«?стазды? биігі ойлана ?араса? биіктей береді, ??іле ?араса?, тере?дей береді, ?ол созса? ?арсы алды?да, айналса? арты?да т?р?андай»
Сократ.
?азіргі ?аламдану заманында елімізді? ?леуметтік-экономикалы? дамуы, индустрияны? ?арыштап ?суі, ?лемдік де?гейге к?теріліуге бет б?руы кезе?індегі ?лтты? м?дени- тарихи, рухани ??ндылы?тарымызды бойына сі?ірген азаматтар?а ?о?амны? с?ранысыны? ?суі мектептерде жас ?рпа? бойына ?лтты? ??ндылы?тарды сі?іре отырып, білім жетістіктерін ?ркениетті елдерді? білім де?гейіне к?теру ?ажеттілігін ал?а тартады.
?аза?стан Республикасыны? Президенті Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына жолдауында- ?аза?станны? б?секеге на?тылы ?абілеттілігін ?амтамасыз етуге м?мкіндік беретін аса ма?ызды ??ралдарыны? бірі- деп атап к?рсетілген. Б?секеге ?абілетті 50 елді? ?атарына ?осылу?а жастар?а білім беруді? ма?ызы ерекше. Осы?ан орай о?ушыларды? білім жетістігін ?ркениетті елдерді? білім де?гейіне к?теру, н?тижеге ба?дарлап о?ыту, ?лтты? ??ндылы?тарды о?ушылар бойында ?алыптастыру, білім беруді ізгілендіру, о?ушыларды? жас ерекшеліктерін ескеру, фундаметальді білім беру, ?азіргі о?ыту технологиясын жетілдіру ж?не т.б. басым ба?ыттарды 12 жылды? мектепті? бастауыш сатысында?ы п?ндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, о?у ба?дарламасын жетілдіруде басшылы??а алуды? ?ажеттілігі туындап отыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«12 жылды? о?у ж?йесін енгізу»
12 жылдық білім берудің ерекшеліктері
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»
Сократ.
Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтеріліуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі- деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаметальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттілігі туындап отыр.
Қазір өркениетті елдерде білім берудің аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұрғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интелектуалды деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.
Бастауыш саты- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,- деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Әрбір бала- бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Мектептегі сынып жетекшілер алдындағы (проблема) міндеті: халықтық педогиканы пайдалана отырып, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі- 12 жылдық оқыту моделі. Осы бағытта ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу саласында 12 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша, біздің Ғани Мұратбаев мектеп-гимназиясында Бұйрық № 151 § 2 07.07. 2003-2004 жылы эсперимент сыныбы ашылды. Қазір олар 8-ші сыныпта дәріс алуда, білім сапасы мен тәрбиесі жақсы. 6 жасар мен 7 жасар балалардың айырмашылығы, 6 жастағы балалар айтқанды тез ұғады және тез ұмытады.Бірақ білім алуға деген құштарлықтары зор.Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Мұғалім жұмысындағы, әсіресе сабақ беруіндегі басты ерекшеліктері:
Ақпараттық – коммуникативтік мәдениетін,
Зерттеушілік мәдениетін,
Өмірлік білімнен өмір бойы білім алуын,
Техникалық мәдениетін қалыптастыруыды қажет етеді.
Еліміздің егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерулермен тығыз байланысты.
Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым- оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етді.
Жаңа технология мен жаңа ақпарат көздерін күнделікті сабағыма енгізіп отырып, алдыма мынадай мақсат қойған едім. Біріншіден, оқушының жас ерекшелігін ескеру, екіншіден, оқушылардың қабілет деңгейін анықтай отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, ойлау қабілеттерін арттыра түсу, ата-анасымен байланысты нығайту арқылы әр оқушы стандарт көлемінде тиянақты білім алып шығуға көңіл бөлу. Қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру.
1-ші сыныптан бастап математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, қоршаған дүние пәндерінде дамыта оқыту технологияларын қолдандым. Бұл технологияны сабақта қолдана отырып, мынадай тиімді жақтарын барын байқадым:
1. Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
2. Жеке дара қабілеттері айқындалады.
3. Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады.
4. Сабаққа деген қызығушылығы артады.
5. Шығармашылық жұмыстар топпен, жұппен, жеке дара жүргізуге дағдыланады және т.б.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңдағы мұғалім тек білім беруші емес, білім алуды ұйымдастырушы болып танылады.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі- әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар:
дені сау
шығармашыл
Мен жеке тұлғамын белсенді
жоғары интелекті
терең білімді.
кәсіби сауатты
Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады.
Сонымен қатар, қазақстандық білім беру үрдісінде соңғы уақытта, көбінесе, оқушының жалпы білім, білік, дағдысын қалыптастыру ғана басты назарда болып келеді. Оқу –тәрбие процесі баланың жеке ерекшелігі ескерілмей құрылады.
Қазіргі білім беруде біршама өзгерістер болуда. Оның кейбір тұстары ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде. Жоғарыда аталған мәселені шешу мен қайшылықтарды жоюдың тиімді жолдарының бірі-білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағдарланған тәсілдің дүниеге келуі.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қалыптастырады.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалары бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет- баланың жалпы және өзіне өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Бала оқу үрдісінде субъектіге айнала отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Педагог оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.
Жаңа білім сапасының жетістігі оқушының жемісті іс-әрекетіндегі әлеуметтендірудің құралы болып табылады. Ғылыми және жоғары технологиялық өндіріс жағдайында жастардың ғылыми, технологиялық, гуманитарлық дайындығына қойылатын талап жоғарылап отыр. Танымдық қабілеттер мен жалпы оқу білім, білік дағдыларын дамытудың негізі болатын орта білім берудің маңызы артуда. Орта білім берудің құрылымын жаңарту оқушының қызығушылығын, қажеттілігі мен мүмкіндігін кеңірек ескертуге, оқыту деңгейі бойынша оқу материалын ұтымды бөлуге, білім мазмұнының құрамдас бөліктерінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтарды жоюға, жеке оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сондықтан 12 жылдық білім беруге көшу қазақстандық білім жүйесін реформалауды, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен» «білім әркімге өмір бойы» үлгісінде сапалы түрде көшуді және әлемдік білім кеңестігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
12 жылдық жалпы білім беру мектебі «Жеке тұлға жетістігі» негізгі идеасы үлгісімен таңдалынып алынды.
12 жылдық оқытудағы негізгі әдістер: оқушының жеке бас ерекшелігін, ішкі қажеттіліктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу.
12 жылдық оқытудағы басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
2003 жылы эксперимент сыныбы ашылды.
Бала мектепке 6 жастан барады
«Алматыкітап баспасынан шыққан
оқулықпен оқиды. Жеңілден ауырға
принципі бойынша жасалған .
12 жыл оқиды.1 сыныпта сабақ 5 күндік,
12 жылдық білім берудің баға қойылмайды, ауызша бағаланады
ерекшеліктері Денсаулығын сақтау (сергіту сәті, психолог,
медбикелердің жұмысы)
Шығармашыл (зерттеуге оқыту пәні)
Өз бетінше білім алу(зерттеу пәнінің әдістері)
Бағалау өз бетінше бағалау
өзін -өзі бағалау
портфолио
12 балдық жүйе
Білім мазмұнының жаңаруы
(зерттеу, авторлық бағдарлама)
Жаңа нәрсені көру үшін жаңа нәрсе ойлап табу керек.
Зерттеушілікке оқыту – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.
Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол- белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл –адамның танымдық әрекеттерінің бірі.
Осылайша, жобалау мен зерттеу – басынан –ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше.
Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы – жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді.
Жобаны әзірлеу- әдетте шығармашылық іс, бірақ шығармашылық ақиқатты іздеу міндеттерінен тыс түрлі сыртқы жағдайларға байланысты болады. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер мен сызбалардың көмегімен орындауға естен шығармаған жөн.
Жобалаудың проблеманы шешу жолына қарай шегі болғанымен, зерттеу сияқты тереңдей береді.
Зерттеу мен жобалау мүмкіндіктерін бағалай келе, баламен жұмыс барысында жобалау әдістері мен зерттеушілікке оқыту әдістерінің пайдасын түсіне білу керек. Жобалаумен қатар, зерттеушілік жұмыстарды орындауға болады. Әдістемелік тұрғыда жобалау әдісі бойынша жүргізілетін зерттеудің шынайы болжам жасаудың, олардың нәтижелерін жоспарға сәйкес тексерудің нақты жоспарын құруды көздейтінін ескеру қажет.
Ал зеттеушілік еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс.
Нәтижесі туралы сөз болғанда ескеретін жағдай, зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже- баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілетін; алынған материалдарды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оның кішкентай ғана зерттеу нәтижесін басқалармен шатастыруға болмайды.
Мұғалім үшін нәтиже- баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес, оның өз бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмысы, жаңа білімі мен білігі, жай орындаушы ғана емес, анық шығармашылық психикалық жаңа көзқарасы.
Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:
1) оқушылардың өз бетінше әрекет етуге үйрету;
2) нақты нұсқауларға қарағанда баланың ұсынысына көңіл аудару.
3) Талқылау кезінде баға беруге асықпау.
4) Білім алу барысында балаларға көмектесу:
- өз бетінше проблеманы шығару;
- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;
- пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау;
- ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;
- өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну.
5) Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.
Оқушының зерттеу әрекеті процесін мынадай бірізділікте көруге болады:
1) зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау;
2) зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу міндеттерін анықтау);
3) зерттеу әдістерін таңдау;
4) зерттеуді жүргізу (ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау, эксперимент, т.б.);
5) алынған материалды талдау және тарату (алынған материалды белгілі ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру);
6) қорытындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау, т.б.);
7) презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру);
8) аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау. Рефлекция.
Сонымен, оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады.
Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Шығармашылық зерттеушілік –ізденіс кез келген кәсіптің ажырамас бөлігі. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.
Зерттеу негіздері бағдарламасының жобасы жасалды. Зерттеуге оқыту пәні бойынша 1-4 сыныптар аралығында күнтізбелік жоспар жасалды. Мектепішілік (мен зерттеуші боламын) тақырыбында 10 оқушы жұмысын қорғап, мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудан көлемінде 4 оқушы жұмысын қорғап, бас жүлде, І-ІІ орындарды иеленді.
Ал енді «Портфолио дегеніміз не?» деген сұрақтың басын ашып алуымыз керек.
Бастауыш сынып портфолиосын жүргізудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
· Әр оқушы үшін табысты жағдай жасау, өзін-өзі бағалау, өзіне сенімділігін жоғарлату;
· Әр баланың жеке қабілетін ең жоғары шегінде ашу;
· Өз бетінше танымдыққа дайындығын қалыптастыру және оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту;
· Шығармашылық іскерлікке қалыптастыру және дамыту;
· Жеке тұлғаның рухани және адамгершілік қасиетін қалыптастыру;
· Рефлексия біліктерін білу, қызығушылығын, бейімділігін, шеберлігін қалыптастыру және ұштастыру;
· Өмірлік идеяларды қалыптастыру, өзін-өзі кемелдендіруге ынталандыру.
Портфолио тұжырымдамасы
· Портфолио- болашақта белгілі бір оқушының оқудағы жетістіктерін жинақтау ретінде тұрақты және ұзақ уақыт білім алудың нәтижесін байқатады.
· Мектеп бітірушінің портфолиосы біріңғай емтиханның нәтижесіне немесе жоғары оқу орнына түсудегі емтиханға толықтыру қызметін атқара алады, себебі абитуриент туралы ақпараттың аздығын толығымен жабады.
· Портфолио материалы бір жыл емес, барлық оқыту кезінде жинақталады.
· Портфолио оқушының оқу шығармашылығының әлеуметтік және басқа іс-шараның барысында жасаған өнімі бойынша білім беру нәтижесінің аутентикалық бағалау түрі болып табылады.
Құжаттар портфолиосы
Портфолио түрлері Жұмыс портфолиосы
Пікірлер портфолиосы
Бұның бәрі не үшін қажет?
· Қызығушылығын артырады
· Бағалау дағдыларын дамытады.
· Мақсат қояды, жоспарлайды және оқу ісін ұйымдастырады.
· Табысты мамандандыру үшін толықтыру құжаты болып табылады.
Сыныбымызда оқушыларға арналған «Оқушы портфолиосы» жасалды. Сол портфолио бойынша жұмыс жүргізілуде.
Болашақ 12 жылдық мектептегі білім сапасы –экономикасы дамыған демократиялық қоғам жағдайында әр түрлі салада мәселені өздігінше шешуге мүмкіндік жасай алатын оқушылардың білім алу нәтижесінде жеткен жетістігі деп түсінеміз.
«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді,
білімді және денсаулығы мықты азаматтар.»
Н. Назарбаев
ҚР білім беру кеңістігінде барлық деңгейдегі сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім берудің ұлттық моделін дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда.
Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, қабілетті, дербес келген жеке тұлғаны қалыптастыру.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы орта білім беретін мектептер жөніндегі мәселелерді тиімді шешу арқылы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу көзделген.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшудегі бірінші сатыдағы негізгі бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал етуді көздейді.
Елбасымыз Н.Назарбаев 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету жолындағы басым бағыттарды айқындап берген болатын. Соның ішінде, білім беру жүйесін дамытуды басты бағыттардың бірі деп атап көрсетіп, алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін Ұлттық білім берудің барлық деңгейінде сапаны жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқаруымыз керек екендігін тапсырды.
Қазақстанда білім беру жүйесін модернизациялау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен олардың нәтижелері елімізде білім беру реформасының жаңа кезеңге өтуге бет алғанын көрсетуде. Елбасымыздың тапсырмаларында көрсетілгендей қазіргі мектеп партасында отырған балалар ертеңгі күні әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалды және әлемдік стандартқа енуге бағыт алып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қолға алынуда.
Халықаралық стандарт бойынша жалпы орта білім беру 12 жылдыққа негізделген. Еуропа Кеңесінің университет проблемалары жөніндегі тұрақты конференциясы 1992 жылы қабылдаған декларациясында “әлемдік тәжірибеде 12 жылдық орта білім беру жүйесі ең таңдаулы болып саналады” деп жазылған. Бәлкім содан болар, әлемнің дамыған елдерінің 80%-дан астамы осы 12 жылдық білім жүйесінде білім береді. Бұл – соңғы 20-30 жылда ғылым мен техниканың дамып, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әр түрлі саласына кеңінен енгізілуіне байланысты туындап отыр. Ендеше біз де әлемдік кауымдастықтың бір бөлігі ретінде бұл мәселеден шет қалмауымыз керек. Керісінше, әлемдік деңгейде Қазақстанды көрсету бағытында мейлінше алға ұмтылуымыз керек.
Осыған байланысты қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Ағымдағы жылы ҚР Үкіметі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе «Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын» жасақтады. Бұл бастауыш білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім беру үрдісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады.
Қазір қолданыста жүрген стандарт мұғалімге бағытталған, яғни көп ақпаратты педагог айтады, бала кітаптан ғана оқып шектелетін еді. Ал жаңа жүйе оқушыға бағытталады, бала өз бетінше ізденіс жасап, сондай-ақ ғаламтордан әртүрлі ресурс құралдарын пайдаланып, бірінші сыныптан бастап зерттеуге деген дағдысын қалыптастыруға жол ашады.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты – әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірге белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау, яғни адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Қазіргі қоғамның жаһандануы, адам ресурстарының мобильділігі, қолжетімді және алуан түрлі ақпаратқа көшу, бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялар ықпалының артуы, ғылымдағы инновациялар – осылардың бәрі уақыт талабы болып отыр.
Сондықтан, осы болып жатқан болып жатқан өзгерістерге дайын болу үшін, ең алдымен білім беру жүйесіне ықпал ететін факторларға тоқталып кетуіміз керек. Қазіргі таңда ғылым мен білім тұрақты жаңаруда, техника мен технологиялардың жылдам даму қарқыны байқалады, сонымен қатар қазіргі кезеңде белгілі бір сала мамандықтары бойынша берілетін стандартты біліктіліктің жұмысқа орналасуға жеткіліксіздігі байқалып отыр. Ол үшін орта білім берудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілі жаңартылуы керек. Оқушылар бойында көшбасшылық, бастамашылық және кәсіпкерлік дағды, икемділік, кез-келген туындаған мәселені шеше білуге, ұжымдық жұмыс ұйымдастыра білуге, өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты және анық білдіру қасиеттеріне баулуымыз керек.
12 жылдық білім берудің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне және шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал етпек.
12 жылдық білім жүйесі бойынша, бала мектепке 6 жасынан баратын болады. Бастауыш білім беру жүйесі 1-4 сыныптар аралығында болса, 5-10 сынып оқушылары толық орта білімге ие болады. Ал 11-12 сыныпта оқушылар қандай да бір профиль арқылы белгілі бір мамандыққа бейімделеді.
Мамандардың зерттеулері бойынша 12 жылдық білім беру жүйесінің төмендегідей артықшылықтары бары анықталды:
Мектепті бала денсаулығына кері әсер етіп отырған бүгінгі ауыртпашылықтан құтқарудың жолы. Соңғы 15 жылда мектептегі сабақ кестесі ауырлап кеткен. Бұл балалардың денсаулығына кері әсер ете бастаған. Мектеп түлектерінің 10%-ының ғана денсаулығы қалыпты нормаға сай көрінеді. Оқушылардың 15%-да жүйке ауруларына шалдығу, 50%-да әртүрлі созылмалы ауруларға ұшырау фактілері анықталған. Сол себептен шектен тыс сабақтың ауырлығын 12 жылдық білім беру жүйесі жеңілдетері сөзсіз.
Білім беру мазмұнын жаңарту. Соңғы жылдардағы сараптау қорытындылары көрсетіп отырғанындай, Кеңестік білім беру жүйесі өзге өркениетті мемлекеттердің білім беру стандарттарына жауап бере алмайтындай деңгейге жеткен. Әсіресе, математика, жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру мәселесіне келгенде Қазақстан көптеген мемлекеттердің көш соңында тұр. Бұл білім жүйесінде информатика, экология, өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері енгізілмеген, гуманитарлық пәндердің тәрбиелік мүмкіндіктері бағаланбайды.
Материалдық-техникалық базаны жаңарту. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқылы біз бүгінде талапқа сай келмейтін материалдық-техникалық базаларымызды жаңартатын боламыз.
Жұмыссыздықты азайту – 12 жылдық білім берудің басты артықшылығы болып саналмақ. Бұл жүйе бойынша орта мектепті тәмамдаған жас жеткіншек жоғары немесе арнайы оқу орнына түсе алмаса, қол қусырып үйде отырмайды. 12 жылдық мектепте алған кәсіптік мамандығы бойынша, еңбек істеуге қабілетті болады.
Әрине, бұл сараптауларға қарасақ, 12 жылдық білім берудің артықшылығы көрініп тұр. Біз білім берудің жаңа жүйесіне көшуге дайынбыз ба? Ол үшін облыста қандай жұмыстар жасалып жатыр деген сұрақтарға тоқталып кетейік.
Білім және ғылым министрлігі тарапынан қойылған тапсырмаларды орындау үшін ұлттық білім берудің барлық деңгейлерінде сапаны жақсарту бағытында жергілікті атқарушы органдармен 2014-2016 жылдарға арналған 3 жылдық меморандум, 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі 2014-2027 жылдарға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 04.07.2014жылғы №263 бұйрығы негізінде облыстағы екі мектеп бастауыш 12 жылдық білім берудің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу бойынша тірек мектеп болып белгіленді. Олар: Ақтау қаласының №11 мамандандырылған физика-математика мектебі және Түпқараған ауданының М.Горький атындағы мектеп-лицейі.
12 жылдық оқу жүйесін енгізу бойынша 30 сынақтан өткізетін мектептердің бірі – Ақтау қаласында орналасқан №11 мамандырылған физика-математика мектебі мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жабдықталған. Алдағы 2015-2016 оқу жылында 1-сыныптар бойынша 5 сынып комплектісін ашуға жоспарлануда.
Мектепте 21 мұғалім «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарында және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары педагогикалық шеберлік орталығында деңгейлік бағдарлама бойынша курстардан өтіп отыр.
Мектептің материалдық-техникалық базасын 40 оқу кабинеті, 2 лаборатория кабинеті, 2 мультимедиялық-лингофондық кабинет, 1 химия кабинеті, 1 физика кабинеті, 1 биология кабинеті, 9 интерактивті тақта, 100 орындық асхана, лицензиясы бар 1 медкабинет, спортзал, 30 орындық мектеп жанындағы шағын орталық, 1 психологтың кабинеті, 2 информатика кабинеті, дарынды оқушыларға арналып жабдықталған 1 медиатека кабинеті құрайды. Оқушылардың және мұғалімдердің ақпарттық білім беру ресурстарын пайдалануы үшін компьютерлер интернет желісіне қосылған. Мектептің жобалық қуаты 920 оқушыға арналған. Оқу процесі екі ауысымда жүреді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз», – деп атап айтты.
Ендеше жеке тұлғаның жан-жақты өсуіне біз, ұстаздар, тікелей жауаптымыз.
Сондықтан да, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог – ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс. Ол – оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі, оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына кешенді тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен тәжірибелік іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалар – адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.
«Білекке сенген заманда-ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда,…Қапы қалып жүрмелік», – деген ұлы көреген Абылайханның ой-тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған өзекті мәселені шешуде баршамызға ұран болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж.
ҚР «Білім туралы» Заңы, 27.07.2007 ж.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012 – 2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспары. ҚР Үкіметінің Қаулысы 06.2012 ж. №832. Астана, 2012 ж.
Оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейтудің типтік кешенді жоспары, Тәрбие тұжырымдамасы. (2012 жылғы 26 маусымдағы №873 ҚР Үкіметінің Қаулысы)
12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, Астана, 2006 ж.
Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты. 2014 ж.