2 –жүргізуші: «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Олимпиадалық шеру» кешіне қош келдіңіздер! 1- жүргізуші: Бұл күн - білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн! 2 – жүргізуші: Бұл күн - өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні! 1- жүргізуші: Бұл күн - әр оқушының жұлдызы жарқыраған күн! 2- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн –Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары - олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!
1- жүргізуші: Олай болса, бүгінгі кешіміздің басты кейіпкерлері - олимпиада жеңімпаздарын, 2- жүргізуші: шығармашылық сайыстардың жеңімпаздарын, 1- жүргізуші: жас ақындарды, 2- жүргізуші: жас ғалымдарды, 1- жүргізуші: өнер тарландарынжәне оларды биік шыңдарға жетелеген жетекші мұғалімдерді ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар! (Залда отырған көрермендер орындарынан тұрып, қол соғып қарсы алады) Музыка ойналады, оқушылар мұғалімдерімен мәжіліс залына кіреді, орындарына отырады. 1 - жүргізуші: Гимназия- интернатының әр оқушысы математикадан 2 - жүргізуші: қазақ тілі мен әдебиеттен 1 - жүргізуші: шет тілі мен орыс тілінен 2 - жүргізуші: физика мен тарихтан 1 - жүргізуші: өнерден 2 - жүргізуші: биологиядан 1 –жүргізуші: сайыстың әр қырынан жұлдыз болып жарқырап көріне алады. 2 - жүргізуші: Ал, енді бұл жетістіктерге қалай жеттік. Экранға көңіл аударайық.
Фильм көрсетіледі.
1 – жүргізуші: Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз.
2- жүргізуші: Біз - ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.
1- жүргізуші: Талант - Жаратқанның сыйы ғана емес, сонымен бірге өзіңнің алдыңдағы, қоғам мен Отан алдындағы жоғары жауапкершілік.
2- жүргізуші: Құттықтау сөз Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының директоры Сүлейменов Жомарт Нұртайұлына беріледі.
Директор сөйлейді.
1- жүргізуші: Иә, бүгінгі күн куәгерлерімен жеке – жеке танысатында кез келіп жеткен сияқты.
2- жүргізуші:Сахнаға ақылдылардың ақылдысын - «Олимпиада жұлдыздарын» марапаттау үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Касимова Жанат Төлеубаевнаны шақырамыз.
1- жүргізуші: - Облыстық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ІІІ орыниегері-Жусупова Ажар- 10б сынып оқушысы Жетекшісі- Касенова Тұрсын Қомшыбайқызы
2-жүргізуші: Қаният Темірлан- 10б сынып оқушысы – Облыстық «Абай оқуларынан» ІІІ орын иегері. Жетекшісі Окпина Бақытгүл Маулитовна
1- жүргізуші: Көбеш Наргиз - 8б сынып оқушысы - Облыстық«Абай оқуларынан» ІІІ орын иегері. Жетекшісі Абаева Алмагүл Тұрлыхановна.
2- жүргізуші: Машрапова Айдана -11б сынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында тіл білімі секциясы бойынша III орын. Байдарбесова ҚымбатМаратовна.
1- жүргізуші: Молдасарина Динара- 10а сынып оқушысы.Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен IIІ орын. Жетекшісі- Искакова Динара Сериковна
2- жүргізуші: Кокеш Олжас - 11а сынып оқушысы. Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен IIІ орын. Жетекшісі -Жангабулова Жазира Ералиевна.
1- жүргізуші: Муканова Асия - 11а сынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында Құқықтану секциясы бойынша ІII орын. Жетекшісі -Дауенов Ернұр Нұрланұлы
2- жүргізуші: Конырова Макпал - 11а сынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында Математика секциясы бойынша IIІ орын; «Ресейдің Протвина қаласында өткен «Компьютерлік физикадан» XVІI халықаралық турнирде математика бағыты бойынша ІІІ орын. Жетекшісі - Ералиева Меңтай Советовна
1- жүргізуші: Мукин Алтай- 8а сынып оқушысы. Аймақаралық математика жарыстар турнирінде ІІІ орын; Жетекшісі- Ералиева Меңтай Советовна
2- жүргізуші: Елжан Еркебұлан -5а сынып оқушысы. 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша облыстық кешенді олимпиадада ІІІ орын. Жетекшісі -Жаманов Нұрлан Болатович
1- жүргізуші: Смағзамов Азамат - 11а сынып оқушысы. Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында химия пәнінен ІІІ орын. Жетекшісі- Сансызбаева Гүлсім Бағадатовна
2-жүргізуші: Исабекова Сауле - 9д сынып оқушысы «Ақ көгершін» халықаралық ән байқауының ІІІ орын иегері - Жетекшісі: Рустемова Әсем Ныгыметуллиновна Ән-шашу1-жүргізуші:Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім-кіммен де жалтақсыз жарысатын жеңімпаздарымызды марапаттау үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразбаева Күләзи Қабдоллақызын сахнаға шақырамыз.
2- жүргізуші: Мұхамеджанова Айнура- 9 б сынып оқушысы.Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында орыс тілі мен әдебиет пәнінен IIІ орын- Жетекшісі- Саденова Орынтай Батбековна. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында тіл білімі секциясы бойынша II орын. Жетекшісі -Жангабулова Жазира Ералиевна
1- жүргізуші: Қабдолла Диана - 8асынып оқушысы. 7-8 сыныптар арасында жасөспірімдер олимпиадасынан Қазақстан тарихы пәнінен І орын; Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен ІI орын. Жетекшісі -Абдрахманова Асель Даулетовна.
2- жүргізуші: Жантемирова Анна -9бсынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында тіл білімі секциясы бойынша II орын. Жетекшісі -Жангабулова Жазира Ералиевна. Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен ІIІ орын.Жетекшісі Каримжан Жарылғап Төлепбергенович.
1- жүргізуші: Ерғалым Диана - 10асынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында информатика секциясы бойынша II орын; Жетекшісі Камалова Нұргүл Ерғалымқызы. Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында Құқық негіздері пәнінен ІIІ орын.Жетекшісі -Абдрахманова Асель Даулетовна
2- жүргізуші: Серимов Ерғанат- 11асынып оқушысы. «ЕХРО-2017 балалардың көзімен» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік форумында ІІІ орын; Жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша VI Президенттік олимпиадасында физика пәні бойынша ІІ орын; «Альтернативные энергии» құрылғысына патенттің иегері; XV облыстық ғылыми жобалар сайысында Техника секциясы бойынша ІІІ орын.Жетекшісі-Хамитова Анаргүл Кадырбековна. 1- жүргізуші: Жанбау Марғұлан- 7бсынып оқушысы. Облыстық «Жас дәурен» жас ақындар айтысында 2-орын ; «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық айтыста әкімнің арнайы сыйлығының иегері; Жетекшісі- Касенова Тұрсын Қомшыбаевна.
2- жүргізуші: Жунусбаева Күмісай- 11бсынып оқушысы. XV облыстық ғылыми жобалар сайысында Биология секциясы бойынша ІІ орын; Жетекшісі- Нажмиденова Анар Камалиденовна
1- жүргізуші: Сулейменова Анель- 11асынып оқушысы. XV облыстық ғылыми жобалар сайысында Биология секциясы бойынша ІІ орын; Жетекшісі- Нажмиденова Анар Камалиденовна.
2- жүргізуші: Каткенова Майда- 7әсынып оқушысы. «Зерде» оқушылардың ғылыми жарыстар сайысында «Өлкетану» секциясы бойынша ІІ орын - Жетекшісі- Нургожинова Бақытжан Сериковна.Сахнада би орындалады. 1- жүргізуші:Өз-өзіне сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын , болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын жеңімпаздарымызды марапаттау үшін директордың ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары Нұрдильдина Роза Рыскалиевнаны шақырамыз 2- жүргізуші: Қайырбаева Назгүл - 11бсынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында Тарих секциясы бойынша I орын; республикалық ғылыми жарыстарында I орын; Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен I орын, республикалық пән олимпиадасында І орын.Жетекшісі- Дауенов Ернұр Нұрланұлы.
1- жүргізуші: Қуанышева Ақерке - 10асынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында Тарих секциясы бойынша I орын; республикалық ғылыми жарыстарында I орын; Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында Қазақстан тарихы пәнінен I орын. Жетекшісі Дауенов Ернұр Нұрланұлы
2- жүргізуші: 11 б сынып оқушысы - Шалабай Еркежан - Облыстық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен І орын, Республикалық пән олимпиадасында ІІІ орын; Облыстық «Жарқын болашақ» жарысынан ІІІ орын . Жетекшісі Ахметова Гүлзина Кабдрахмановна.
1- жүргізуші: Есхожин Даулетбек - 11бсынып оқушысы. «ЕХРО-2017 балалардың көзімен» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік форумында ІІІ орын; XV облыстық ғылыми жобалар сайысында Техника секциясы бойынша ІІІ орын; Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстарының IV халықаралық конкурсында І орын. Жетекшісі- Хамитова Анаргүл Кадырбековна.
2- жүргізуші:Болатов Айдос- 11асынып оқушысы. Оқушылардың облыстық пән олимпиадасында биология пәнінен I орын, республикалық пән олимпиадасында ІІ орын. Жетекшісі -Сапаров Алмас Исаинұлы.
1- жүргізуші: Сапар Аяулым- 11асынып оқушысы. XV облыстық ғылыми жобалар сайысында Биология секциясы бойынша І орын. Жетекшісі- Сапаров Алмас Исаинұлы.
2- жүргізуші: Саяхат Оразбек- 11асынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында Этномәдениеттану секциясы бойынша I орын.Жетекшісі- Дауенов Ернұр Н; республикалық ғылыми жарыстарында I орын; Облыстық «Жарқын болашақ» жарысынан ІІІ орын;Жетекшісі- Окпина Бақытгүл Маулитовна.
1- жүргізуші: Есхожин Дияр - 11бсынып оқушысы. Оқушылардың облыстық ғылыми жарыстарында Этномәдениеттану секциясы бойынша Iорын; республикалық ғылыми жарыстарында I орын; Жетекшісі -Дауенов Ернұр Нұрланұлы.
2- жүргізуші: 11а сынып оқушысы Хафиз Қайролла - Республикалық Абай оқуларынан ІІІ орын, Облыстық «Менің Президентім-менің елім» сайысында І орын иегері. Жетекшісі- Окпина Бақытгүл Маулитовна.
1- жүргізуші: Байрон Мәрес- 11бсынып оқушысы. ИнЕУ өткізген «Тәуелсіздік тірегі-жастар» атты облыстық жас ақындар айтысында гран-при иегері. Жетекшісі- Ахметова Гүлзина Кабдрахмановна.
1- жүргізуші: Наурызбай Гүлмәркен - 6бсынып оқушысы. 6-8 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиет пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасында І орын. Жетекшісі-Абаева Алмагүл Тұрлыхановна.
2- жүргізуші:Құсайынова Жанар- 10б сынып оқушысы - Облыстық пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ІІІ орын. Жетекшісі - Касенова Тұрсын Қомшыбайқызы. «Ақ көгершін» халықаралық ән байқауында І орын иегері. Жетекшісі- Рустемова Әсем Ныгыметуллиновна.
1- жүргізуші: «Ақ көгершін» халықаралық ән байқауының І орын иегері - 10а сынып оқушысы Адамова Толқын. Жетекшісі: Рустемова ӘсемНыгыметуллиновна.
2- жүргізуші: Кинжалинова Алтынай -10 асынып оқушысы. «Ақ көгершін» халықаралық ән байқауының І орын иегері. Жетекшісі: Рустемова Әсем Ныгыметуллиновна.
ӘН-шашу
1- жүргізуші: Бүгінгі мереке тек қана талант иелерінің ғана емес, сонымен қатар олардың жетекші – мұғалімдерінің де жұлдызды күні.
2- жүргізуші: Тіршіліктің тылсымын ашу үшін жаралған,
Ұстаз қымбат ,ұстаз биік қадірлейтін бар адам.
Ұстаз берген өнегемен өлшенеді дүние,
Ұстаз берген өнегемен қаланады бар арман.
жүргізуші: Талантты да қабілетті ұландарды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдеріне ерекше алғыс білдіреміз.Ұстаздарымызды марапаттау үшін сахнаға мектеп директоры Сулейменов Жомарт Нұртайұлын шақырамыз
1- жүргізуші: ИӘ, Бүгінгі күні біз мектеп сахнасында қаншама жұлдыздың жарқырап, биіктен көрінгеніне куә болдық. Болашақта жұлдыздарымыздың саны көбейіп, мектеп даңқын шарықтата түсетініне сеніміміз мол.
2- жүргізуші: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
1- жүргізуші: Әлемде егемен Қазақстан бар.
2- жүргізуші: Оның білімге ұмтылған , арманшыл ұрпағы бар.
1- жүргізуші: Ең бастысы бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
2- жүргізуші: Сол күнге үлкен сеніммен барайық!
1- жүргізуші: Қолымыздан қайрат,
2- жүргізуші: Санамыздан ақыл кетпесін!
Кеш олимпиада жұлдыздарының орындауында әнмен аяқталады.
жүргізуші: Осымен, «Білімді жастар – ел болашағы» атты«Олимпиадалық шеру» кеші өз мәресіне жетті.
1-2 жүргізуші: Жұлдызды күндердерде кездесейік !
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты