Просмотр содержимого документа
«Жобаны? та?ырыбы: «Тест тапсырмаларын PISA зерттеу ?дісімен ??растыру» »
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ ФИЛИАЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Жобаның тақырыбы:«Тест тапсырмаларын PISA зерттеу әдісімен құрастыру»
Жобаның тақырыбы:«Халықтың ұлттық құрамы” тақырыбында PISA халықаралық зерттеуінің тапсырмаларын, белсенді оқыту әдістерін пайдалану.
PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары, белсенді оқыту әдістері арқылы, оқушының белсенділігін арттыру, ізденуі мен зерттеу дағдыларын және белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.
Мақсаты:
PISA бағдарламасы тапсырмаларын, тестерін орындауда оқытудың белсенді стратегияларын орындауға оқушыларды дайындау және жолдарын үйрету.
PISA халықаралық зерттеу тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту, оқыту үрдісінде оқушының белсенді оқу ортасын құру.
Міндеттері:
: 1) Теориялық материалдарды оқып-зерттеу: -PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны,құрылысы; - PISA – 2015 халықаралық зерттеулерінің тапсырмалар түрі;
2) жеке тұлғаға бағытталған белсенді оқытудың маңыздылығын есте ұстау;
3) PISA талаптарына сәйкес тапсырма мысалдарын құруды үйрену; 4) оқушы құзырлылығын бағалаудың формативті және суммативті стратегияларын үйрену.
4.Оқушыларды мәтінмен, картамен, статистикалық мәліметтермен жұмыс жасай білуге дағд ыландыру .
Күтілетін нәтиже:
1.PISA бағдарламасының элементтері типтерімен бірдей болатын, оқушыларға арналған элементтердің үлгілерін жасау.
3. Оқушылар барлығы бірдей жұмыла жұмыс жасау арқылы тақырыпты меңгереді. 4. PISA халықаралық зерттеулердің тапсырмалары бойынша оқушылар оқу барысында игерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана алады.
Жоспар:
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспары
Зерттеу барысында мәтiнді толық түсiнгенін айқындайтын машықтар
PISA тестіндегі ашық және жабық сұрақтар
PISA халықаралық зерттеулерінің маңызы
:
Зерттеу құралдары:
Тест тапсырмалары бар буклеттер
Тест және сауалнаманы жүргізушіге арналған нұсқаулық
Білім беру ұйымының үйлестірушісіне арналған нұсқаулық
Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған сауалнамалар
Білім беру басшылығына арналған сауалнамалар
Тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу бойынша нұсқаулықтар
Тоқаш
Бойжеткен орталық бекетте поезд күтіп отырды. Ол уақытты өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап тоқаш сатып алды. Содан соң ол күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды. Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы орындықта болатын. Ол бір тоқашты алған кезде , ер адам да біреуін алды. Ол таңқалғанымен, ешнәрсе айтпады және одан әрі оқи берді. Ол ішінен «Сене алар емеспін! Егер мен батылдау болғанда міндетті түрде бірдеңе дер едім» деп ойлады.Ол әрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін солай бола берді. Бойжеткен ер адамның не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болып шешті. Ал, ол соңғы тоқашты алып, оны екіге бөліп, оған жартысын берді.Таңқалған ол кітапты сөмкесіне лақтырып салып, орнынан тұра жүгірді. Ол сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол кітабын алуға сөмкесін ашты. Тек сонда ғана ол өзінің қорабы ашылмағаны, тоқашы сөмкесінде жатқанын көрді.
Осы мәтін бойынша мына сұрақтар берілген
1- сұрақ
Әңгіменің басында бойжеткен не істеді?
А) Ол бекетте поезд күтіп отырды
В) ол бекеттен кетейін деп жатты
С) Ол бекетте ер адаммен сөйлесіп жатты
D) Ол бекетте газет сатып алып жатты
2-сұрақ
Әңгіменің ортасында бойжеткен «Сене алар емеспін!» деді. Бойжеткен не нәрсеге сене алар емес?
3-cұрақ
Әңгімеде сөз болып отырған бойжеткен мен ер адам әңгіме аяқталған соң бірнеше минуттан кейін қайтадан кездесіп қалды делік. Бойжеткен ер адамға не айтқан болар еді?
Қорытынды
PISA зерттеуінің көмегімен алынған мәліметтер зерттеушілерге әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсы болуы, оқушылардың білім жетістіктері мен білім үлгерімдеріне біршама әсерінің барын анықтап,осылайша білім алу мүмкіндіктерінің, білім ресурстарының нақты бөліну дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.