Атал?ан ашы? тарбие саба?ыны? прзентациясы "Желто?сан о?и?асына" арналады. Саба?тан тыс ж?мыс Желто?сан к?терілісі туралы ??нды ма??лматтармен, кейіпкерлеріні? суреттерімен толы?тырыл?ан. О?ушыларды? танымын, ?ызы?ушылы?ын арттыру?а ?осар ?лесі бар. Саба? ?аза? тілді білім беретін мектептерге арнал?ан. Саба?тан тыс ж?мыстарды? бір ?лгісі ретінде пайдалану?а болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тіліміз
бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: «Желтоқсан желі ызғарлы...» тақырыбында шығарылған плакат,
желтоқсан оқиғасының құрбандарына,
желтоқсан оқиғасына байланысты жасалған буклеттер,
магнитофон, интерактивті тақта;
Барысы:
Әнұраным жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны, - дей отырып әнұранды шырқаумен сабақ басталады. Ортада С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жәймен ойнап тұрады.
Алға таман ақырындап жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
Бүгінгі «Ұлы таулар аласармайды,
Ұлы есімдер ұмытылмайды», деген айдармен өтілетін «Желтоқсан желі ызғарлы...» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным,
Тұншықса да түрмеде, тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады.
Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың
дауысы естілді.
Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл
үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?
Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!
Қалай болып еді өзі?!
1- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның
16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта
26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин
ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.
(Ана ортадан ақырындап кетеді)
Көрініс:
Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа:
-Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы
шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз
ойламағанда, кім ойлайды? Жан-жаққа: жатақханаларға, институттарға,
қыздарға хабар барды ма екен?
1-жігіт: Дүр сілкінді қойдан да қоңыр аймақ,
Бақ жана ма, қала ма соры қайнап,
Ұран жазып, қып-қызыл ту көтерген
Біз де шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
2-жігіт: Ербол Сыпатаев: Демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа
өзінің көсемі керек.
1-қыз: Сәбира Мұхамеджанова: Бұл дегенің Қазақстан Коммунистік