1939 жылды? 5-желто?санында Гурьев (?азіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына ?арасты Манаш ауылында ту?ан.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалы? институтыны? тіл-?дебиет факультетін бітіріп, Балы?шы ауданыны? Еркіндала, Октябрьді? 40 жылды?ы атында?ы ?аза? мектебінде ?стазды? еткен.
1966-1968 жж. Гурьев облысты? «Коммунистік е?бек» газетіні? партия т?рмысы б?лімінде ?деби ?ызметкері.
1968-1970 жж. республикалы? «Лениншіл жас» газетіні? А?т?бе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі ?ызметін ат?ар?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Фариза О??арсынова ту?анына 75 жыл »
Фариза оңғарсынова
өМІРБАЯНЫ
1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері. 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
ЖЕТІСТІКТЕРІ
1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
КІТАПТАРЫ
1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
ҚЫЗМЕТЖОЛЫ
Фариза Оңғарсынова 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, “40 жылдығы”қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1966-1968 жж. Гурьев обылыстық “Коммунистік еңбек” газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетті атқарған. 1968-1970 жж. Республикалық “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал обылыстары бойынша меншік тілшісі болып еңбек еткен. 1970-1978 жж. Республикалық “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) жуаналының бас редакторы, 1978-2000 жылдары “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”)журналының бас редакторы болып істеді. 2000-2004 жж. ҚР мәжілісінің депутатыболды.
Әдеби шығармашылығы
Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдері жинағы “Сандуғаш” 1966 жылы жарық көрген. “Алмас қылыш”, “Тартады бозбаланы магнитім”, “Сайраған Жетісудың бұлбұлымын”, “Тыңдаңдар, тіріадамдар”, “Қарғыс”, “Қасірет пен ерлік жыры” поэмалары, “Үйім менің Отаным”, “Маңғыстау монологтары”, “Революция және мен” өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармашылығы шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың “Жүректің төрт мезгіл” кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың “Нәпсі”, “Куликов даласы”, “Он екі жыл өткен соң”, “Кармен”, “Қарлы перде” өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахаман жекелеген шығармаларын қазақ тілін аударған.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
“Сандуғаш” өлеңдер Алматы, жазушы 166ж.
“Маңғыстау маржандары” өлеңдер А., жазушы 1969ж.
“Мазасыз шақ” өлеңдер А., жазушы 1972ж.
“Асау толқын” өлеңдер А., жазушы 1973ж.
“Көгершіндерім” өлеңдер А., жазушы 1974ж.
“Биіктік” очерктер А., жазушы 1975ж.
“Біздің Кәмшат” повесть А., жазушы 1976ж.
“Сенің махаббатың” өлеңдер А., жалын 1977ж.
“Шілде” таңдамалы А., жазушы 1978ж.
“Журек күнделігі” таңдамалы А., жалын 1984ж.
марапаттары
“Құрмет белгісі” 1976ж.
“Парасат ордені” 1996ж.
ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 1979ж.
Халыққа білім беру ісінің үздігі 1985ж.
Қазақстанның халық жазушысы 1991ж.
Қазақстанның халық ақыны
Қазақстан Мемлекетінің сылығының лауреаты
отбасы
Әкесі – Иманғалиев Оңғасын
Анасы – Иманғалиева Қалима
Ұлы – Оңғарсынов Әнуар(1966ж.)
Немерелері – Анита (1987 жылы туған), Алан (1966 жылы туған), Әнел (1999 жылы туған)