Суицид (латынша: Sui caedere - ?зін ?лтіру) – адамны? ?зіне - ?зіні? ?иянат жасап, ?з ?мірін ?июы.
Мына а?парат?а назар аударса?
Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасау?а бекінеді. Оларды? бір миллион?а жуы?ы жары? д?ниемен ?ош айтысады.Алды??ы ?атарлы суицид жасаушыларды? отаны ретінде, бас?асын айтпа?анда к?рші мемлекеттер Ресей мен ?ытай ж?не ?аза?станды айту?а болады.
?азіргі кезде Д?ниеж?зілік Денсаулы? Са?тау ?йымыны? дерегі бойынша ?аза?стан елдегі азаматтарыны? ?з ?мірлерін ?июы бойынша ?лемде ?шінші орынды алады. Ал осыдан ?ш жыл б?рын деректер бойынша ?аза?стан бесінші орында бол?ан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«суйцид та?ырыбына»
Суицид(латынша:Sui caedere-өзін өлтіру)– адамның өзіне - өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.
Суицид
Шынайы суицид-
Адам өмірден түңіліп, үнемі көңілсіз жүреді, өлгісі келеді
Жасырын суицид- бұл түрінде адам өзін - өзі өлтіру жақсы еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар жол жоқ болып көрінгендіктен өлімге апаратын істерге бас тігеді. Мысалы: нашақорлық , маскүнемдік т.б.
Жариялық суицид-
көбіне өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді. Олар біреумен ренжіссе, қолына суық қару, не арқан, жіп алып жүгіріп “өлемін” деп қорқытады
Мына ақпаратқа назар аударсақ
Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады.Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.
Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын факторлар
Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %
2. Қаражат қиындығынан - 3 %
3. Өмір сүрудің ауырлығынан – 4,4 %
4. Құмарлықтан - 6 %
5. Отбасы келіспеушілігінен - 18 %
6. Рухани дерттен - 18 %
7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19 %
8. Белгісіз күйі - 41 %
1. Адамның иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі.
2. Қаржылық жағдайлардың әсері.
3. Ренжу
4. Қателік
Суицид белгілері:
1.Сыртқы түрі мен мінезінде:
►Сағынып, мұңайып жүргендей түр
►Баяу қимылдау
►Сөйлеудің баяулауы
►Қысқа жауаптар
►Жауап бермеу
►Сөйлеудің жылдамдауы
►Екпіндеп сөйлеу
►Ұқыптылықтың шектен шығуы
►Іс- әрекетсіздік
2.Эмоциялық жағынан бұзылуы:
►Зерігу
►Ашулы
►Қоршаған ортаға өшпенді қарым- қатынас
►Өзіне және ортаға салғырттық
►Мақсатсыз үрейлену, қорқыныш
►Қуанышты сәттерге қуана алмау
►Секемшілдік
►Ешнәрсеге мән бермеушілік
►Қайғылы түр.
3.Психикалық аурулар:
► Депрессия
► Себепсіз қорқынышты байқататын невроздық
► Шизофрения
4.Өз өмірін бағалау:
► Өткен өміріне төмен баға беру
► Өткеннің жағымсыз сәттерін көп еске алу
► Жаңа жағдайларға құлықсыз, төмен баға беру
► Болашақ туралы жоспарларының болмауы
5.Қоршаған ортамен араласуы
► Ортамен араласудан қашқақтауы
► Көмекті қажетсініп ортамен қарым- қатынас
жасауға ұмтылыс, қолдау күту
► Өзінің қайғысын ешкіммен бөліспеу.
6. Тәулік барысындағы
динамикалық жағдайы :
► Кешке қарай көңіл- күйінің көтерілуі
► Кешке қарай көңіл- күйінің төмендеуі.
Вегативтік ауытқулар:
► Көздің жасаурауы
► Көз қарашығының үлкеюі
► Ауыздың құрғауы
► Ауаның жетіспеуі,
тұншығатындай күйде болу
► Бас ауруы
► Ұйқысыздық
► Кеуде тұсының ауруы,
дене бөлшектерінің ауруы
► Тәбетінің азаюы, дәм сезуінің төмендеуі
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептері:
Өз-өзіне қол жұмсаудың жалпы себебі тұлға мен оны қоршаған жақын ортаның өзара әрекеттесуі бұзылу, психикасын жаралайтын өткір жағдайлардың әсері салдарынан әлеуметтік-психологиялық бейімделмеушілік болып табылады. Алайда жасөспірімдер үшін бұл жан-жақты бұзушылықтан бұрын жақындарымен, отбасымен қарым-қатынастың бұзылуы болып табылады.
Өз-өзіне қол жұмсау арқылы тұлға өз жағдайларын өзгертуге талпынады: адам шыдағысыз қайғыдан құтылу, жарақаттайтын жағдайдан қашып кету, аяушылық сезімін туғызту, көмек алу, өз проблемаларына назар аударту. Өз-өзіне қол жұмсау оны ренжіткен адамдардың «өкінуі үшін» кек алу сезімінен туындауы не мақсатына кез келген жолмен жету үшін қырсықтық танытуы мүмкін. Осындай қамығу жағыдайға өз әсерін тигізеді.
Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің қауіп факторлары:
Ата-аналардың ішімдікке салынуы және психикалық жағдайының нашарлығы;
ата-аналары мен туысқандарының өз-өзіне қол жұмсауы;
жетімдік;
Толық емес отбасы;
Дұрыс емес тәрбие — авторитарлық, үлкен кісілерді сөзсіз тыңдау, тыйым салу, қатыгез қарым-қатынас, жеткіліксіз немесе шамадан тыс қамқорлық;
Психикалық жарақаттар— мектептегі және басқа;
Қатарластары арасында беделінің жойылуы;
Психобелсенді заттарды пайдалану;
Туа біткен физикалық кемшіліктер және осыған байланысты ауыр қамығу;
Туа біткен психикалық аурулар (ақыл-ойы кемістігі, эпилепсия, шизофрения және т.б.).
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер:
Мінез - құлқы бойынша
Мінез - құлқының кенеттен өзгеруі . Сабаққа бармау. Жақындарынан алыстау. Ағат әрекеттерді жасау. Өз - өзіне қол жұмсау үшін құралдарды, осы туралы кітаптарды сатып алу. Сыртқы бейнесіне салғырт қарау. Шектеулі сана.
Жасөспірімнің өз - өзіне қол жұмсау әрекеттері оның девиантты мінез - құлқысымен байланысты. Осындай әлеуметтік ауытқы болып келесілер табылуы мүмкін :
— пайда табу бағытындағы ауытқулар— ұрлық жасау, ұжымдық ұрлық, машинелерді айдап кету және т.б.;
— агрессивті бағыттағы ауытқулар— сотқар әрекеттер, төбелес, вандализм, өз - өзін жарақаттау ;