының болашағын қамдастырған
Тұрғызып зәулім сарай, еңселі үй
Маңдай терін естелікке алмастырған
Қолыңыздан күш кетпесін, ауырма
Денсаулығың қарсы тұрсын жауынға
Бақыт, байлық, достық, табыс кетпесін
1001 алғыс құрылысшыдай қауымға!!!
Қыс та, жаз да күнін сыйласын
Күз де, көктем мол табысын жинасын
Абырой, марапатыңыз құтты болып,
Қуаныштан құшаққа гүл сыймасын
Отбасылар аман болсын, адамдар,
Сіз қалаған кірпішпенен заман бар
Есіміңіз естелік боп жаңғырсын,
Зәулім қала аттағанда қадамдар!!!
Бүгінгі сайыста құрыш қолды құрылысшы мамандығы жер бетіндегі ең бір ізгі, адамдарға қуаныш сыйлайтын керек мамандық екендігін тағы да бір рет дәлелдедіңіздер.