Я Аманжолова Бархыт Константиновна учитель казахского языка и литературы.Свободное время читаю, пишу стихи,активно занимаюсь спортом.Люблю свою профессию,замужем, четверо детей уже взрослые, скоро стану бабушкой активно готовлюсь к этому.люблю готовить для своих любимых детей и мужу.читаю романы люблю фантастику,внедряю новые технологий на уроках, до сих пор учусь
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді,
жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек;
топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек.
.Сайыстың тапсырмалары:
1кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әр топқа бір әріп беріледі:
«Достық» тобына «А» әрпі, «Жұлдыз» тобына «Ж» әрпі.
Топтар 1 мин ішінде сол әріптен басталатын әр сөз табынан келетін сөздер жазып, қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, өздері жазған сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай.
«Достық» тобына:
Сен кімсің?Адам
Бірінші септік?Атау
Ең жақын адам ?Ана
Еліміздің бас қаласы?астана
Нешінші сыныпта оқисың? Алтыншы
Сүттен жасалған сусын?Айран
Ең әдемі құс?Аққу
Саған ертегі айтатын?Ана
Бал жинайтын жәндік?ара
Ең тәтті жеміс?Алма
«Жұлдыз» тобына:
Сен қалай оқисың?Жақсы
Сағыз қанша тұрады?Жүз теңге
Қазақ тілінде неше септік?Жеті
Әжең қайда тұрады?жайлауда
Гүл қайда өседі?жерде
1қаңтар қандай мейрам?Жаңа жыл
Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы?Жатыс
Диванда отырып, әке не оқып отыр?Журнал
Сиыр, қой, түйе нелер?Жануар
Ең ыстық мезгіл?жаз
(әділқазыларға сөз)
2 кезең: Кім жылдам және тез?Сұрақ жауап
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев) 2.Бүгін нешесі? ( күнін айын айтады.) 3.Қазақ тілінде неше септік? (7) 4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) 5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден) 6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш) 7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) 8.Қыста не жауады, не соғады? (қар,боран) 9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) 10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)
11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?) 12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер) 13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім? (Әл-Фараби) 14.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе) 15.Бір жылда неше күн бар? (365) 16.Бір айда қанша апта бар? (4) 17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) 18.Бір сағатта неше минут бар? (60) 19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) 20.Бір аптада қанша күн бар? (7)
(әділқазыларға сөз)
3 кезең: «Маржан сөз».
«Оқы да біл, ойна да күл» ойыны арқылы сөздерді
қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 1.Тұзда бар,суда жоқ. Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ. Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 3.Үйде бар,шиде жоқ. Күйде бар,биде жоқ. (ү) 4.Қазда бар,үйректе жоқ. Құрда бар,шілдеде жоқ. (қ) 5.Дәнде бар,елде жоқ. Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 6.Бірде бар,үште жоқ. Екіде бар,бесте жоқ. (і) 7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 8.Шөлде бар,далада жоқ. Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 9.Қайсы әріп қасарып, Көнбейтін болуға бас әріп? (ң)
(әділқазыларға сөз)
4 кезең: «Шешендік өнер». Берілген мақалдың жалғасын табу:
Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл).
Ер - елінде, .....(гүл - жерінде).
Отан - ....(отбасынан басталады).
Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз).
Күш - білімде, .....(білім - кітапта).
Ел іші - ....(алтын бесік).
Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды).
Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын).
Кітап - ....(алтын қазына).
Қыз - .....(қонақ).
(әділқазыларға сөз)
Сайысқа белсенді қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді, өнерлеріңді ортаға салып, топ абыройын жоғары көтердіңдер. Болашақта мектепте, басқа да ұйымда өтетін шараларда жүлделі орын алуларыңа тілектеспін.
Әділқазылар алқасына да құрметтерімізді білдіріп, қөшемет көрсетейік.