"Болаша? отбасы м?шелері" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты
"Болаша? отбасы м?шелері" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты
Ала?ай, мен 5 алдым! М??алім бізге не айт?анын білесіз бе? – деп сынып о?ушысы ?зіні? ал?аш?ы жетістіктері жайында ?уанышы ?ойынына сыймай анасына айтып жатыр. Біра? к?ндер ?те берді. “Ала?ай, 5 алдым” деген баланы? ?уанышты с?здері сирек естілетін болды. Сізді? ойы?ыз ?андай?Сіз бала?ыз?а д?кенге барып келуін ?тінесіз. Ол “?н ты?дап отырмын” деп барудан бас тартты. Не істер еді?із?Са?ан ана? ?зі ж?мыстан келгенше ?йді жинастырып ?оюды тапсырды. Сен достары?мен ойнап ж?ріп б?л істі ?мытып кетті?. Ана? ж?мыстан келіп, ?зі жинап, сыпырып ?ойды. Сен келгенде ана? ренжулі. Сені? ?рекеті?.?й ешкім жо?. Тек сен ?ана. Есікті? ?о?ырауы со?ылды. Сен барып ?араса? ауылдан келген туыс?аны?. Сені? ана? ешкімге есікті ашпауды тапсыр?ан. Сені? ?рекеті?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Болаша? отбасы м?шелері" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты »
Мақсаты:Отбасындағы тәрбие - өте маңызды роль атқаратындығын көрсете білу, бала тәрбиелеуде алдымызда тұрған “Мен балама дұрыс тәрбие бере алдым ба?”, “Ол берген тәрбиемді біліммен ұштастыра алам ба?” деген сұрақтарға жауап іздеу; мектеппен ата-ананың байланысын нығайту, жұмыс жүйесін жақсату, ата-ананың, баланың оқу – тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру. Балалардың “сыйластық, махаббат” құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу;
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Нұрсұлтан Назарбаев
Ата – ананың еңбегін сіңірген бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Бала деген махаббатқа ешбір махаббат теңесе алмайды.Ол өле - өлгенше суынбайтын махаббат.
Ғабиден Мұстафин.
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұлы атадан үйренбей сапар шекпес.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
1. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
2. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
3. Балаларда өзімшілдік мінездің қалыптасуы неліктен?
4. Баланың өмір жолындағы әке мен ананың орны қандай?
5. Баланың ата мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар ?
6. Қазіргі кезде бала психологиясы әсер ететін жағдайлар қандай?
7. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
8. Қайтсек білімді ұрпақ тәрбиелейміз?
9. Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасыздар?
10. Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді, сіз қалай ойлайсыз?
1. Атты салт мінгенде қандай ат әбзелдері пайдаланылады?
Алақай, мен 5 алдым! Мұғалім бізге не айтқанын білесіз бе? – деп сынып оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойынына сыймай анасына айтып жатыр. Бірақ күндер өте берді. “Алақай, 5 алдым” деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болды. Сіздің ойыңыз қандай?
Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол “Ән тыңдап отырмын” деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
Балаларға
Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің.
Үй ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң ауылдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауды тапсырған. Сенің әрекетің.
1. Сіздің анаңыз балаңызға кім болады?
2. Бала дүниеге келген күні қандай той жасалады?
3. Балаңыздың туған күні қашан?
4. Сынып жетекшінің толық аты – жөні кім?
5. Екі қыздың баласы бір – біріне кім болады?
6. Балаңыз бірінші сыныпқа қашан барды?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
8. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі ?