kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі та?да ?аза?станды? ?леуметті? назарын аударып отыр?ан к?кейкесті м?селелерді? бірі –12 жылды? білім беруге к?шу екені белгілі. ?лемдік білім беру ке?істігіне енуді? бірден – бір жолы осы болып отыр.     12 жылды? білім беруге к?шу мектеп пен м??алімдер алдында т?р?ан негізгі  м?селелер. «Баланы о?у?а ?алай ?йретеміз?», «Ойлау?а ?алай ?йрету керек?» деген с?ра?тар?а жауап табатындай білім н?рін беруге ба?ытталып отыр.     

  Болаша?ты? б?гіннен де н?рлы болуына ы?пал етіп адамзат ?о?амын ал?а апаратын к?ш тек білімде ?ана. ?ай елді? болмасын ?сіп – ?ркендеуі,            ?ркениетті д?ниеге ?зіндік орын алуы оны? ?лтты? білім ж?йесіні? де?гейіне, даму ба?ытына байланысты. ?аза?стан Республикасы 2011 – 2020 жылдар?а арнал?ан Білім беруді дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасын ж?зеге асыру м?селелерді? бірі о?ытуды? 12 жылды? білім ж?йесіне к?шу болып табылады. 12 жылды? мектеп – 11 жылды? мазм?нын 12 жыл?а «созу» емес,ба?дарламаларды?, о?улы?тарды? мазм?нын жай ?ана «же?ілдету» емес.Б?л мектепті? ?рбір де?гейі бойынша т?лектерге білім беруді? ы?тимал н?тижелеріне ба?дарлана отырып,оны? мазм?нын ??рылымдауды? сапалы бас?а т?сілі болып табылады. Президентіміз Н?рс?лтан ?біш?лы  Назарбаев ?зіні? 2014жылды? 17 ?а?тарында ?аза?стан халы?ына арнал?ан «?аза?стан – 2050: бір  ма?сат,бір м?дде,бір болаша?» атты д?ст?рлі Жолдауын жариялады. Жолдауды? басты ма?саты – елімізді ?лемдегі е? дамы?ан 30 мемлекетті? ?атарына ?осу. Т?уелсіздігімізді са?тай отырып, М??гілік Ел идеясын баянды ету. «Болаша? – білімдіні?,білім – т?рбиеліні? ?олында»  екенін ескерсек, б?гінгі та?да  ?аза?стан Республикасыны? м?ддесін ?ор?айтын, азаматты? ??ндылы?тарды дарыт?ан рухани де?гейі биік,адамгершілік ?арым – ?атынас?а дайын т?л?а т?рбиелеу – кезек к?ттірмейтін м?селе екені даусыз.  «ХХІ ?асырда білімін дамыта алма?ан елді? ты?ыры??а тірелері аны?» дей келе 12 жылды? жалпы орта білімге к?шуді? керектігін ай?ын к?ре аламыз.

    Б?гін мектеп партасында отыр?ан б?лдіршіндер – ерте? ел та?дырын шешетін азаматтар. Оларды? сапалы білім алуын ?амтамасыз ету – м??алімні? басты міндеті.  Ол ?шін ?р саба?та жа?а технология элементтерін пайдалануды? пайдасы зор. Жа?а технологияны? басты ма?саттарыны? бірі – баланы? о?ыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпазды?ын ?алыптастыру, ?з бетінше шешім ?абылдау?а да?дыландыру.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу »

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – білім көшінің алға қарай жылжығанын білдіреді.


Қазіргі таңда Қазақстандық әлеуметтің назарын аударып отырған көкейкесті мәселелердің бірі –12 жылдық білім беруге көшу екені белгілі. Әлемдік білім беру кеңістігіне енудің бірден – бір жолы осы болып отыр. 12 жылдық білім беруге көшу мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлауға қалай үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.

Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп – өркендеуі, өркениетті дүниеге өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазақстан Республикасы 2011 – 2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелердің бірі оқытудың 12 жылдық білім жүйесіне көшу болып табылады. 12 жылдық мектеп – 11 жылдың мазмұнын 12 жылға «созу» емес,бағдарламалардың, оқулықтардың мазмұнын жай ғана «жеңілдету» емес.Бұл мектептің әрбір деңгейі бойынша түлектерге білім берудің ықтимал нәтижелеріне бағдарлана отырып,оның мазмұнын құрылымдаудың сапалы басқа тәсілі болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2014жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халықына арналған «Қазақстан – 2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жолдаудың басты мақсаты – елімізді әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу. Тәуелсіздігімізді сақтай отырып, Мәңгілік Ел идеясын баянды ету. «Болашақ – білімдінің,білім – тәрбиелінің қолында» екенін ескерсек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мүддесін қорғайтын, азаматтық құндылықтарды дарытқан рухани деңгейі биік ,адамгершілік қарым – қатынасқа дайын тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» дей келе 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көре аламыз.

Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер – ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін әр сабақта жаңа технология элементтерін пайдаланудың пайдасы зор. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

«Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теорилық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды, яғни, мұндағы бала – өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім – бағыт беруші, нұсқаушы. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі: жеті модуль арқылы іске асады.

Жалпы 12 жылдық білім беру барысында оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуы тиіс.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі басым бағыттар – білім беруді ізгілендіру, демократияландыру, білім сапасын арттырудағы әр деңгей (мектеп жасына дейінгі, бастауыш, орта, жоғары) арасындағы білім мазмұнындағы бірізділік пенсабақтастықтың сақталуы, оқыту үрдісін технологияландыра отырып білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу, білім мазмұнын анықтауды оқушылардың жеке ерекшеліктері мен өзіндік қызығушылықтарын, рухани қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеру және оның практикалык бағыттылығына да басымдық беру, кәсіби бағыттау. Мұндай жағдайда оқыту үрдісінің барлық құрамдас бөліктері мазмұндық – сапалық өзгерістергеи ұшырайды: мақсаты, мазмұны, құрылымы, формалары, оқыту әдістері,т.б. Нәтижесінде шығармашыл дара тұлға, өмір сүруге бейім, белсенді, келешекте кәсіби білікті тұлға болып қалыптасуына негізі бар, сенімді, өз әлеуетін пайдалана отырып әр түрлі жағдайда алған білімін өмірде қолдана білетін тұлға қалыптасуы тиіс. Осы тұрғыдан келгенде білім мазмұнының құрамдас бөліктерінің бірі – «Қазақ тілі»пәнінің алатын орны ерекше. Тіл – оқушыны білімге, ғылымға, өнерге жетелейтін, халықтың ғасырлар бойы жасаған мәдени құндылықтарын танытатын құрал. Мектепте «Қазақ тілі» пәнін меңгеру арқылы оқушы қазақ тілінің құрылымы, қызметі, фонетикалық, сөзжасамдық жүйесі, сөздік қоры, грамматикалық құрылысы, тіл мәдениеті туралы білімді меңгеріп қана қоймай, қоршаған ортаны таниды, қоғамда адамдармен тілдік қарым-қатынасқа түседі, өз ойларын ауызша да, жазбаша да жатық жеткізу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ мектеп жүйесіндегі басқа пәндерді игереді.

Әр педагог қай кезде де,ең алдымен, білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалім өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талапқа сай қажет етеді.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісіне оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.

«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік Білімге

Білімге сенер заманда,

Қапы қалып жүрмелік» – деген ұлы көреген Абылай бабамыздың ой-тұжырымы қазіргі уақыттағы білім беру саласындағы көтеріліп отырған мәселелерді шешуге батыл кірісу керектігіне әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында мынадай мақсаттар көрсетілген: өз талаптарын динамикалық максималды түрде жүзеге асыратын, дамып келе жатқан ортада өмір сүре алатын, білімді, шығармашылық қабілетті, бәсекеге сай, құзырлы жеке тұлға тәрбиелеу.

Заманауи талапқа сай алғыр да ұшқыр ойлы, болашақты кеңінен болжай білетін ұрпақ тәрбиелеу – барлық білім беру ұйымдарының басты парызы екені баршаға мәлім. Сондықтан да қазір баланың бойында білімділік пен іскерлік дағдыларын қалыптастырумен қатар адамгершілік құндылықтармен қаруландырудың үлкен мәні бар.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында ммынандай мақсаттар көрсетілген: өз талаптарын максималды түрде жүзеге асыратын, дамып келе жатқан ортада өмір сүре алатын, білімді, шығармашылық қабілетті, бәсекеге сай, құзырлы жеке тұлға тәрбиелеу.

Күнделікті білім мен ғылым саласындағы өзгерістер жаңа инновациялық технологиялардың , әдіс-тәсілдердің, ерекше бағыттың пайда болуына себеп болады. Ал ұстаздар өз бетінше ізденіп, оқушыларды оқытып – тәрбиелеудегі инновациялық технологиялардың ең тиімді түрлерін таңдап, оны қолдана білу қажет. Ұстаздар үшін ең тиімді әрекеттің бірі –деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.

Әлем сәт сайын өзгеріп, күн сайын жаңаруда. Ал, дамыған әлемнің тұтқасын білімділер ұстап жүр. Біз жеті жыл ішінде 12 жылдық білім беруге толық көшіп боламыз. Және білім сапасын бағалау 12 баллдық жүйеге көшетіні құптарлық жайт. Жаңа жүйеге көшу- болашаққа бет түзеген бағдарлама.Өркениетті елдерде орта білім берудің соңғы сыныптарында белгілі бір кәсіпке бейімдеу бағытында өткізетіні белгілеу. Біздегі бастаманыңда мақсаты осы.

Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,интернеттің тіліне айналды. Елбасымыздың Жолдауындағы: «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз» деген сөзінен тіліміздің жылдан – жылға өркендегеніне көзімізді жеткізгендей боламыз.

Елбасы ХХІ ғасырда дамыған ел болу үшін жалпықазақстандықтардың мәдениетті дамытуға бағытталған іс – щаралар кешенін белгілеуді ұсынды. Бұл қазіргі заманның Қазақстан азаматтарына, Қазақстан ұстаздарына қойылатын басты талап – шарттардың бірі саналатындықтан,өте маңызды әрі көкейкесті мәселе деп білеміз. Жолдауда мәлім етілгендей, бүгінде қазақ тілінің ғылым мен білім, интернет тіліне айналғаны, мемлекеттік тілде білім алушылардың қатары көбейгені, мемлекеттік тілді білетін өзге ұлт өкілдерінің өскені қуантарлық жайт. Ана тіліміздің Мәңгілік Елдің Мәңгілік тілі екенін, сондықтан қазақ тілін даудың тақырыбына айналдырмай, оны ұлттың ұйытқысы ете білуіміз керектігі жөніндегі мәселелер өте орынды айтылған және қазақ тілі жанашырлары, ұстаздарға үндеу іспеттес.

Әрине, 12 жылдық білім беру жағдайында ең алдымен, білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалім өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап етеді.

Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бүкіл білім беру жүйесін жаңалауды, оны оқушылардың жас, жеке дара психологиялық және шығармашылық қабілеттеріне лайықтауды қажет етері сөзсіз. Баланың бойында оның өміріне қажетті іс – әрекет тәсілдері мен технологияларын қалыптастыруға, негізделген оқытуды ұйымдастырудың амал – тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау – қазіргі таңда кезек күттірмейтін көкейкесті мәселердің бірі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу

Автор: Канатова Айман Канатовна

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188675


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства