Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Халқына адал бол |
Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы Түрі | Сабақтың мақсаты:халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру. Міндеттері:- оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру. Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Сыни ойлау, Оқыту үшін бағалау, АКТ. Стратегиялық іс әрекет: «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы» |
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Қазақ халқы аталы сөзді, шешендікті аса жоғары бағалаған халық. Небір бітімсіз дау- жанжалдың шешімін екі-ақ ауыз сөзбен айтып тындыру, ойлы да озбыр, отты сөздерді суырып салып айту- қазақ тарихында көп болған. Шебер айтылған ақыл, нақыл сөздер – жаратылыста, қоғамдық өмірде болған өзгерістерді жіті көзбен бақылап айтылған халық ойының жемісі. Шешендік сөздер – бата-тілектен бастап, кейінгі ұрпаққа арналған өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін керіс-келіс сөздерді қамтиды. Шешендік сөз- терең ойға, ұшқыр шешімге құрылады. Сөз туралы бөлтірік шешен: Сөзден тәттә нәрсе жоқ, Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Кімге? Қай жерде? Қай кезде? Қалай? Сөйлейтініңді біл, - деп толғайды. Шешендер- «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан екі елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі. Шешендердің ең негізгі құралы- сөз. Сол сөз арқылы тыңдаушысын өзіне қаратып, жүрегін тербеп, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық, дарын – қабілеттен туады. Жер дауы, жесір дауы, ер құны, барымта жайы ұстасушы екі жақтың билерінің айтысуы арқылы шешіліп отырған. Сөйтіп, бұл нағыз сөз сайысына арналған. Ертеден- ақ халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген батырлары, сөзін сөйлеген шешендері, білімпаз билері болған. Шешен- дау- жанжалды әділ, ақылмен шешетін болған. Халық қашанда билерді, шешендерді қадір тұтқан. Би- халықтың көкейіндегі айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет соқшысы. Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке, Асқар тау Қазығұрттай білімді еді. Бірі күн, бірі туған айдай болып, аманға сәйкесімен келіп еді.- деп, Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Төле биге тоқталамыз. Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам. Төле әкесіне еріп жүріп, ел таниды, жер көреді. 15 жасында билікке араласып, өзінің әділдігімен, ақылдылығымен жұрт арасында таныла бастайды. Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған. |
Сергіту сәті | Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. |
Ой толғаныс | Кітаппен жұмыс. Төле бидің төрелігін оқып, мағынасын ашу. Көрініс: Үш би. Толғауларын оқытып, берілген тақырып бойынша мағынасын ашу. Үнтаспадан толғауларын тыңдату. |
Үйге тапсырма | Билер туралы мәліметтер жинақтау,оқулытағы тапсырмаларды орындау. | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2. Топқа бөлу ( 1,2,3 санау арқылы үш топқа бөлу)
Оқушылар топтасып мәтінмен жұмыс жасайды. Рөлге бөлініп, рөлді сомдап шығады
Қазақ тілі | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың атауы | 3-сыныпта өткенді қайталау Жалаң және жайылма сөйлем |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | 3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу |
Жалпы мақсаттар |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ынтымақтастық атмосферасы | Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. |
Үй тапсырмасын сұрау | ББ кестесін толтыру |
Қызығушылықты ояту | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. Екі топтан екі оқушы шығып карточкалармен жұмыс жасайды. Фонетикалық ( дыбыстық ) талдау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау. 1 - карточка. Ақыл мен қайрат жол табар Қашқанға да қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. ( Абай ). 2 - карточка. Тоты құс түсті көбелек, Жаз сайларда гулемек. Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек. ( Абай ). Кім көп мақал біледі? Мына мақалдардың екінші сыңарын тап. ( Ауызша оқып беремін ). 1. Ашу – дұшпан,....... ( ақыл дос ). 2. Ақ –....... ( ақталар ). Қара –....... ( байланар ). 3. Сабыр түбі –....... ( сары алтын ). 4. Жігіт бір сырлы –....... ( сегіз қырлы болсын ). 5. Аузында әзілі жоқтың....... ( қолында қол шоқпары бар ). |
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу |
Сергіту сәті | Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. |
Ой толғаныс | Әзіл – аралас сұрақтар. ( Мақал – мәтелмен жауап беру. Сандарды орыс және ағылшын тілдерінде атау) 1. Неше қошқардың басы қазанға сыймас? (екі - два - two) 2. Неше рет өлше,... кес.? (Жеті - Seven, бір - one) 3. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Бір - One, мың - thousand) 4. Жігітке неше өнер аз? (сегіз - eight) 5. Нешеу ала болса ауыздағы кетеді? ( алтау - six) 6. Неше сомың болғанша, неше досың болсын? ( жүз - one hundred) 7. Жалқаудың ісі нешеу? (екі - two) 8. Қанша саусақтан өнер тамады? |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру. |
Қазақ тілі | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың атауы | 3-сыныпта өткенді қайталау |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | 3-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу |
Жалпы мақсаттар |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ынтымақтастық атмосферасы | Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. |
Үй тапсырмасын сұрау | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау |
Қызығушылықты ояту | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. Әр топқа тапсырмалар беріледі. І топ. Мына сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларын жаз. Күшті, биік, қысқа, үлкен. ІІ топ. Заттың сапасын, мөлшерін, көлемін, дәмін, түрін білдіретін бірнеше сын есім ойлап жаз. Түрі, түсі: Сыры, сипаты: Аумағы, көлемі: Дәмі, иісі: Пішіні: ІІІ топ. Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырып жаз. Қысқа – қысқа, көк ала, ап – аласа, ал қара көк, шымқай қара, тәп – тәуір, сұп – сұйық, өте ащы, қызыл шырайлы, сарырақ, ұзындау, ірілі – ұсақты. Бүлдірген теру» ойыны арқылы. Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз Өнерпаз.............(сөйлем) Әуесқой...............(ой) Түйінді................(шопан) Таңдаулы............(адам) Жасанды...........(бала) Сөзшең................(торқа) Басыңқы............(суретші) Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды жазып, олардың қандай жұрнақтар екенін түсіндір. а) Көкірегі сезім...., тілі орам...., Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. ә) Ерін.... адамның ертеңі бітпес. б) Қаб.... иттің тұмсығына тор кигізген. Мына бос тор көздерді дұрыс толтыр. 1. Ешкімге еш нәрсесін бермейтін, беруге қимайтын адам. 2. «Тентек» сөзінің синонимі. 3. Заттың пішіні. 4. Заттың көлемі 5. Айтқанға сене алатын, еш нәрсені байыптап байқамайтын адам. 6. Малдың түсі. 7. «Ақ» сөзінің антонимі. 3 топқа үш тапсырма. 1. «Алғырлар» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жаса. 2. «Білімділер» сөзіне морфологиялық талдау жаса. 3. «Зерек» сөзіне лексика – грамматикалық талдау жаса. |
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу |
Сергіту сәті | Еркiн ұста денеңдi, Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. |
Ой толғаныс | Шығармашылық саты І топ. Сын есімді қатыстырып «Әсем табиғат аясында» тақыры – бына ойтолғау жаз. ІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Ардақты ана» тақырыбына ойтолғау жаз. ІІІ топ. Сын есімді қатыстырып «Менің мектебім» тақырыбына ойтолғау жаз. «Жасырынбақ» ойыны. (Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қою) Әл...де болс... с...лқ...н, б...рлық ж...рд... қ...р бас...п ж...тыр. Н...урыз к...ні әл...мг... шу...ғ...н ш...ш...п т...р, бір...қ қ...зуы әлс...з ...йткен...н к...кт...м де к...ліп қ...л...пты. |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру. |
Қазақ тілі | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың атауы | Буын үндестігі |
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
Сабақтың жабдығы | 1. Білімділігі: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту. 3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, интерактивті тақта, оқулық т. б. Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды түсіндіру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары т. б. |
Жалпы мақсаттар |
Оқыту нәтижесі |
Топқа бөлу | Сыныпты пазл арқылы топтарға бөлі |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ынтымақтастық атмосферасы | Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. |
Үй тапсырмасын сұрау | ББ кестесін толтыру |
Қызығушылықты ояту | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. Үлестірмелермен жұмыс. №1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз. Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір. Ақыл – жас..., асыл тас..., №2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт. Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра. №3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз. құрылыс... - тер аң... - шы көбелек... – дар - Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен? - Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады. |
Мағынаны тану Мәтінді тізбектеп оқу |
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? |
Ой толғаныс | Жұмыс (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?) Еңбек (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?) 1. Буын үндестігі дегеніміз не? 2. Сіз оны қалай түсінесіз? |
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау | Күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру. |
Математика | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы | Мың көлеміндегі сандар (оқу, жазу, салыстыру, разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеу) |
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
Сабақтың жабдығы | Суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Оқушылардың 1000 көлеміндегі ауызша есептер шығару іскерліктерін қалыптастыру Білімділік: Оқушылардың 1000 көлемінде берілген есептер туралы білімдерін кеңейту, ауызша есептеу тәсілдері туралы мағлұмат беру Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін зейінін дамыту Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: интерактивті тақта |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Бағалау парақшасымен таныстыру |
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Үй тапсырмасын пысықтау | Көбейту кестесін еске түсіру | Оқушылар ауызша орындайды |
Жаңа сабақ | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Шығармашылық тапсырма: 1 - тапсырма. Математикалық диктант 1. 1метрде неше сантиметр бар? 2. 58 бен 2 сандарының қосындысы нешеге тең? 3. 12 мен 50 сандарының қосындысына 8 - ді қос 4. 1 минутта неше секунд бар? 5. 5 жүзд. 6онд. 5. Бірл қандай сан? 6. 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады? 2 - тапсырма. 3 – топқа сандар беріледі. Олар разрядтық қосылғыштарға жіктеп жазады Білгірлер тобы: 368, 386, 638, 863, 638 Алғырлар тобы: 507, 570, 750, 289, 298 Жүйріктер тобы: 279, 278, 423, 324, 432 3 - тапсырма. Есептеуді түсіндір 70+14=84 80 - 52=28 58+2=60 370+14=384 7 80 - 52=728 580+20=610 35+23=58 750 - 21=729 39+2=41 350+230=580 750 - 210=540 390+20=410 60+23=83 50 - 21=29 390+200=590 560 + 23 =583 750 - 21=729 390+220=610 560 +230=790 750 - 210=540 390+200=590 |
Сергіту сәті | Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
| Бірінші байлық - денсаулық. Екінші байлық - еркіндік Үшінші байлық - тіл байлық Төртінші байлық - қайрат-күш Бесінші байлық - ақ жаулық Алтыншы байлық - балаңыз Жетінші байлық - жүз саулық |
Ой толғаныс | 4 - тапсырма А) 12 ашық хатты әр хатқалтаға 2 - ден салу керек. Неше хатқалта керек? Жауабы: 6 хатқалта Ә) 12 ашық хатты 2 хатқалтаға тең бөліп салу керек. Әр хатқалтада неше ашық хат бар? Жауабы: 6 ашық хаттан 5 - тапсырма. Есепті шығар «Білгірлер» тобы А) Дүкенде 500 кг пияз болды. Пияздың біраз бөлігі сатылғаннан кейін, онда 140кг қалды. Неше килограмм пияз сатылды? «Алғырлар» тобы Ә) Асханаға 17кг сәбіз, одан 49кг артық картоп әкелінді. Асханаға барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді? «Жүйріктер» тобы Б) Анасында 200 теңге болды. Ол 100 теңгеге сүт және 45 теңгеге нан сатып алды. Анасында неше теңге қалды? 6 - тапсырма. 3 топқа теңдеу беріледі 652 - х=14+38 a - 130=420+200 700+x=1000 – 100 |
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады |
Кері байланыс |
Математика | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім: |
Сабақтың тақырыбы | Қосу және көбейту кестелерін есептеулерде қолдану |
Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
Сабақтың жабдығы | суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. |
Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | Міндеттері: 1.Оқушылардың қосу мен көбейту кестелерін қолдану жөніндегі білімдерін тиянақтау, толықтыру. 2. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту. 3. Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Оқытуда қолданылған әдіс-тәсілдер 1-модуль. Оқыту мен оқудaғы жaңa тәсілдер. Диaлог. (топтық жұмыс,жұптық жұмыс) топқа бөлу 5-модуль.Тaлaнтты және дaрынды бaлaлaрды оқыту. 6-модуль Оқушылaрдың жaс ерекшелік теріне сәйкес оқыту және оқу. 2- модуль. Сыни тұрғыдaн ойлaу. 5-минут. 5-модуль.Тaлaнтты және дaрынды бaлaлaрды оқыту. 3-модуль. Оқыту үшін бaғaлaу модулі. 4-модуль.АКТ сергіту сәті |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
Бағалау парақшасымен таныстыру |
Топқа бөлу | Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. | Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі. |
Ынтымақтастық атмосферасы | Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы Жылуым мол бойымда. | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
Үй тапсырмасын пысықтау | Көбейту кестесін еске түсіру | Оқушылар ауызша орындайды |
Жаңа сабақ | Оқулықта берілген тапсырмаларды топқа бөліп орындау Шығармашылық тапсырма №1 карточка (40,50,60,70,80,90 сандары 3-ке,4-ке,5-ке,6-ға көбейтілген) №2 карточка 240+(118-80)*3 650-420:(30*2) 1000-147*2+365 598-(600-89-123) 659-429:3+358 665+225:5-24*4 906:3+235 256*4-236 |
Сергіту сәті | Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны Басына қалпақ түскен оқушы жеті байлықты табады табады.
| Бірінші байлық - денсаулық. Екінші байлық - еркіндік Үшінші байлық - тіл байлық Төртінші байлық - қайрат-күш Бесінші байлық - ақ жаулық Алтыншы байлық - балаңыз Жетінші байлық - жүз саулық |
Ой толғаныс | Деңгейлік тапсырмалар:( 1-топ) Дарынды оқушыларға карточкалар беріледі. Есепті шығар. а)Автопаркте 8 үлкен автобус,ал одан 10 есе артық шағын автобус бар.Автопарктегі шағын автобустардың үлкен автобустардан қаншасы артық? ә) Есептің шартына басқа сұрақ қой және есепті шығар. (2-топ.жақсы оқитын оқушылар) б) үш жәшікте 300 алма бар.Осындай 5 жәшікте неше алма бар. |
Сабақты бекіту | Бүгінгі сабақта біз не істедік? | Саған қайсы тапсырма қиын болды? |
Үй тапсырмасы | Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады |
Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. | Бағалау парақшасын толтырады |
Кері байланыс |
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Адам қайдан , қалай пайда болған? |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Адам мен маймылдың шыққан тегі бір деген тұжырымды айғақты мағлұматтарға сүйеніп дәлелдеуге үйрету; қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру. 1. Білімділік: Аданың шыққан тегі туралы ғылыми түсінік ұғымдарын білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру. 2. Дамытушылық: Әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; 3. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу: Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы Көрнекіліктер: Адам жасаған заттардың суреттері. Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау, |
Психологиялық ахуал | Адам мен маймыл түрі мен іс - әрекетерін салыстыр Адамға қатысты сөздерді қорша: Көз, үстел, нан, қарындаш, жер, құлақ, жел, Шаш, жануар, ойыншық, көйлек, өсімдік | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | |
Мағынаны тану | Мұғалемнің түсіндірмесі:Бұл сұрақ адамдарды бұрынғы заманнан бері ойландырып келе жатыр . Ғылым әлі дамымаған кезеңдерде адамның қалай пайда болғандығы туралы көптеген аңыздар бар . Мысалы , ертедегі Құдай тағала алғашқы адамды балшықтан мүсіндеп, пеште қыздырып , одан кейін оған жан салып жаратқан деген аңыз тараған . Мұндай аңыздар ежелгі гректер мен басқа елдере де болған . Адамның жаралуы айындағы аңыз әңгімелер қасиетті діни кітаптардан да тиісінше орын алды . Ол кітаптарда Алла тағала өз құдіретімен әуелі жер – дүние , жан – жануарларды одан кейін барып , топырақтан ең алғашқы адамды , яғни АдамАтаны жаратқаны айтылады . |
Сергіту сәті | Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк-биiк секiрiп, Ойнап-ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп. |
Ой толғаныс | Жаңа білімді бекіту: 1. Алла әуелі нені жаратқан? 2. Адам - қайдан, қалай пайда болған? 3. Адамның жаралуы туралы ғылым не дейді? 4. Ағылшын зерттеуші кім? |
Үйге тапсырма | Мазмұндау . | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Адамды адам еткен – еңбек |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | «Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу. Сабақ міндеттері: 1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігі бақылауды үйрету. «Адам - табиғаттың бір бөлігі»деген тұжырымды дәлелдеу. 2. Адамның іс – әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту, есте сақтау, шыдамдылық, жіті бақылау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру. 3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Жануарлар әлемі» бейнетаспасы, суреттер, «Тарихи деректеме» кестесі» |
Психологиялық ахуал | Гүл өсірсең, терлеп, Мұның аты ― еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты ― еңбек. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | |
Мағынаны тану | Мұғалемнің түсіндірмесі: 1. «Адамды адам еткен еңбек» мәтінін оқытып, негізгі мағынасын белгілету. 2. Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу. Тірек сызба құрастырылады. Қазіргі заман адамы --------------------------- Жануарлар Үй, қабырға, қоршаулар соғады ----------- Аралар, құстардың ұясы Аспанға ұшу -------------------------------------- Құстардың ұшуы Оқушылар салыстыруды жалғастырады. «Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелер пайдаланады?» деген сұраққа жауап алу.Жалпа адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе? Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану. «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі. Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде. Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды. |
Сергіту сәті | Тік ұста бойыңды Жоғары соз қолыңды. Соз қолыңды тағы да, Жеткіз жираф мойнына. |
Ой толғаныс | Заттық дереккөз – Еңбек құралдары, үй шаруашылығындағы ұстайтын аспаптар, қару жарақ, әшекейлер, қираған ғимараттар. Жазбаша дереккөз - Шежіре, хаттар, хандардың жарлығы, іс - қағаздары, әңгімелер т. б. Ауызекі дереккөз - Ертегі, мысал, жыр, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыздар. |
Үйге тапсырма | Еңбек жайында тақпақтар жаттап келу . | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс | | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
Р/с | Р/с | Тақырыптар | Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Күтілетін нәтиже | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы | Үйрену барысын бағалау | Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар |
1 | 1 | 3-сыныпта өткенді қайталау | 3-сыныпта өткен білім туралы түсінік | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Топпен жұмыс, «Ұқсастық пен даралық», «3 қадамдық сұхбат» стратегиялары | Деңгейлік тапсырмалар | Өзін-өзі бағалау парақшалары | 4-сынып Қазақ тілі оқулығы. Ғаламтор. Көрнекілігі: сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, суреттер |
2 | 2 | 3-сыныпта өткенді қайталау | 3-сыныпта өткенді қайталауға арналған тапсырмаларды орындау | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | Топпен жұмыс,АКТ | Деңгейлік тапсырмалар | Өзін-өзі бағалау парақшалары | Тірек сызба, топтық тапсырмалар, суреттер, адасқан сөздер, суреттер топтамасы |
3 | 3 | Буын үндестігі | Буын үндестігі туралы түсінікті қалыптастыру | 1 | | Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. | Сұрақ - жауап, кубизм стратегиясы | Дарынды оқушыларға тапсырма Топтастыру | Өзін-өзі бағалау парақшалары | 4-сынып Қазақ тілі оқулығы. Кеспе қағаздар, текше |
4 | 4 | Буын үндестігі | Буын үндестігі тақырыбына берілген тапсырмаларды орындау | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Сұрақ – жауап,топпен жұмыс | БББ | Бағалау парақшалары | Қазақ тілі оқулығы. І.Жансүгіров портреті,шәркейдің суреті |
5 | 5 | Дыбыс үндестігі | Дыбыс үндестігі туралы түсінік | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | «Топтастыру», «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ - жауап | БББ | Бағалау парақшалары | Кесте, суреттер, парақшалар, сауалнама |
6 | 6 | Дыбыс үндестігі | Дыбыс үндестігі тақырыбындағы тапсырмаларды орындау | 1 | | Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. | Түсіндіру, сұрақ - жауап, ассоциация, топтастыру стратегиясы | Деңгейлік тапсырмалар | Бағалау парақшалары | интерактивті тақта, сөзжұмбақ, суреттер, жұмбақтар |
7 | 7 | Диктант | Диктант жазу арқылы оқушылардың қатесіз жазу дағдысын қалыптастыру | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Сұрақ-жауап,түсіндіру | Деңгейлік тапсырмалар | Бағалау парақшалары | «Бәйтерек» суреті бейнеленген плакат,ребус |
8 | 8 | Фонетикалық талдау | Фонетикалық талдау тақырыбына берілген тапсырмаларды орындау | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | Сұрақ-жауап,түсіндіру | Деңгейлік тапсырмалар | Бағалау парақшалары | Абай Құнанбаевтың суреті, сөзжұмбақ, сызбалар. |
9 | 9 | Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту | Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейтуге берілген тапсырмаларды орындау | 1 | | Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. | Топтастыру», «Ой қозғау» стратегиялары, сұрақ - жауап | Тест | Смайликтер | 4-сынып Қазақ тілі оқулығы. Тест жинақтары |
10 | 10 | Әңгімелеу мәтіні | Әңгімелеу мәтіні туралы түсінікті қалыптастыру | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Шығарма кестесі,түсіндіру | Үлестірмелі парақшалар | | Шығарма кестесі, сурет, плакат |
11 | 11 | Әңгімелеу мәтіні | Әңгімелеу мәтіні тақырыбындағы тапсырмаларды орындау | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | Түсіндіру,сұрақ-жауап | Мәтіндер | Бағалау парақшалары | Тақта,бор,дәптер |
12 | 12 | Мазмұндама | Мазмұндама жазу арқылы сөздік қорларын дамыту | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Түсіндіру,сұрақ-жауап | Нақыл сөздер | Бағалау парақшалары | Кестелер,жаңылтпаштар |
13 | 13 | Сипаттау мәтіні | Сипаттау мәтіні туралы түсінік | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | Түсіндіру,сұрақ-жауап | Нақыл сөздер | Бағалау парақшалары | Кестелер,мақал-мәтел |
14 | 14 | Сипаттау мәтіні | Сипаттау мәтіні тақырыбына берілген тапсырмаларды орындау | 1 | | Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. | Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары | «Кім жылдам?»ойыны | Геометриялық фигуралар | Ребус шешу, парақшалар |
15 | 15 | Пайымдау мәтіні | Пайымдау мәтіні туралы түсінік | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Спорттық ойындарды таңдау арқылы топқа бөліну. (баскетбол, футбол, асық аты, қыз қуу) | Деңгейлік тапсырмалар | Бағалау парақшалары | Семантикалық карта |
16 | 16 | Пайымдау мәтіні | Пайымдау мәтіні туралы тақырыптағы тапсырмаларды орындау | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | Сұрақ-жауап, жаттығумен жұмыс, оқулықпен жұмыс | Эссе жазу | Бағалау парақшалары | СТО стратегиялары (БББ кестесі, бағалау парағы, сызба кесте), пернетақта |
17 | 17 | Шығарма | Шығарма жазу арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту | 1 | | Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. | Сұрақ-жауап, жаттығумен жұмыс, оқулықпен жұмыс | Деңгейлік тапсырмалар | Бағалау парақшалары | Семантикалық карта,Тест |
18 | 18 | Сөйлем туралы өткенді қайталау | Сөйлем туралы өткенді қайталау тапсырмаларын орындау | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Сұрақ-жауап, жаттығумен жұмыс, оқулықпен жұмыс | Әңгімелер құрастыру Араласып кеткен оқиға стратегиясы | Бағалау парақшалары | Дидактикалық материалдар, тест |
19 | 19 | Сөйлем туралы өткенді қайталау | Сөйлем туралы өткенді қайталау тапсырмаларын орындау | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | Көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша | Жазбаша жазу жұмысы | Бағалау парақшалары | Суреттер, тест сұрақтары |
20 | 20 | Сөз тіркесі | Сөз тіркесі тақырыбындағы тапсырмаларды орындау | 1 | | Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. | Көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша | Жазбаша жазу жұмысы | Бағалау парақшалары | Суреттер, тест сұрақтары |
21 | 21 | Сөз тіркесі | Сөз тіркесі тақырыбындағы тапсырмаларды орындау | 1 | | Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды | Түсіндіру,сұрақ-жауап | Мәтіндер | Бағалау парақшалары | Тақта,бор,дәптер |
22 | 22 | Сөз тіркесі | Сөз тіркесі тақырыбындағы тапсырмаларды орындау | 1 | | Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды. | Түсіндіру,сұрақ-жауап | Деңгейлік тапсырмалар | Смайликтер | Сұрақтар,кесте |
23 | 23 | Сөз тіркесі | Сөз тіркесі тақырыбындағы тапсырмаларды орындау | 1 | | Жасерекшеліктеріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды. | Түсіндіру,сұрақ-жауап | Деңгейлік тапсырмалар | Жұлдыздар | Тест |