Просмотр содержимого документа
«8 БА?ЫТ БОЙЫНША Т?РБИЕ Ж?МЫСЫ»
I.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру
II.Рухани - адамгершілік тәрбиесі
Мақсаты:
Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы-адамзаттық құндылық-тарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру
III.Ұлттық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаны ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу
IV.Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:
Ата- аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық, педагогикалық құзы-реттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
V.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатына-сын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
VI.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиет-терін және дарын-дылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.
VII.Көп мәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие
Мақсаты:
Білім беру ұйымдары-ның білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкес-тендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
VIII. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты
Мақсаты:
Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.