kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« Жырды? ?ара жор?асы»?мбет?лі К?рібаев.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  « Жырды? ?ара жор?асы»?мбет?лі  К?рібаев.

           Ж?ргізуші: Я?ни,а?ынны? ж?рек жарды сезімдері – ?ле? болып ?рілген.Ендеше,а?ынны? айтыстары мен дастандарына кезек берелік.

1- о?ушы: К?рібай- мені? ?з ?кем.

                  ?мбет?лі – шын атым

                  С?з айтпаймын жасырын

                  Он т?рт жас?а келгенде,

                  О?ыдым ілім т?сілін

                  Он бес жас?а келгенде,

                  Домбыра болды машы?ым.

2-о?ушы: Сар?айып жат?ан Сарыар?а,

                  Беттегелі бел екен

                  Керіліп жат?ан ке? дала,

                  Таусылмас ?за? кер екен.

3-о?ушы: Жа?сы жолдас сол болар-

                  Шашай сырын жина?ан

                  Жаман жолдас сол болар-

                 Орынсыз жерде ?ина?ан.

                  Баланы?  асыл бол?аны

                  Жаста?ы к??іл, мінезі

                  ?артай?анда тыйма?ан.

4-о?ушы:  Жамбылды? орден алуына арнал?ан тол?ауы

                   Дарынды Жамбыл сен еді?

                   ?ле?ге ди?ан,ке? еді?

                   ?адірі?ді білгенге

                   Ас?ар таумен те? еді?

5-о?ушы:  Жамбылдан бата аларда?ы ?ле?і

                   Ата?ты С?йінбайдан бата ал?аны?,

                   Жасы?нан а?ын Жамбыл атан?аны?.

                  Ш?кірті С?йінбайды?  бол?аннан со?

                  ?йі?де тыныш ?ана жата алмады?.

6-о?ушы:   ?зім туралы ?ле?

                    Шапырашты – ?сілім,

                    Ай?ын деген – н?сілім

                    ?йтек деген – ар?ы атам

                    К?рібай – мені? ?з ?кем

                    ?мбет?лі – шын атам.

7-о?ушы:  ?ле? болды к?біне

                   Он жеті жастан к?сібім

                   ?ыр со?ынан ?алмадым

                   Секілді мені? ?ашы?ым.

                   ?ле? жырды айт?анда

                   Тау суындай тасыдым

8-о?ушы:   Жетісу ?асиетті жерім мені?,

                   Т?рленді ?ыз?алда?тай елім мені?.

                   Енші алып ?акеле?нен, отау тігіп,

                   Ілені? ??тты?таймын б?лінгенін

                   Ілені? дариясындай сар?ылмастан,

                   Орында ?кіметті? сенімдерін.

9- о?ушы:  ???ан?а ?лгі, н?с?а ?намды за?

                     Ерікті елге, ?рпа??а ?ранды за?.

                     ?алам мен алтын сия халы??а арнап,

                     Еліме ?ділетті ??ралды за?.

10- о?ушы: Мен сені келіп едім сына?алы,                                                                                                                                                                                                              

                     Б?йыр?ан алып ж?рмін сыба?аны

                     Тайы?ды ат ?ып мінгін,?мбет?лім,

                     «?аражор?а деп са?ан ат ?оямын,  

                     С?зімні? осы болсын тияна?ы»

                                                                                                                                                                                             ?орытынды: Міне, балалар я?ни халы? а?ыны,Жамбылды? ш?кірті,суырып салма а?ын ?.К?рібаев атамызды? ?ле?дері, тол?аулары, дастандары осылайша жырлан?ан.?мбет?ліні  ?лы ?стазы Жамбыл мойындап бата берген.?ара тілді, а?па а?ын ?мір, таби?ат, ?зі ?мір с?рген д?уірді? тыныс тіршілігін,заман а?ымын шабыттана жырлайды.Біз оны? айтыстары мен дастандарын о?ып отырып, жыршы,а?ын екенін к?реміз.?мбет?ліні? мы?ты а?ын екендігі тек ?аза? хал?ына ?ана емес ?ыр?ыз туыстар?а да м?лім болды.?мбет?лі тарт?аны домбыра, айт?аны- ?н болып Жетісу ?лкесіне таныл?ан.Сонды?тан да оны? есімі м??гі ?мытылма? емес.Оны? поэзиясы мен шы?армасы болаша? ?рпа?тар есінде м??гі са?талма?, - деп б?гінгі ?.К?рібаевты? 125 – жылды?ына арнал?ан кешімізді ая?таймыз.Осылайша ?аза?ы жырды? «?ара жор?асы» атан?ан ?мбет?лі кешегі мен б?гінгіні? арасында?ы алмас жырды? алтын к?пірі бола білді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« Жырды? ?ара жор?асы»?мбет?лі К?рібаев.»



Тақырыбы: « Жырдың қара жорғасы»Үмбетәлі Кәрібаев.

Орындаған: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы №3 орта мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Орынбекова Гульмира Жолдасбековна

«Жырдың қара жорғасы»

Қазақ ауыз әдебиетінің жиырмасыншы ғасырдағы көрнекті өкілі, айтыс ақыны,термеші, атақты жыр жүйрігі Үмбетәлі Кәрібаев. Үмбетәлі Кәрібаев 1889 жылы осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Шолақ қарғалы деген жерде, көп балалы кедей отбасында дүниеге келеді. Қазіргі ауылдың аты «Үмбетәлі» деп аталады.Осы ауылдағы мектеп те Үмбетәлі ақынның есімімен аталған.Болашақ ақын жас кезінен – ақ домбыра тартуға,ән айтуға жақын болған екен.Ең алғаш Жамбылды ол, он екі,он үш жасында көреді. «Менің қайран қалғаным Жамбыл өлең айтқанда іркілмейді екен....Жәкеңді көруім, оның жырын естуім өмірімде ұмытылмайтын ерекше оқиға болды.Тегінде менің бойымдағы ақындық сезімді оятқан да осы кездесу - ау деймін».Өмірінің мұнан арғы кезеңін ақын өлең мен баяндап кетеді...........

Келгенде он жетіге молда көрдім,

Ынтамның барлығынан зорға көрдім.

Көтеріп бір баланы бір балаға,

Бәлені дүре деген сонда көрдім.

Молдадан еш рақым көргенім жоқ,

Ұрса да, соқса да мен өлгенім жоқ.

Алты айда хат таныдым әрең – әрең,

Азғырған әз-әзілге ергенім жоқ дей келе. Ақын өмірінің басты- басты белестері осы толғаудан шынайы қалпымен, шыншыл күйімен көрінеді.Осы орайға байланысты. Ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Жырдың кара жорғасы» атты сазды кеш өткізілді.

Мақсаты: 1. XX – ғасырдағы қазақтың көрнекті ақындарының бірі, айтыс өнерінің ірі өкілі Ү.Кәрібаевтің айтыскерлік өнерін таныту.

2. Үмбетәлі айтыстарындағы көркемдік сипаттарды талдау.

3.Сөз қадірін түсінуге ,айтыс өнерінің ұрпақ жалғастығы екенін тану, айтысты бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үмбетәлі суреті ,интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар.Үмбетәлі мұражайы- альбом , қосымша әдебиеттер.

Жүргізуші: Қымбатты оқушылар ! Биыл міне қазақтың ұлы ақыны –Ү.Кәрібаев атамызға 125 жыл толып отыр. Бұл кісінің есімі Жамбыл ауданы үшін ерекше , олай дейтініміз көрнекті халық ақыны Жамбыл бабамыздың шәкірті.Үмбетәлі Кәрібаев өзінің бүкіл шығармашылық жолында ұлттық поэзиямыздың озық үлгілерін бүгінгі заманға жеткізіп, жаңарта пайдаланған ,дәуір шындығына белсенді үн қосқан үздік таланттардың бірі болды.Олай болса:

Алқалы топты қыздырып,

Тынысы болған ән – жырдың,

Қиялын бірге жүздіріп

Інісі болған Жамбылдың дей отырып,Ү.Кәрібаевтің 125 жылдығына арналған әдеби сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші: Кайырлы күн! Құрметті оқушылар, қонқтар ,ұстаздар сөз кезегін Ү.Кәрібаевтың қысқаша шығармашылығын таныстыру үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Орынбекова Гульмира Жолдасбекқызына сөз береміз.

Кіріспе сөз: Балалар, Үмбетәлі атамыздың ақындық өмірі XX- ғасырда қазақ халқы бастан кешкен заман шындығы жайында өтті.Ұстазы Жамбыл сияқты ол да еңбекші, кедей шаруа отбасында туып өсті.Халық өмірін,оның мұң-мұқтажын жақсы біледі.Соны жырлады.Кеңестік дәуірінде туған Үмбетәлі жырлары негізінен,жаңаның жақсылығын көрсетуге арналады.Мұның өзі ақын аңсаған жаңа өмірдің суреттерін елестетеді.Ол қай өлеңінде болсын, жеке фактыдан көптік сипат табуға, жинақтап, қорыта айтуға ұмтылады.Сондықтан да Үмбетәліге «Жырдың қара жорғасы»деген қасиетті есім танылған.

Жүргізуші: Яғни,ақынның жүрек жарды сезімдері – өлең болып өрілген.Ендеше,ақынның айтыстары мен дастандарына кезек берелік.

1- оқушы: Кәрібай- менің өз әкем.

Үмбетәлі – шын атым

Сөз айтпаймын жасырын

Он төрт жасқа келгенде,

Оқыдым ілім тәсілін

Он бес жасқа келгенде,

Домбыра болды машығым.

2-оқушы: Сарғайып жатқан Сарыарқа,

Беттегелі бел екен

Керіліп жатқан кең дала,

Таусылмас ұзақ кер екен.

3-оқушы: Жақсы жолдас сол болар-

Шашай сырын жинаған

Жаман жолдас сол болар-

Орынсыз жерде қинаған.

Баланың асыл болғаны

Жастағы көңіл, мінезі

Қартайғанда тыймаған.

4-оқушы: Жамбылдың орден алуына арналған толғауы

Дарынды Жамбыл сен едің

Өлеңге диқан,кең едің

Қадіріңді білгенге

Асқар таумен тең едің

5-оқушы: Жамбылдан бата алардағы өлеңі

Атақты Сүйінбайдан бата алғаның,

Жасыңнан ақын Жамбыл атанғаның.

Шәкірті Сүйінбайдың болғаннан соң

Үйіңде тыныш қана жата алмадың.

6-оқушы: Өзім туралы өлең

Шапырашты – әсілім,

Айқын деген – нәсілім

Әйтек деген – арғы атам

Кәрібай – менің өз әкем

Үмбетәлі – шын атам.

7-оқушы: Өлең болды көбіне

Он жеті жастан кәсібім

Қыр соңынан қалмадым

Секілді менің ғашығым.

Өлең жырды айтқанда

Тау суындай тасыдым

8-оқушы: Жетісу қасиетті жерім менің,

Түрленді қызғалдақтай елім менің.

Енші алып Қакелеңнен, отау тігіп,

Іленің құттықтаймын бөлінгенін

Іленің дариясындай сарқылмастан,

Орында өкіметтің сенімдерін.

9- оқушы: Ұққанға үлгі , нұсқа ұнамды заң

Ерікті елге, ұрпаққа ұранды заң.

Қалам мен алтын сия халыққа арнап,

Еліме әділетті құралды заң.

10- оқушы: Мен сені келіп едім сынағалы,

Бұйырған алып жүрмін сыбағаны

Тайыңды ат қып мінгін,Үмбетәлім,

«Қаражорға деп саған ат қоямын,

Сөзімнің осы болсын тиянағы»

Қорытынды: Міне, балалар яғни халық ақыны,Жамбылдың шәкірті,суырып салма ақын Ү.Кәрібаев атамыздың өлеңдері, толғаулары, дастандары осылайша жырланған.Үмбетәліні ұлы ұстазы Жамбыл мойындап бата берген.Қара тілді, ақпа ақын өмір, табиғат, өзі өмір сүрген дәуірдің тыныс тіршілігін,заман ағымын шабыттана жырлайды.Біз оның айтыстары мен дастандарын оқып отырып, жыршы,ақын екенін көреміз.Үмбетәлінің мықты ақын екендігі тек қазақ халқына ғана емес қырғыз туыстарға да мәлім болды.Үмбетәлі тартқаны домбыра, айтқаны- ән болып Жетісу өлкесіне танылған.Сондықтан да оның есімі мәңгі ұмытылмақ емес.Оның поэзиясы мен шығармасы болашақ ұрпақтар есінде мәңгі сақталмақ , - деп бүгінгі Ү.Кәрібаевтың 125 – жылдығына арналған кешімізді аяқтаймыз.Осылайша қазақы жырдың «Қаражорғасы» атанған Үмбетәлі кешегі мен бүгінгінің арасындағы алмас жырдың алтын көпірі бола білді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

Үмбетәлі Кәрібаев.Толық жинағы.Шымкент: «Жебе» баспа үйі,2006жыл

Үмбетәлі Кәрібаев: Жинақ. – Алматы:2009 жыл

Үмбетәлі Кәрібаев: Атамекен. Ұзынағаш. 20,6,27 қыркүйек .2014жыл

Үмбетәлі Кәрібаев:Атамекен.Ұзынағаш.4,9,18 қазан.2014 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
« Жырды? ?ара жор?асы»?мбет?лі К?рібаев.

Автор: Орынбекова Гульмира Жолдасбековна

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306809


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства