12 жылды? білімге к?шу- заман талабы т?ырыбында?ы ?з ж?мысында автор елімізді? егемендік ал?ан ал?аш?ы жылдары бар куш жігерімізді экономикалы?, ?леуметтік жа?дайларды к?теруге сал?анын,Ендігі ма?сат- сол экономикалы?, ?леуметтік даму ба?ытымызды? ?лем алдында?ы б?секелестікке т?теп беруі кректігін айт?ан. Сонды?тан заман талабына сай жа?а мазм?нда білім беруді ?йымдастыру 12 жылды? білім ке?істігіне шы?уда?ы ?аза?станны? жа?а ?лтты? білім модельін ?алыптастыруды? тиімді жолдарын ?арастырулда. 12 жылды? білім беруді? негізгі ма?саты – еліміздегі білім беру ж?йесінні? ??рлымымен мазм?нын толы?тай ?згерте отырып, заманына сай мектеп ??ру. Ал ол мектепті? жемісі- ?згермелі ?о?ам?а бейім, ?з ?абілеттерін толы? к?рсете алатын , ?зі ?шінде ?згелер ?шін де пайдалы екенін айтып ?ткен.
12 жылды? о?ыту?а к?шу ?аза?станды? білім беру реформасыны? стратегиялы? міндеттерін ойда?ыдай шешуге м?мкіндік береді. Алоны? м?нісі шы?армашылы? т?л?аны ?алыптастыру?а ба?ыттал?ан жа?а ?лтты? модельді дамыту?а «жалпы?а арнал?ан білім» ?лгісінен «та?дауы бойынша білім алу» ?лгісіне сапалы к?шуді ж?не ?леуметтік білім беру ке?істігіне енуді жылдамдататын тетіктіретін бірі осы жа?а ба?дарлама бойынша мектеп жа?дайында?ы о?ыту болып табылады. Дей келе автор 12 жлды? білім 3 сатыдан т?ратынына то?талды. Бірінші- бастауыш(1-4 сыныптар)сыныптарды? педагогтары оларды? о?у?а деген ынтасын арттыру?а к?п к??іл б?леді, екінші-(5-10)сыныптар о?ушыларыды? базалы? білімін аны?тап ?арым ?атынас м?диенетін , ?ылыми ?дістерді т?сінуге баулу, ал ?шінші- (11-12)сыныптар болаша? манады? та?дауды негізге алады. 12жылды? білім беру ж?йесіне к?шу – ?о?амда?ы ереулі ?згерістер мен адам арасында?ы ?арым- ?атынас ??ралдарыны? ?арыштап дамуына байланысты жа?а адамды ?алыптастыруды к?здеген заман талабы. ?лемдік білім ке?істігіндегі о?ытуды? озы? технологияларын ?амтитын жа?а білім мазм?ны шынайы жарыс, адал б?секеге ?абілетті адам т?рбиелеуді ?амтамасыз етуге тиіс. 12 жылды? мектеп о?ушысыны? моделі ?аза?станны? 12 жылды? білім беруге к?шуі,білім беруді? жа?а ?лтты? моделін жобалауды? стратегиялы? міндеттерін табысты шешуге,жалпы ?лемдік білім беру ?рдісінде 12 жылды? о?ытуды? орны ерекше.Б?л білім ?лгісін елдік д?ст?рмен ?штастырып отырып орындауды ?ол?а алып отырамыз.Елбасымыз Жолдауыны? негізгі ба?ыт-ба?дары да осыны міндеттейтінін айта келе реформаны? ма?ызын д?леледей т?седі. Л.С.Выготскиийді? айтуынша,бастауыш мектеп жасында?ыларды? интеллектісі интенсивті даму ?стінде ж?реді.Ойлауды? дамуы,е? бірінші,?абылдау мен есті? сапалы ?айта ??рылуына,оларды? ерік процесіне айналуына ?кеп со?ады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«12 жылды? білімге к?шу- заман талабы »
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қалалық №4 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Сағымбаева Кермахас
12 жылдық білімге көшу- заман талабы
Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар куш жігерімізді экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салдық. Ендігі мақсат- сол экономикалық, әлеуметтік даму бағытымыздың әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беруі. Елбасының сөзімен айтсақ , «Біздің стратегиялық міндетіміз-бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу». Ал өмір сүріп отырған қоғамның әлауқатын жақсарту және әлем елдерімен терезесі тең дәрежеде дамыту ондағы білім саясатының арқасында жүзеге асатыны белгілі.
Сапалы білім- ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім модельін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырулда.
12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты – еліміздегі білім беру жүйесіннің құрлымымен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Ал ол мектептің жемісі- өзгермелі қоғамға бейім, өз қабілеттерін толық көрсете алатын , өзі үшінде өзгелер үшін де құнды жеке тұлға болмақ. Мектепті бітірген әрбір тұлғаның мақсаты айқын міндеті нақты, өзінің қажеттілігін қанағаттандыруды көздейтін білім іздеуге қабілетті болуы тиіс. Сонда ғана ертеңінен үміт күттіретін өскелең ұрпақ өз елінің тәуелсіздік жемісін көрмек.
12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Алоның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық модельді дамытуға «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлеуметтік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктіретін бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады.Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болғанда осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республкасында Білім берудің дамытудың2015 жылғадейінгі тұжырымдамасынның өмірге келуі. Қазақстан Республикасының білім жәнеғылым қызыметкерлерінің ІІІ сьезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп модельі аңықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өзігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау керек» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.
12 жылдық білім берудің негізгі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді , шығармашыл бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыратын жалпы оқыту, білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілетімен әлеуметтілік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Кәзірдің өзінде 12 жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперементальды ұйымдар туралы оң деректер бар.
12 жлдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші- бастауыш(1-4 сыныптар)сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші-(5-10)сыныптар оқушыларыдың базалық білімін анықтап қарым қатынас мәдиенетін , ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші- (11-12)сыныптар болашақ манадық таңдауды негізге алады. 12жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы ереулі өзгерістер мен адам арасындағы қарым- қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 12 жылдық оқытудағы басты мақсаты -қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті. -өзін-өзі дамытуға -өз ойын еркін айта білуге -өз қалаумен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім -жоғары білімді шығармашыл дамыған түлғаны қалыптастыру. Алдымыздағы межеленіп отырған 12 жылдықбілім беру жоспарының ішіндегі бастауыш мектептегі оқыту жүйесі де басты назарда.Келешекте біздің қоғамымыздағы жеке тұлға қалыптастырудың негізгі міндеттерін бастауыш мектеп шешуші тиіс.Бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір көлемдегі білімі,білі дағдыларын меңгертумен бірге адам,қоғам,табиғат,қоршаған дүние туралы танымдарын қалыптастыру,жеке бастың қасиеттерін жан-жақты дамыту,жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелу-бүгінгі күннің ең басты мәселесі болып табылады.
Мектепте білім беру жауапты іс.Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:Ғасырлар мақсаты-қоғамның нарықтық қарым-қатынасқакөшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын,ізгіленген ХХІ ғвсырды құрушы,іскер,өмірге икемделген,жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру,-деп тұжырым жасады.
Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.Бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Бастауыш мектептің негізгі міңдеті –жеке тұлғаны дамытып,оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету,білімге деген сенімін нығайту,іскерлігі мен дуниетанымын қалыптастыру,оқуға деген қызығушылығын оятып,ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап,жан-жақты дамуын қамтамасыз ету ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінгенбалаәрқашан өмірде өз жолын таба алады .
Сондықтан да бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесіне ерекше мән беруіміз қажет. Білім негізі бастауышта қаланады. Бастауыш сынып мұғалімі ең алғашқы куннен бастап өз шәкіртерінің психологиясын жана-жақты зерттеп, одан әрі тілімен ойын дамытуға, еркін сөйлеп алуына, өз ортасына жақсы қарым-қатынаста болуына басты қадамбар жасап дамытудың жолдарың іздестіру керек. Бастауыш мектеп- баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлғаретінде өзін-өзі ашуға , жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Кәзіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін дайын білім көзі болмай , керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінгің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет . Бастауыш саты- баланың дамуын қалыптасатын бала үшін күрделі психологиялық кезең. Осы кезеңде мұғалімге улкен жауапкершілік жүктеледі. Бастауыш мектепке арналған жаңа оқу әдістемелік кешендерді даярлау, сынақтан өткізу және жүзиеге асыру кәзіргі кезде өзекті мәселе болып отыр. Білім сапасы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапалы даярлауына тәуелді екені сөзсіз.Бұл мәселе әсіресе, 12 жылдық білім беруге көшу кезеніңде өткір қойылуда.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 12 жылдық 1-2 сыныптарында оқулықтармен оқу әдістемелік кешендер сынықтан өтуде.Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшілігі-білімді қызығушылықпен алу.
Жаңа тақырыпты тусіну –ол қабылдаудан дерексіз ойлауға,білімді меңгеруге жолашады.Оқушы көп нәрсені тусінбей есте сақтуы да мүмкін,бірақ бұл жолдамуға жеткізбейді.Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір әрекетттердің орындалуын қажет етеді:сараптау,жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру,нақтылау, дәйек,дәләл келтіру,қорыту.Бала тақырыпты жақсы тусінсе,білім білік дағдыға айналып жақсы меңгеріледі.Меңгеру нәтежиесі болып затттардың құбылыстардың,үрдістердің мәе мағынасы туралы оқушыларға ұғымдар туралы түсінік калыптасуы табылады.
Осы меңгерілген ұғымдар,түсініктер бекіту кезіңде өтілгенматериалдарды тәжірбиеде қолдану барысында жетіледі.Мұғалім бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс.Қорыту кезеңінін мақсаты-білім,білік,дағдыны жалпы бір жүйеге келтіру.
12 жылдық мектеп оқушысының моделі
12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі- қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарынды «адамгершілік проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адамгершілік проблемасы» қазіргі ғылыми білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете батады. Білім берудің мақсатында- адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда. Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында, әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен- биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған. Жеке адамды жан жақты үйлесімді дамыту қай кезде білім берудің мақсаты. Дегенмен:
Бұрын
Қазір
Тұлға типтік құбылыс, бұқаралық мәдениеті жеткізуші және білдіруші.
Жеке адамды дамыту.
Білім беру-мектеп оқушыларының негізгі білімдерді меңгеруіне мемлекеттік тапсырысты орындауға бағытталады.
Нақты тұлғаның даралығын білім беру процесінде іске асыру мәселелері шешімін табады,балаларға дайын білім береді.
Білім алу тек нәтиеже ретінде қарастырылады.
Оқытуда интуитивтік ойлау қолдау таппайды.
Негізінен жас шамасына қарай бақылайды.
Әлеуметтендіру мәселесі шешілмеген.
Мақсатқа жету үшін «жан жақты дамыған тұлға» түсінігінің мәнін жете түсіну керек.
Ұрпақты адам тұжырымдамасы тұрғысынан жүргізілетін прогрешіл педагогика негізінде оқыту.
Оқытудың мазмұнын, нысандарын , әдістерін өзгерту.
- Оқыту── тәрбиелеу ── ағарту.
↓ ↓ ↓
Білім, білік, әлеуметтік мәдениетке
Дағдылар процесі кеңінен тарту процесі
- Жан жақты рухани қажеттіліктерге ие, негізгі әлеуметтік функцияларды іске асыруға даяр, жеке және қоғамдық мүдделерді ұштастыра алатын, интеллектуалдық, адамгершілік , физиологиялық жағынан дамыған тұлғаны тәрбиелеудің негізін қалауға оқушылардың өзін өзі тәрбиеленуіне, өздігінен білім алуына және кәсіптік даярлығын таңтау жолдарын обьективті түрде бағалай,саралай білуіне ықпал ету.
Ана тіліміздің мемелекеттік мәртебеге ие болуы,ұлттық мектептердің кеңінен ашыла түсуі пән мұғалімдеріне күырделі міндетті жүктеп отыр.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.Заман ағысына сай технологияларды қолдану арқылы,түрлері өзгеріп отырады.Республикада оқыту мазмұны жаңартылып,жаңа жүйеге көшуін,әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін,батыл шығармашылық ізденісің,оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.Сондықтан,мұғалім өз білімін жан жақты жетілдіре отырып,оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан.Ұлы неміс педагогы А.А.Дисвтервег «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлауға үйретеді»-деген.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу- білімнің , соның ішінде болашағымыз –бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік ой білімін жан жақты дамыған,білімді де білікті тұлғаны дайындап,тәрбиелеу –аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі,ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркеиет алға дамымақ.Осыған орай 12 жылдық мектеп бастауыш сыныптарына арналған бағдарламаларда бұрынғыға қарағанда бірқатар ерекшеліктер бар.Бұл ерекшеліктерді эксперимент барысында сынақтан өтіп жатқан бастауыш сыныптардың базистік оқу жоспары,жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының нұсқалары,сыныптарға арналған оқу әдістемелік кешедер,оқыту процесін ұйымдастыру түрлері,десауулық сақтау педагогикалық технологиясын қолдану тәсілдерін көруге болады.
Білімді меңгеру белгілі әрекет үстінде жүзеге асады.А.Науменo «Ойын арқылы адам әлемді таниды,біліктілікті игереді,білім алады»-деп,өте орынды атап өткен.
Мұғалім оқушыға сұрақтар қою,әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не білед,қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды.Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді:
-баланың қазіргі білімі мен білімді қабылдауға қаншалықты жеткілікті екенін анықтау;
-олардың білгенін еске түсіру үшін қандай тәжірбиелік материал,жаттығулар ұсыну;
-жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың сезімін ояту.
Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады.Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы-осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу.
Л.С.Выготскиийдің айтуынша,бастауыш мектеп жасындағылардың интеллектісі интенсивті даму үстінде жүреді.Ойлаудың дамуы,ең бірінші,қабылдау мен естің сапалы қайта құрылуына,олардың ерік процесіне айналуына әкеп соғады.
Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі,білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге,жалпы әлемдік білім беру үрдісінде 12 жылдық оқытудың орны ерекше.Бұл білім үлгісін елдік дәстүрмен ұштастырып отырып орындауды қолға алып отырамыз.Елбасымыз Жолдауының негізгі бағыт-бағдары да осыны міндеттейді.
Қолданған әдебиеттер тізімі;
1 «12 жылдық білім беру» журналы,2006 №6,7,11
2 Л.А. Байкова «Педагогикалық шеберлік және педагогикалық технологиялар»
3 Э.Ш.Натанзион «Педагогикалық ықпалдың әдістері»
4 «Бастауыш мектеп» журналы
5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.Астана,2006.(Жобасы
6 Т.С.Садықов 12 жылдық білім методологиясы Алматы,2004 жыл
7 Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журнал «12 жылдық білім беру» 2006,№4,5,9 , 2007 №2,3,12