kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыйынар ем Ана деген т??ірге т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Ана жайлы тамаша с?здер, ?ле?дер, ?ндер ар?ылы ардагер, ?стаз-аналар мен аруларды мерекемен ??тты?тау, о?ушыларды мейірімділікке, ?стамдылы??а т?рбиелеу, ?стаз?а ата-ана?а деген ??рмет сыйын арттыру, анна е?бегін ?адірлей білуге ?йрету.
К?рнекілігі: аналар жайлы на?ыл с?здер,ма?ал-м?телдер.

Барысы:
Кіріспе:
Ж?ргізуші:
Кеш жары?, ?ымбатты ?стаз-аналар, арулар! К??ілдері?ізге к?ктем шуа?ындай сезім мен н?р ??йып,та?ы да 8-наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ні келді.Осынау к?ркем мерекені? ?ай кезде де орны б?лек.Олай болатыны,аналар?а деген ысты? сезім,ал?ыс пен ??рмет еш?ашан с?нбек емес.Олар-?мірді? г?лі,к??ілді? жыры,?р отбасыны? алтын ді?гегі.Мынау тынымсыз тіршілікпен ке? д?ниені? ?зі тек аналармен ажарлы. Б?гінгі арайлап ат?ан н?рлы та?мен бірге ?рбір с?би ж?регі ?зі? деп со?са,б?гінгі мерекелік кешіміз де аналар?аарналады.
Біз ?ана емес,?адір т?т?ан бабалар.
Аналардан ту?ан небір даналар.
Ана деген тіршілікті? тірегі,
Армысыздар,?асиетті аналар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыйынар ем Ана деген т??ірге т?рбие са?аты »

Тақырыбы: «Сыйынар ем Анадегентәңірге» (8 наурыз!)
Мақсаты:
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, анна еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Барысы:
Кіріспе:
Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілікпен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарғаарналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі А.А. Джумагалиеваға беріледі.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігін де іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағын анна адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «АнаңдыМеккеге үш реет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне аналар жайлы 6-7 сынып оқушылары өлең шумақтарын арнайды.Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дейотырып келесі кезекті Хайретдинова Дарияның орындауындағы «Желкілдек» термесіне береміз.
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Өтепқалиева Ділназдыңорындауындағы «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар.

Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам дініәйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Әншілер әндетіп тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
әншіілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Бакишева Әсемгүлдің орындауындағы «Асыл әжем» әнін қабыл алаңыздар.
«Отбасы-шағын мемлекет» дегенсөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты балаларыңыздың әсем биін қабыл алыңыздар.

Би: «Флешмоб» 6-7 сынып оқушылары «Жастар биі»

Ойын 2 сыныптан 4 ата-ана, 4 оқушы шығады, 2 ата-анаға 2 галстук, 2 ата-анаға 2 тарақ беріледі. Берілген уақыт ішінде галустук тағып, шашты өріп болуы керек.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 7а-сынып оқушысының орындауындағы терме «Кәніки тілім сөйлеші». Қабыл алыңыздар!
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. 7- сынып оқушысы Нұрпейсова Дильназдың орындауында «Испан биін» қабыл алыңыздар.

Ойын: «Өзіңді білгің келсе» жобалық тест.

Ата- аналардың таңдап өздеріне ұнаған суреттерін салады, сол салған суреттеріне қарап өздерінің мінез-құлықтарына сипаттама береді.
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлықжақсылықтысебетін де аналар. Ендешесоланаларалдында бас иелік!

Көрініс: «Ана махаббаты» 6-7 сынып оқушылары

Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан да ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

География пәнінің мұғалімі Дузбатиров Р.Ж-ның орындауында «Анаға сый» әні орындалады.
Құрметті қонақтар ,біздің «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыйынар ем Ана деген т??ірге т?рбие са?аты

Автор: Умирзакова Г?лжау?ар Ерген?ызы

Дата: 07.09.2015

Номер свидетельства: 229120


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства