Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "?арттарым, аман сау ж?рші!" »
1 Қазан – Қарттар күніАшық тәрбие сабағыҚарттарым, аман сау жүрші!
Сабақтың тақырыбы: Қарттарым, аман-сау жүрші!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарт адамдарды құрметтеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадыр-қасиеттерін сіңіруге, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөздерден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Cабақтың эпиграфы
Өзгерген не ?
Адам ба, Әлде заман ба ?
Ата-анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар !
Құрметтеңдер үлкенді ,
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда !
Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер. В.А.Сухомлинский.
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман......
Абай Құнанбаев.
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды қарт адамдарды құрметтеуге,үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір-қасиетін сіңіруге, жаман мен жақсыны ажырата білуге,аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Интерактивті тақта, буклеттер, нақыл сөздер, т.б
C абақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
Ән-ұран орындау
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып,бір қауым елге бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Әр халықтың бойында атам заманнан беріқалыптасып, өзгелерден дараланып тұратын қасиеттері бар.Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.Қазақ қарттары жасына лайық аузы дуалы,сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Әкеден ұл тусайшы,ата жолын қусайшы деп халық ұрпаққа ата мұрасын жалғастыруды уағыздайды.Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды , іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып,терең тамырлануы, ең алдымен олардың жекелеген отбасында өркен жаюына , яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен , саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асыруына байланысты.Қарттарды қадірлемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын орындамайтын ұрпақтан не қайыр, не опа.Адам өмірінің мәні менсұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтте естен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйінде өмірлерін жалғастыруда.Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз қарттарға үлкен мән беріп,көңіл аударып,үкімет тарапынан оларға көмек көрсетілуде.Қарттар үйі-жасы ұлғайып,қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын әлеуметтік қорғау нысандардың бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.Қартаю болса, ол биологиялық прцесс, белгілі бір жасқа жеткен соң,организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.Қарт адамдардың жастарды үйретуге, ақыл айтуға моральдық құқы бар.Қартайған ата-ана біле білсек, отбасының алып діңгегі, шаңырақтың құты.Қарт кісіні құт-береке деп танысаң, ол ұрпақтың көрегендігі.Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашанда бақытты.Қарттар-біздің қазынамыз. Қазақстанның өсіп-өнуіне.еліміздің тыныш, бейбіт өмір сүруіне өз үлестерін қосқан осы аяулы қарттарымыз.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Дүние кезек деген.Сендер де өмір бойы жас болып жүрмейсіңдер.Сендер ата-аналарыңды құрметтеп, сыйласаңдар, ертең сендерді де балаларың сыйлап, қадірлейтін болады.Атаңа не істесең-алдыңа сол келер деген қазақта дана сөз бар .
2)Құрметті ата-ана, ата-әже, мұғалімдер және оқушылар сіздерді 1-қазан қарттар кұнімен шын жүректен құттықтайыз.Денсаулықтарыңыз мықты болып,өмір жастарыңыз ұзақ болсын, немере-шөберелеріңіздің шат күлкісімен жасарып,ұрпақтарыңызға тәлім-тәрбие, өнеге беруден жалықпай, аман-есен шауып-шапқылап жүре беріңіздер.
3) Қарттар жүрсін ортада,
Өткенді көрген шежіре.
Аман-сау жүрші әрқашан
Сыйлаған бақыт біздерге.
Жүз дейміз-ау
Сөз болып па, сол дағы
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма, қария ол қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы.-деп Қадыр ағамыз жырлағандай қариялар мәңгі-бақи біздің жүрегімізде жүреді.Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес,көпті көрген басы үшін қадірлеуіміз кесақтау-өсіп келе жатқан жастардың міндеті.
Ол кісілерді ұмытпай ,ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз.Осы күнге арнап, бүгінгі тәрбие сағатымыз Қариялар күніне арнап, Қарттарым, аман сау жүрші тақырыбында өтпек.
Қане,кім айтады, ата деген кім өзі ?(Әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі)
Әже деген кім ? (Әкеміздің анасы, анамыздың анасы
Дүниеге келер бір рет рек. Қарт адамдарды қадірлеп,мадақтап, мәңгі есте Құрыштан құйылған құдірет. Ол кім?( қарттарымыз)
Ал ендеше, апамызға, атамызға арнаған тақпақтарды айтайық.
1.Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
2.Қарты бар үйдің қазынасы бар.
3.Ата, әже, мерекелеріңіз құтты болсын,
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын.
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап,
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын Байназар А.
4.Тұра тұршы, есейгенде ұл-қызың,
Жүре тұршы,жалғанғанда, үзігің,
Маған бақыт неге керек, ақ әже ,өзің бірге көре алмасаң, қызығын Есполхан А.
5.Хош келіпсіз,ақ жаулықты, аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз, алаңсыз балғын шақты балалар.Алдаберген К
6.Армысыз, ауылымның асылдары.
Жайнасын, көңіліңнің жасыл бағы,
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.Бахытхан Б
7.Аппақ шашың күн сайын, қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған,
Тәңірімдей табынып, өтем, мәңгі
Қариялар, өзіңді, ел сыйлаған.Кадырбай Е
8.Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат,
Ешкімге жасамайтын, қиянат,
Жайлап қана ақылмен түзейсің,
Болып қалса, ұғына алмай, бір сағат.Байназарова Д
9.Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген,
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем,Шерхан А
10.Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе, көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем Нұрайлым.
11.Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген,
Атам сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем Аюбай Қ.
12.Қалдыратын ұятқа,жалған сөзге төзбеймін,
Жеткізетін мұратқа, тек шындықты көздеймін Бекжан.
13..Атам менің әманда, әдепті бала бол деген
Атам сөзі санамда,жүрем тура жолменен Халық Н,
14.Ей, тәкаппар, дүние, маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені ,мен қазақтың баласы Данабек.
12.Құттықтаймыз, мейрамыңмен, аталар
іӘр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,елің, жұртың,ұлың, қызың бағалар Назым.
14..Ана мейірі күн көзімен пара-пар,тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңдар, ата менен аналар Шакирхан.
14.Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария
Көп өнеге сөзі бар,сөзі соқпақ,сөзі нәр Үдербаев.
15.Ата салты ардақты,әрбір сөзі салмақты,
Сол сөздерді ұқпасаң.шайнарсың бін күні бармақты Мүс.
Қорытынды бөлі
Балалар бата деген не, оны кім береді
Абырой, амандығың, арта берсін
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген, жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тарта берсін.
Тыныштық елімізге береберсін
Молшылық жерімізге енеберсін.
Соғыстан ел-жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмір көре берсін.
Қарттарым, сіздерге алла саулық берсін,
Денсаулық, ауыз-бірлік бола берсін.Тап-таза абыройлы болғаныңды,
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.
Ақиқатты айқындап жариялар,Бара жатыр азайып қариялар.Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,Бара жатыр сарқылып дариялар…Неменеге жетістің, бала батыр?Қариялар азайып бара жатыр.Бірі мініп келместің кемесіне,Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,Сонда орнайды жетімдік басымызға.Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,Бір күлшесін бөліскен ашымызға.Неменеге жетістің, бала батыр?Қариялар азайып бара жатыр.Бірі мініп келместің кемесіне,Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.